Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модульная книга 4 (каз).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
709.63 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«Бекітемін»

«ЖББПжТДЖМ» директоры

_______________ Жолаев Р.К.

«____» _________ 2014 ж.

Модульдік кітап

Модульдің атауы: Қазақстандағы тұрақты өмір

Шығарылған мерзімі:

Нұсқасы:1

Еуропалық кредиттер саны – 11

Студенттердің сағаттық жүктемесі – 315 сағат

Орыс тілі – 135 сағат

Қазақстандағы тұрақты даму және экология – 90 сағат

Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері – 90 сағат

Дене тәрбиесі – 30 сағат

Астана – 2014

Модульдің жауапты үйлестірушісі Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы

Модульді үйлестірушісінің электрондық поштасы __ _karlygash-23@mail.ru

Модульді үйлестірушісінің телефон нөмірі 8775 391 82 05

Модуль координаторының қолы _________________________

Жоғары мектебінің директора _____________ Жолаев Р.К.

Модуль мазмұнының қысқаша сипаттамасы

Модуль атауы: Қазақстандағы тұрақты өмір:

  • Орыс тілі. Тіл экологиясы - Қазақстанның тұрақты дамуы факторларының бірі.

  • Экология. Мазмұнды және тұрақты (ғаламдық) экономиканың даму принциптері

  • Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. Өмірлік қауіпті жағдайлардың алдын алу және жою.

  • Дене тәрбиесі (оқытудың қосымша түрі)

Модуль пәндері экологиялық даму, қауіпсіз даму, мәдени даму аясында бір- бірімен тығыз байланысты.

Модульді оқып үйрену студенттерге қазақ тіліндегі білімдер негізінде теориялық, қолданбалық, коммуникативтік дағдылар саласында жалпы құзіреттерге ие болуға мүмкіндік береді, қазақ халқы мен Қазақстан аумағында тұратын басқа да этностардың экологиялық мәдениетіне сыйластықпен қарауға баулиды.

Студенттер проблемаларды шешудің тиімді жолдары туралы хабарлама жасауға және осы ақпараттарды өмірлік жағдайлардың аспектілеріне қатысты қолдануға, өзінің қауіпсіздігін дұрыс сақтауға үйренеді.

Модуль мақсаттары:

«Қазақстандағы тұрақты өмір» атты модульді оқыған кезде студент алған білімдерін жүйелей алуы, базалық тарихи категорияларды анықтай алуы тиіс, «Тіл экологиясы - Қазақстанның тұрақты дамуы факторларының бірі» пәні бойынша модульдің мақсаты – оқыту үдерісінде академиялық жазу мәдениеті дағдыларын дамыту; орыс әдеби тілінің нормаларына сәйкес эссе жазу қағидаттарын үйрету.

«Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері» модуль пәнінің мақсаты – Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелерді қарастыру, олардың себептерімен шығу жолдарын анықтау.

«Өмірлік қауіпті жағдайлардың алдын алу және жою» модуль пәнінің мақсаты табиғи және техногенді сипаттағы қауіпті және төтенше қауіпті жағдайларда адамдардың қауіпсіз іс-әрекеті туралы, қауіпті және төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың мемлекеттік жүйесі туралы, мемлекетті қорғау бойынша азаматтардың міндеттері туралы білімді зерделеу және меңгеру болып табылады. Сонымен қатар, студенттер жеке қорғаныс құралдарын қолдануды, зардап шегушілерге дәрігерге дейін көмек көрсету дағдыларын меңгеру болып табылады.

Модуль бойынша тапсырманың қысқаша сипаттамасы

Модульде қамтылған пәндерді біріктіретін және модуль тақырыбына қатысты пәнаралық топтық тапсырмалары ретінде эссе жазылады. Эссе жазуға ұсынылатын тақырыптар:

1. «Шекарааралық өзендердің экологиялық проблемалары»

2. «Әлеуметтік сипаттағы қауіпті жағдайлар».

Эссені бағалауға қойылатын талаптар:

  1. Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).

  2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.

  3. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын ), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.

  4. Модуль тапсырмасын орындауға қойылатын талаптар: жазбаша түрде бастауыш топқа 300 сөз, жалғастырушы топқа 500 сөз, 14 шрифт, интервалы 1. Тапсырма орыс тілінде орындалып, қорғалады..

Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

  • эссе тақырыбының сәйкестігі – 10 балл;

  • мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу – 10 балл;

  • жұмыстың академиялық стильде жазылуы – 10 балл;

  • өзіндік тұжырымдардың берілуі – 20 балл;

  • мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі – 10 балл;

  • ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау – 20 балл;

  • ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті – 10 балл;

  • жұмыс цитаталарды қолдану мен рәсімдеудің талаптарына жауап береді, мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелері сақталған – 10 балл.