Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Анатомия.docx
Скачиваний:
865
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.37 Mб
Скачать

216. Шонданай нерві, оның тармақтары және нервтендіру аймақтары.

Шонданай нерві – n.ischiadicus. бел-сегізгөз өрімі ғана емес денедегі барлық нервтердің ішіндегі ең ірі нерв. Ол сегізгөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы.

Бұл нерв бір жағынан m. Gluteus maximus екінші жағынан m.abturotorius internus et m. Quadrates femoris арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызықтың ортасында жатады.

Тақым шұңқырының жоғарғы бұрышында екі тармаққа: асықты жілік нервке n. Tibialis, және жалпы кіші жіліншік нервке n.peroneus comminis,бөлінеді.

Шонданай нервтің барлық аталған тармақтары жалпы дәнекер тінді қынапта жатады.

Тармақтары:

  1. Бұлшықеттік тармақтар келесі бұлшықеттерге тармақталады : m. Abturatorius internus, mm. Gemelli sup et inf, m. quadratus.

  2. Буындық тармақ.

  3. Бұлшықеттік тармақ - сан аймақтың асықты жілік бөлігінен бағытталады.

  4. Буындық тармақ – асықты жілік және кіші жіліншік бөліктерінен тармақталады.

  5. Жалпы кіші жіліншік нерві оз кезегінде бірнеше тармақтарға бөлінеді.

  6. Асықты жілік нервтері немесе улкен жілік n.tibialis. өз кезегінде бірнеше тармақтар береді.

217. Үлкен жіліншіктік нерв, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Үлкен жіліктік немесе асықты жілік n.tibialis. – бағыты бойынша шонданай нервтің тіккелей жалғасы болып, жалпы кіші жіліншіктен әдеуір ірі келеді.

Ол тақым шұңқырының проксимальді ұшында басталып, оның дистальді бұрышында жүріп, шандыр астында, шандыр мен тақым тармақтарының vasa poplitiea, арасында орналасады.Шұңқырда нервтен алға және кішкене медиалды тақым венасы, тереңдеу тақым артериясы жатады.Кейін нерв балтыр бұлшықетінің бастары арасымен жүріп, тақым бұлшықетінің артқы бетінде жатады.

Тармақтары:

1. Тақым шұңқырында Балтырдың медиалді терілік нерві n.cutaneus surae medialis ті береді – асықты жілік нервтің артқы бетінен тақым шұңқыры аймағында тармақталып saphena parva мен бірге шандыр астымен балтыр бұлшықеті арасында жүріп сирақтың медиалды бетінің терісін нервтендіреді.

Нерв retinaculum mm. flexorum астында өзінің ең соңғы тармағына :

Табанның медиалды және латералді нерв n.plantaris medialis et lateralis ке бөлінеді:

N. plantaris medialis - табанның медиалды нерві аттас артериямен бірге m. Flexor digitorum brevis – тің медиалды жиегімен sulgus plantaris medialis- те өтедіде, осы бұлшықетті және M.addugtor hallicus brevis- тің латералды басынан басқа медиалды топ бұлшықеттерін нервтендіреді. Содан кейін нерв ақыр аяғында n. Digitalis plantaris proprii – ге бөлінеді.Олардың біреуі бас бармақтың медиалды жиегіне қарай барады.Ал қалғаны үлкен бақайдың латералды жағынан бастап 4- саусақтын медиалды жиегімен, саусақтардың бір- біріне қараған жақтарының терісін нервтендіреді.

N. plantaris lateralis - аттас артерия жолымен sulgus plantaris lateralis-ке келеді. Бұлшықеттік тармақтар арқылы табанның латералды тобының барлық үш бұлшықетін және m.quadratus plantae – ні нервтендіріп, терең және беткей тармақтарға бөлінеді:

Беткей тармағы – табан терісіне тармақтар беріп, nn.digitalis plantares proprii – ге бөлінеді.Олар 5- бақайдың екі жағына және 4- башпайдың 5-ке қараған жағына барады.

Терең тармағы- табанның артериялық доғасымен бірге жүріп, 3-ші және 4- ші mm.lumbricales пен барлық m. Interossei ді сондай- ақ m. adductor halligus және

m. flexor halligus- тің латералды басын нервтендіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]