Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
madi_salyk.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
512 Кб
Скачать

Салықтық бақылаудың түсінігі,нысандары,салықтық тексеру типтері мен түрлері

Салықтық бақылау – ҚР-ның салық заңнамасы орындалуын, салық қызметi органдарына жүктелген ҚР-ның өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметi органдары жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылау. Салықтық бақылаудың құқықтық негіздері – салықтық бақылау органдарының жүйесі мен құзіретін, салықтық бақылаудың нысандарын, әдістері мен тәртібін айқындайтын салық құқығының жалпы бөлімінің институты. Сұрақтар арқылы салықтық бақылаудың элементтерін ашуға болады:“Кім тексереді” - бақылау субъектісі (тексеруші); “Кімді тексереді” – тексерілетін субъекті (тексерілуші)“Не тексеріледі” - бақылау   объектісі (тексерілетін); “Субъектінің қандай бағаттағы қызметі тексеріледі” - бақылау пәні (тексерілу бағыты); “Не үшін тексеріледі” - бақылау мақсаттары; “Қалай тексеріледі” - бақылауды жүзеге асыру тәсілдері Салықтық бақылау: 1) салықтық тексеру нысанында; 2) мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

Салықтық бақылау нысаны бойынша:1тікелей;2 жанама б.б.Бақылауды жүзеге асыру уақыты бойынша: - алдын-ала;- ағымдағы;- кейінгі. Тексеруді ұйымдастыру белгісі бойынша:- жоспарлы;- жоспардан тыс.

Салықтық бақылаудың нысандары шеңберiнде:1) салық мiндеттемесiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша мiндеттердiң орындалуын есепке алу; 2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiнiң сақталуына бақылау; 3) акцизделетiн тауарларға бақылау; 4) трансферттiк баға белгiлеу кезiндегi бақылау; 5) мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрi пайдалану және өткiзу тәртiбiнiң сақталуына бақылау;6) ҚР- ның салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша мiндеттердi орындау бөлiгiнде уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне бақылау жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде: 1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу; 2) салықтық нысандарды қабылдау;  3) камералдық бақылау;  4) ірі салық төлеушілердің мониторингі;  5) салықтық зерттеп-қарау; 6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртін есепке алуды бақылау; 7) өтініш берушінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жүзеге асырылады.

Салық нысандарын қабылдау Салық нысандары салық қызметі органдарына салық кодексінде белгіленген мерзімде табыс етіледі.Салық нысандарын салық қызметі органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай: 1) келу тәртібінде - салық қызметі органдарының салық есептіліктерін және (немесе) өтініштерді қабылдау күні;2) хабарландыра отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы: салық есептілігі үшін – почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;салықтық өтініш үшін – салық қызметі органдары алған күн; 3) электронды түрде – белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады. Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.Камералдық бақылау салық қызметi органдарында бар мынадай деректердi:1) салықтық есептiлiктi;2) өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтерiн;3) салық төлеушiнiң қызметi бойынша әртүрлi ақпарат көздерiнен алынған мәлiметтердi бiр-бiрiмен салыстыру арқылы жүргiзiледi.

Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері Салықтық тексеру – салық қызметі органдары:1) ҚР салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген ҚР-ның өзге де заңнамасының орындалуын;2) тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер алу үшін тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызметіне қатысты құжаттары, ақпараттары бар адамдарды;3) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық органы қызметінің хабарламаға шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүргізетін тексеру.

Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) құжаттық тексеру;3) хронометраждық зерттеп-тексеру.Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:1) кешенді тексеру 2) тақырыптық тексеру;3) қарсы тексеру. 1) кешенді тексеру - салық және БТМТ салық мiндеттемелерiнің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру. 2) тақырыптық тексеру - мыналар:   -  салықтың және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерi бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы; -  Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан ҚР-ның аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық мiндеттемесiнiң орындалуы; 3) қарсы тексеру - салық органы салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты жүргізетін тексеру, салық органдары аталған салық төлеушіні тексеру барысында пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу мақсатында оған қатысты кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізеді. Хронометраждық зерттеп-тексеру - салық органдары салық төлеушінің зерттеп-тексеру жүргізілетін кезең ішіндегі нақты табысын және табыс алуға байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру

Салықтық тексерулер мынадай типтерге бөлінеді: 1) ішінара тексерулер – салық органдары салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты тағайындайтын салықтық тексерулер2) жоспардан тыс тексеру -    - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң өтiнiшi бойынша; - құрылысты жүзеге асыру басталғаннан кейін төрт жылда бір реттен жиілетпей табыс етілетін, қосылған құн салығының асып кетуінің анықтығын растау үшін салық төлеушінің өтініші бойынша;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]