Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istikmal_kaz.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
1.3 Mб
Скачать

Толымсыз (нақис) етістіктерді толықтырушы

Толымсыз етістіктердің мағынасын толықтыру үшін жұмсалатын зат есімдер толымсыз (нақис) етістіктерді толықтырушы (мутаммим) деп аталады. Мысалы, كَانَ زَيْدٌ عَالِمًا деген сөйлемдегі عَالِمًا сөзі كَانَ мағынасын толықтыру үшін жұмсалған.

Танымал толымсыз етістіктер - 12:

1) كَانَ - болды

كَانَ زَيْدٌ عَالِمًا ؛

2) صَارَ - айналды

صَارَ زَيْدٌ غَنِيًّا ؛

3) أَصْبَحَ - таңертең айналды

أَصْبَحَ زَيْدٌ يَقْظَانًا ؛

4) أَمْسَى - кешке болды

أَمْسَي زَيْدٌ نَائِمًا ؛

5) أَضْحَى - күн шығарда болды

أَضْحَي زَيْدٌ آكِلاً ؛

6) ظَلَّ - күндіз болды

ظَلَّ زَيْدٌ مَغْمُومًا؛

7) بَاتَ - түнде болды

بَاتَ زَيْدٌ مَرِيضًا؛

8) زَالَ مَا - тұрақты болды

مَا زَالَ زَيْدٌ غَنِيًّا؛

9) انْفَكَّ مَا - тұрақты болды

مَا انْفَكَّ زَيْدٌ سَخِيًّا؛

10) فَتِئَ مَا - тұрақты болды

مَا فَتِئَ زَيْدٌ سَخِيًّا ؛

11) بَرِحَ مَا - тұрақты болды

مَا بَرِحَ زَيْدٌ بَخِيلاً؛

12) دَامَ مَا - ол болған кезде

اِجْلِسْ مَا دَامَ زَيْدٌ جَالِسًا.

صَارَ мағынасындағы كَمُلَ ؛ تَمَّ ؛ اِرْتَدَّ ؛ تَحَوَّلَ ؛ آلَ етістіктері толымсыз етістіктер болып саналады. Мысалы:

آلَ زَيْدٌ غَنِيًّا ؛ تَحَوَّلَ الْجَمْدُ مَاءً ؛ اِرْتَدَّ زَيْدٌ بَصِيرًا ؛ تَمَّ الدَّرَاهِمُ عِشْرِينَ ؛ كَمُلَ الدَّنَانِيرُ أَلْفًا.

Қағида: Толымсыз етістіктерді толықтырушылар әрдайым фаъил анықтауышынан жасалады. Мысалы, كَانَ زَيْدٌ عَالِمًا деген сөйлемде عَالِمًا сөзі Зәйдтың анықтауышы болып табылады.

Қағида: Толымсыз етістіктерді толықтырушылар тегі мен түрі жағынан фаъилға бағынады. Мысалы:

كَانَ الرَّجُلُ عَالِمًا ؛ كَانَ الرَّجُلاَنِ عَالِمَيْنِ ؛ كَانَ الرِّجَالُ عَالِمِينَ (عُلَمَاءُ) ؛ كَانَتِ الْمَرْأَةُ عَالِمَةً ؛ كَانَتِ الْمَرْأَتَانِ عَالِمَتَانِ ؛ كَانَتِ النِّسَاءُ عَالِمَاتٍ.

Қағида: Толымсыз етістіктерді толықтырушылар мансуб жағдайында тұрады.

Толымсыз етістіктердің масдарлары да толықтыруды қажет етеді. Мысалы:

كَوْنُ زَيْدٍ عَالِمًا - عَجِيبٌ ؛ صَيْرُورَةُ الْهَوَاءِ مَاءً - مُمْكِنٌ .

Толымсыз етістіктердің өткен шақтан басқа барлық жіктелулері толықтырусыз қолданылмайды. Мысалы:

يَكُونُ زَيْدٌ عَالِمًا ؛ لَمْ يَكُنْ زَيْدٌ عَالِمًا ؛ كُنْ مُتَوَاضِعًا.

كَانَ кейде وُجِدَ мағынасында жұмсалады. Мысалы:

كَانَ اللَّهُ وَلَمْ يَكُنْ مَعَهُ شَىْءٌ ؛ كَانَ زَيْدٌ هُنَا وَكَانَ عَمْرٌو هُنَاكَ.

بَاتَ ؛ ظَلَّ ؛ أَضْحَي ؛ أَمْسَي ؛ أَصْبَحَ етістіктері кейде صَارَ мағынасында жұмсалады.

Мысалы:

أَصْبَحَ زَيْدٌ غَنِيًّا ؛ أَمْسَي زَيْدٌ فَقِيرًا ؛ أَضْحَي زَيْدٌ عَالِمًا ؛ ظَلَّ زَيْدٌ سَخِيًّا ؛ بَاتَ زَيْدٌ بَخِيلاً.

مُتَمِّم فِعْلِ قَلْبِى .§-64

Көңілде (жүректе) жасалатын етістіктер тұжырымдау етістіктері (феъл қалбий) деп аталады. Тұжырымдау етістіктерін толықтыру үшін жұмсалатын зат есімдер тұжырымдау етістіктерін толықтырушылар (мутаммим феъл қалбий) деп аталады. Мысалы, ظَنَنْتُ زَيْدًا عَالِمًا деген сөйлемдегі عَالِمًا сөзі ظَنَنْتُ мағынасын толықтыру үшін жұмсалған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]