Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус_Жаза таг._2_2013_каз.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
351.74 Кб
Скачать

Глоссарий

Қылмыстық жауаптылық – қылмыстың жасалуына байланысты адамды жеке басының, мүліктік немесе моральдық құқықтарынан айыруға айырудан тұратын заңи жауаптылық түрі.

Жаза – соттың үкімінде қылмыстың жасалуына кінәлі деп танылған адамға мемлекет атынан тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Жаза тағайындау - соттыњ ќылмыс жасауѓа айыпты деп танылѓан адамѓа жаза т‰рі мен мµлшерін тањдауы.

Жаза таѓайындау қағидалары - жаза таѓайындау саласындаѓы сот ќызметін аныќтайтын негізгі басым идеялар.

Жаза тағайындаудың жалпы негіздері - кез келген ќылмыс ‰шін жаза таѓайындау барысында сот міндетті т‰рде басшылыќќа алуѓа тиісті ќылмыстыќ зањда бекітілген ережелер (талаптар).

Ерекше мән-жайлар - қылмыстыњ жєне оны жасаѓан адамныњ ќоѓамдыќ ќауіптілік дєрежесін елеулі т‰рде тµмендететін мєн-жайлар.

Қылмыстардың жиынтығы – бір адамныњ ЌК-тіњ Ерекше бµлімініњ т‰рлі баптарында немесе баптарыныњ бµліктерінде кµзделген екі немесе одан да кµп ќылмысты жасауы, егер ол сол ќылмыстардыњ бірде-біреуі ‰шін сотталмаѓан болса.

Үкімдердің жиынтығы - сотталѓан адамныњ ‰кім шыѓарылѓан соњ, біраќ жазаны толыќ µтегенге дейін жањадан ќылмыс жасауы.

Қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту – адамның қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекетін немесе әрекетсіздігін) жасауға дайындалуын немесе оны жасауын осы әрекеттерін аяғына дейін жеткізу мүмкіндігінің бар екендігін сезіне отыра өз еркімен және біржолата доғаруы.

Қылмыстық жауаптылықтан босату – мемлекеттің қылмыс жасаған адамды жауаптылыққа тартудан бас тартуы.

Шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеуден босату – түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейтiн адамды сот құқық бұзбайтын мiнез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелiк iс-шараларға белсендi қатысқаны, қылмысынан келтiрілген залалын өтеу жөнiнде шаралар қолданғаны негізінде жазасының өтелмеген бөлігінің шартты түрде қысқартылуы.

Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату – ҚР ҚК-нің 65-бабына сәйкес кішігірім ауырлықтағы немесе ауырлығы орташа қылмысты бірінші рет жасаған және айыбын мойындап өз еркімен келген, сол сияқты қылмыстың ашылуына жәрдемдескен, қылмыстың келтірген зардаптарының орнын өтеген адамды қылмыстық жауаптылықтан босату түрі.

Қажетті қорғану – қорғанушының өзінің немесе басқаның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жерін немесе басқа да құқықтарын, мемлекет пен қоғамның заң қорғауындағы мүдделерін қоғамдық қауіпті шабуыл жасаушы тұлғаға тікелей зиян келтіру арқылы заңда көзделген қорғану шектерінен аспастан қорғауға құқығы.

Қажетті қорғану шегінен асу жағдайында қылмыстық жауаптылықтан босату – қылмысты өзіне немесе басқа адамдарға қарсы орын алған қоғамдық қауіпті шабуыл салдарынан туындаған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан, сол сияқты тұтқиылдан болған шабуыл салдарынан қажетті қорғану шектерінен асуға жол берген адамды қылмыстық жауаптылықтан босату түрі.

Рақымшылық – қылмыс істеген адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату және жазасын өтеуші сотталғандардың жаза мерзімі мен мөлшерін қысқарту мақсатында адамдардың нақты айқындалмаған тобына қатысты мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы органы қабылдайтын акт.

Кешірім беру – соттың заңды күшіне енген үкімінде тағайындалған жазасын өтеуші нақты адамды жазасын әрі қарай өтеуден босатуға немесе қысқартуға, сол сияқты жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға, соттылығын жоюға бағытталған ҚР Президентінің қабылдайтын актісі.

Жазадан босату – мемлекеттің қылмыстың жасалуына соттың айыптау үкімінде кінәлі деп танылған адамды жазалаудан немесе оның сот үкіміндегі жазаны нақты өтеуінен босатуы.

Мерзімнің ескіруі – қылмыс жасалуының құқықтық салдарының орын алуына заңи негізді жоятын уақыт мерзімі.

Жағдайдың өзгеруі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани жағдайларының өзгеруіне байланысты жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін жоятын немесе кінәліні жауапқа тарту уақытына қарай тұлғаның қоғамдық қауіптілігінің жойылуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату түрі.

Жәбірленушімен татуласу – онша ауыр емес немесе басқа адамға қаза келтіруге байланысты емес ауырлығы орташа қылмысты бірінші рет жасаған адамды жәбірленушіге келтірген залалының орнын өтеуіне, онымен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату түрі.