Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
проф каз яз ПД.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
300.03 Кб
Скачать

Студенттердің ағымдық үлгерімі мен сабаққа қатысуын бағалау өлшемдері

1. Дәріс:

- Дәрісте белсенділік танытуы мен қатысқаны үшін 100 % (дәріске қатысқаны үшін берілген есеп бойынша қойылатын баға бөлігі 20%. (100 % х 0,2). Дәріске қатыспауы 0 %.

2. Студенттердің өз бетінше жұмысы (СӨЖ).

- СӨЖ- дің сапалы және уақтылы орындалуы (пәнге байланысты силлабусқа сәйкес) – 0- ден 100 % -ға дейін. (СӨЖ- дің сапалы және уақтылы орындалуына байланысты есеп бойынша қойылатын баға бөлігі 80%. (100 % х 0,8). Тапсырмалар СОӨЖ уақытында тапсырылады.

Дәріске қатысу мен СӨЖ тапсырмаларының орындалуына байланысты орта арифметикалық есеп бойынша баға қосылып, 100 % -ға дейін қарастырылады. (Бір баға ретінде).

Дәріс жүргізілмейтін пәндерде (шетел тілдері, информатика және т.б.) СӨЖ- дің сапалы және уақтылы орындалуына байланысты баға қойылады (0- ден 100 % -ға дейін).

3. Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтар:

- Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтарда белсенділік танытқаны үшін – 21 - 100 % -ға дейін.

- Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтарға қатысқаны үшін -20%

- Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтартарға қатыспағаны үшін - 0 %.

- Семинар (практикалық, лабораториялық) сабақтардан үлгерімі мен қатысуына байланысты бағалары қосылып журналға 20 - 100 % -ға дейін баға қойылады.

Сабаққа қатысқаны үшін және сабақ үлгеріміне бағалар әр сабақта қойылады. Сабаққа қатысуы мен сабақ үлгеріміне байланысты бағаларының нәтижесі оқу кезінде жиналған орта арифметикалық есеп бойынша рейтинг аптасында шығарылады.

Оқу пәнін бақылаудың түрлері

Бақылау түрлері:

Ағымдағы бақылау: библиографиялармен жұмыс істеу, белгілі бір тақырыпқа сәйкес дөңгелек үстелдер өткізу, тренингтер, реферат жаза білу, тақырыпқа сәйкес баяндама жаза білу, СӨЖ тапсырмаларын орындау.

Аралық бақылау (коллоквиумдер, жазбаша бақылау жұмыстары): ауызша әңгімелесу, реферат жазу, лексика-грамматикалық тестер мен тапсырмалар.

Қорытынды бақылау: емтихан – ауызша және жазбаша түрде

Студент практикалық сабақтарға толық қатысуы керек, СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында тапсыруы керек. Келмеген сабақтардың тапсырамаларын басқа белгіленген уақытта тапсыруы керек. Барлық сабаққа дайындалып келуі керек. Ол сабақтар тексеріліп отырады және ол бағалар қорытынды бағаға әсерін тигізеді.

Коллоквиум тапсыруға қойылатын талаптар : қойылған сұрақтарға жауап бере білуі керек.

Жазбаша бақылау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Студент өтілген тақырыпты меңгеруі тиіс, берілген тақырыпқа жазбаша баяндама жасай білуі керек.

СӨЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар: әр студент тапсырманы жеке орындауы шарт және тапсырмалар белгіленген кесте бойынша тапсырылады.

Реферат жазуға қойылатын талаптар: реферат жазуда оның жазылу құрылымын, ресімделу тәртібін қатаң сақтай білу керек (жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі) Сыртқы беті стандарт бойынша компьютерде терілуі керек. Әдебиет тізіміне сілтемеде қолданылған дереккөздер кіреді. Орындалған жұмыстың көлемі басылған 15-20 беттен тұрады.

Емтихан тапсыруға қойылатын талаптар:

Емтихан кешенді 2 кезеңде тестілеу түрінде өткізіледі. Қорытынды емтихан барлық өтілген материалды қамтып, студенттің білімін бақылауға арналады.

Қорытынды баға аралық бақылау мен емтихан бағасының қорытындысынан тұрады.