Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус казахский язык.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
180.74 Кб
Скачать

Ф 4.2.3.-2014-06-02-01-03

Алматы технологиялық университеті

Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті

Мемлекеттік және шетел тілдері кафедрасы

БЕКІТЕМІН

ЖӨжДФ деканы

Р.О.Жылысбаева ______________

«__15_» __06__2015 ж.

Силлабус

5В042100 – «Дизайн мамандығына арналған

K(O)T 1106 Қазақ тілі

Кредит саны __6__

Курс _1_____

Семестр _1, 2___

Оқытушының аты-жөні: Сағымова Айжан Садуақасқызы

Кафедра кеңсесі: 714,719 АТУ БҒөле би к-сі, 100)

Телефон: 293-52-84 (131, 149)

Кеңсе сағаттары: сабақ кестесіне сәйкес

e-mail: giiya@mail.ru

Алматы 2015

Пререквизиттер (Prerequisite) – мектеп бағдарламасына негізделген “Қазақ тілі” пәні.

Постреквизиттер (Postrequisite) – “Кәсіби қазақ тілі” пәні.

Курс сипаттамасы: қазақ тілінің практикалық курсы орыс мектебін бітірген студенттерге арналған.

Курс мақсаты: студенттерді күнделікті қарым қатынас түрлеріне еркін араласып, өз сұхбаттар жүргізе алуға үйрету және мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету.

Курс міндеті: студенттерді негізгі кәсіби терминдермен жұмыс істеуге, сөздікпен, газет-журналмен жұмыс істей білуге, түсінігін айтуға жаттықтыру, тыңдауды сөйлеу қызметінің түрі ретінде қалыптастыру, сөйлеу қызметінің ең жоғары деңгейі ретінде жазба тілін дамыту арқылы ой-пікірін жазба түрде білдіруге машықтандыру.

Студент міндетті:

- күнделікті қарым қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету және жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдана білуге;

- хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсіну, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап тұжырым жасай алуға;

- ауызша баяндаудың барлық түрін (лекция, магнитофон таспасы, радио-хабар) түсіне білуге, тыңдау арқылы сөйлеу біліктілгі мен дағдысының қалыптастырып арнаулы, сондай-ақ әр түрлі сипаттағы тақырыптарды баяндауға, суреттей алуға дағдылануға;

- айтылған тұжырымдарға өз пікірін білдіре отырып, серіктесінен жауап ала білу, серіктесін әңгімеге тартуға,белгілі бір тақырып бойынша эссе, аңдатпа, жаза білуге, жұрт алдында сөйлеу,тұсаукесер жасай білуге, пікірталасқа қатысуға, қатысымдық,тілдік, мәдени құзыреттілігін қалыптастыруғы құзырлы;

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апталар

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ (СОӨЖ)

Тапсырмалардың түрлері мен мерзімі

Тақырып аталуы

Дәріс

са

ғат

Семинар

сағат

Оқуға арнал

ған тарау

лар

1

1-практикалық сабақҚимыл есімдер қызметі.Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі.

3

1-5

СОӨЖ: Туған жер

СӨЖ: Тақырып бойынша шығармашылық жұмыс.

2

2-практикалық сабақ. Етістік категориясы.Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар

3

1-5

СОӨЖ:Болашақ стипендиясы

СӨЖ: Тақырып бойынша жоба жұмысы.

3

3-практикалық сабақ Есімше категориясы.Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық.

3

1-5,

7, 6

СОӨЖ:Алматы Технологиялық Институты 

СӨЖ:Отан, туған жер,білім туралы мақал-мәтелдер жаттау

4

4-практикалық сабақ Етіс категориясы. Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі

3

1-5,

8,

СОӨЖ: Үлгілі отбасы

СӨЖТақырып бойынша эссе жазу.

5

5-практикалық сабақ Көсемше етістік.Тіл. Мәдениет. Өнер. Өнер шеберлері.

3

1-5

СОӨЖ:Еліміздің өнер қайраткерлері.

СӨЖ:Тақырып бойынша тұсаукесер жасау.

6

6-практикалық сабақ. Көмекші етістік.Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер. Ұлттық мейрамдар.

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Жаңа жыл

СӨЖ:Әр елдің мерекелері туралы ақпарат жинап, тұсаукесер жасау.

7

7-практикалық сабақ. Жай cөйлем. Интонация. Екпін

Лексика: Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар.

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ:Қазақстан азаматтығын алу туралы түсініктеме

СӨЖ: Еліміздің ұлы адамдары,көшбасшылары

(ақпарат жинау, пікір талас

1-аралық бақылау

8

8-практикалық сабақ.Қалау мәнді сөйлем.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.

3

1-5, 6,

7

СОӨЖ: Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң.

СӨЖ:

9

9-практикалық сабақ. Бұйрық мәнді сөйлем. Денсаулық..

3

6,

СОӨЖ: Медициналық қызмет

СӨЖ: Халық медицинасы

10

10-практикалық сабақ.Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Ұлттық салт-дәстүрлер Ар-ождан бостандығы.

3

7

СОӨЖ: Дін және дінитаным.

СӨЖ: Діни мерекелер.

11

11-практикалық сабақ.Шарт мәнді сөйлем./ Ғылым және инновациялық технология.

3

1-5, 6,

7

СОӨЖ: Танымал ғалымдар.

СӨЖ:Елимиздің танымал ғалымдарына түсаукесер жасау.

12

12-практикалық сабақ.Сұрау мәнді сөйлем. Ұлттық қауіпсіздік.

3

1-5, 6,

СОӨЖ: Қарулы күштер.

СӨЖ: Құқық қорғау органдары

13

13-практикалық сабақ.Қарсылық мәнді сөйлем. Салауатты өмір салты.Спорт кешендері..

3

1-5, 7

СОӨЖ: Ұлттық спорт

СӨЖ: Атақты спортшылар

14

14-практикалық сабақ. Себеп-салдар мәнді сөйлем. Қорықтар мен ұлттық парктер

3

1-5, 6,

7

СОӨЖ: Жануарлар мен өсімдіктер әлемі.

СӨЖ: Қызыл кітап

15

15-практикалық сабақ. Кезектес мәнді сөйлем. Экологиялық мәдениет.

3

1-5, 6,

СОӨЖ: Ұлттық экомәдениет

СӨЖ: Ұлттық экомәдениет реферат жазу

Барлығы:

ІІ семестр

1

1-практикалық сабақ. Бөгде сөздер.. Ақша- кредит саясаты. Банк жүйесі.

3

1-5,

СОӨЖ: Ұлттық валюта

СӨЖ:Банктер туралы реферат жазу

2

2-практикалық сабақ. Г.Болымсыздық категория. Еңбек.Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі.

3

6,

СОӨЖ: Еңбек демалысы.

СӨЖ: «Қазақстандағы еңбек нарығы» атты тақырыпқа эссе жазу

3

3-практикалық сабақ. Г.Сан мөлшер категориясы Экономика.

3

7

СОӨЖ: Отбасы экономикасы

СӨЖ: Ішкі және сыртқы сауда.

4

4-практикалық сабақ.Анықтауыштық қатынас Көлік тасмалы-логистика

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Байланыс. СӨЖ: Қазақстандағы қарқынды дамып жатқан байланыс түрлеріне реферат жазу.

5

5-практикалық сабақ. Меншік мәнді сөйлем

Лексикалық тақырып: Жеке кәсіпкерлік

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Шағын және орта бизнес

СӨЖ: Іскер адамдар

6

6-практикалық сабақ.

Лексикалық тақырып: Сәулет және құрылыс өнері

Грамматика:Көмекші есімдер қызметі.

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Көне заманауи ескерткіштер

СӨЖ: Еліміздің тарихи ескерткіштеріне тұсаукесер жасау

7

7-практикалық сабақ. Лексикалық тақырып: Табиғи ресурстар. Су ресурсы.

Грамматика: Мақсат мәнді сөйлем.

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Қазба байлық ресурстары

СӨЖ: Қазақстанның қазба байлықтарына эссе жазу

8

8-практикалық сабақ. Лексикалық тақырып: Туризм Индустриясы

Грамматика:Тыйым мәнді сөйлем

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ:Конақ уй ресурстары.

СӨЖ:Қазақстанның атақты қонақ уйлеріне тұсаукесер жасау

9

9-практикалық сабақ.Лексикалық тақырып: Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар.

Грамматика: Тыйым мәнді сөйлем.

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Сорос Қазақстан қайырымдылық қоры

СӨЖ:Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қорының қызметі жайлы тұсаукесер дайындау

10

10-практикалық сабақ. Лексикалық тақырып: Ел басқаружүйесі. Президент. Парламент.

Грамматика: Білік, дағды мәнді сөйлем.

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ:Қазақстан Республикасының Үкіметі

СӨЖ:«Еліміздегі сот жүйесінің тарихы» деген тақырыпта реферат жазу.

11

11-практикалық сабақ.Лексикалық тақырып: Ғарыш әлемі.

Грамматика: Болжау мәнді сөйлем

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Байқоңыр ғарыш айлағ

СӨЖ:Атақты ғарышкерлер туралы ақпараттар жинап, сараптау

12

12-практикалық сабақ.Лексикалық тақырып: Тағамтану. Мейрамхана бизнесі.

Грамматика: Мезгіл мәнді сөйлем.

3

1-5,

6,

7

СОӨЖ: Қазақ Тағамтану академиясы

СӨЖ:«Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында жарнама мәтіндерін дайындау

13

13-практикалық сабақ.Лексикалық тақырып: Сән әлемі.

Грамматика: Ниет мәнді сөйлем.

3

1-5,

6,

7,8

СОӨЖ: Дизайнер мамандығы

СӨЖ:«Ұлттық ою-өрнек түрлерінің тарихы мен түрлері» тақырыбында реферат жазу

14

14-практикалық сабақ.Лексикалық тақырып: Халықаралық ұйымдар

Граммтика: Көңіл-күйге байланысты сөйлем.

3

1-5,

6,

7,8

СОӨЖ: Халықаралық ынтымақтастық

СӨЖ:«Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызы мен міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыру

15

15-практикалық сабақ.Лексикалық тақырып: Бұқаралық ақпарат құралдары.

Граммтика: Күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын сөздер.

3

1-5,

6,

7,8

СОӨЖ: Ғаламтор жүйесі

СӨЖ:«Интернеттің менің өмірімдегі маңызы» тақырыбында эссе жазу

Барлығы:

45

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

1.Сағымова А.С.,Жакипова М.Н. Практикалық қазақ тілі.«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына арналған. Алматы: АТУ, 2010.100 б

2.Сағымова А.С.,Жакипова М.Н. Қазақ тілі.«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына арналған. Алматы: АТУ, 2010.84 б.

3.Аухадиева З.Ж.,Сағымова А.С.,Жакипова М.Н.,Бөпішева Б.С. Экономикалық мамандықтарға арналған кәсіби қазақ тілі. Алматы: АТУ, 2012. 88б.

4.Аухадиева З.Ж. Іскерлік қазақ тілі Алматы,2010.88 б.

5.Қ.Абдрахманова.Қазақ тілінен үлестірмелі материалдар. А: 2004

Қосымша әдебиет:

1. Рысбаева Г.К.Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. А.: Атамұра, 2008.159б

3. Кубаева И. Қазақ тілі.Алматы, 2003. (Электронды нүсқасымен).

4. Баймұхамбетова Р., Мұқадиева К. Қазақ тілі (биология факультетіне арналған) Алматы, 2000.

5. Сүлейменова Э., Қадашева Қ, Аханова Д. Қазақ тілі. Учебный комплекс. Алматы, 1996 ж.

6. Күзекова 3. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы: Ғылым, 2001

7.Күзекова 3. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (Тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

8. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004 ж.

Пәнді оқытуда пайдалануға болатын бағдарламалық-ақпараттық материалдар (электрондық оқулықтар, деректер базасына кіру мүмкіндіктері және т.б.)

Курс саясаты мен процедурасы

Студент міндетті түрде орындауы керек:

- лекцияны дәптерге конспектілеуі,

- практикалық және үй жұмысын орындауы,

- сабаққа қалмай келуі,

- сабақ үстінде сөйлемеуі, газет, журнал оқымауы, ұялы телефонды

- сөндіруі,

- тәртіп сақтау;

- оқу үрдісінде жігерлі қатысуы,

- бақылау жұмыстарын, емтиханды уақытында тапсыруы;

- сабақтан кешікпеуі;

- сабақ жібермеу, ауырып қалған жағдайда анықтамалық қағазын көрсету;

- сабаққа іскерлік киіммен келу;- өз курстастарына, оқытушыға шыдамдылық көрсету, мейірімділік көрсету;

- жіберген сабақтарын оқытушымен уақытын белгілеп тапсыру

СОӨЖ-ге дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша өз бетінше дайындалу;

СӨЖ тапсырмаларын міндетті түрде орындап, кестеге сай оқытушыға тапсыру.

Сабаққа қатысу міндетті түрде болуы керек. Сабақты босатқан кезде оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген тақырып толығымен қайта қаралады. Ешқандай себепсіз сабаққа қатыспаудың сағаттық көлемі курстың үштен бірінен асып кетсе студент курстан шығарылады.

Білімді тексеру формалары:

Аралық бақылау: 8-ші және 15 апталарда

Жеке тапсырма және/немесе топтық жоба (зертханалық жұмыс)

Қорытынды бақылау: емтихан тапсыру кеcтесі бойынша