
- •1Самай сүйек өзектері, олардың маңызы
- •2 Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар
- •3Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •5 Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі
- •6Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы
- •7 Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •8 Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы
- •9 Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері
- •10Іш аймақтары.Тік бұлықеттің қынаптарының пайда болуы
- •34.Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
- •35.Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
- •36.Асқазан: құрылысы, топографиясы, асқазан бездері, ішастарға қатынасы, қызметі, жалғамалары.
- •45.Ұйқыбез (pancreas)
- •49. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы және ішастардың ағзаларға қатынасы.
- •50. Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.
- •53. Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.
- •55. Көмей, larynx
- •68.Несепағар,құрылысы,бөлімдері,ішастарға қатынасы.Несепағардың тарылу жерлері,практикалық маңызы.
- •69.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.
- •70.Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.
- •72.Аталық без қабықтары, олардың туындылары.
- •55. Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары.Көмей қуысы. Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).
- •Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары.
- •Көмей бұлшықеттері (мускули ларингис)
- •Көмей қуысы (кавум ларунгис).
- •56. Өкпенің құрылымдық- функционалді бірлігі.
- •58.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпенің шекаралары.
- •59 .Оң және солжақ өкпетүбінің анатомиясы және топографиясы, сол өкпенің оңнан айырмашылығы
- •60 .Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.
- •60. Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.
- •63.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.
- •64.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.
- •65. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
- •174. Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалды кеңістік цистерналары.
- •216. Шонданай нерві, оның тармақтары және нервтендіру аймақтары.
- •217. Үлкен жіліншіктік нерв, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
- •218. Жалпы кіші жіліншіктік нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
- •219. Вегетативтік рефлекторлық доға.
- •220. Внж, оның жіктелуі және бөлімдеріне жалпы сипаттама.
55. Көмей, larynx
Мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омыртқалар аралығында орналасқан. Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар ж/е бұлшықеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан.
Көмей шеміршектері - сыртқы пішініне, атқаратын қызметіне байланысты:
Тақ ж/е жұп
Гиалин ж/е эластикалық шеміршектен тұратын болып бөлінеді.
Қалқанша шеміршек(cartilagо thyroidea)-көмейдің басқа шеміршектерінің сыртын қалқан тәрізді қоршап орналасуына байланысты аталады.Бұл төртбұрышты,жалпақ жұп табақшадан тұрады.
Жүзік тәрізді шеміршек(cartilagо cricoidea)-тақ гиалин шеміршектен тұрады.Бұл шеміршек алға қарап орналасқан доғасынан,arcus cartilaginis cricoideae, және артында төртбұрыштәрізді орналасқан табақшадан,lamina cartilaginis cricoideae, тұрады.
Ожаутәрізді шеміршек(cartilagо arytenoidea)-үшжақты пирамида тәрізді жұп гиалин шеміршегінен тұрады.
Мүйізтәрізді(cartilagо corniculata)-ожаутәрізді шеміршектің ұшында орналасқан жұп эластикалық шеміршек.
Сынатәрізді(cartilagо cuneiformis)-ожау-көмей қақпағы қатпарының қабатында орналасып, сынатәрізді төмпешікті,tuberculum cuneiforme,құраушы эластикалық шеміршек.
Көмей қақпашығы(epiglottis)-көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек.
Көмей бұлшықеттері қызметне қарай: 3 топқа жіктеледі.
Дыбыс саңылауын кеңейтетін
Дыбыс саңылауын тарылтатын
Дауыс байламын керетін
Көмей қуысы(cavum laryngis)-көмей кірісі тесігінен,aditus laryngis,басталады. 3-ке бөлінеді:
Жоғарғы кіреберіс бөлік,vestibulum laryngis
Ортаңғы бөлік,cavum laryngis intermedium, құрылысы күрделі, себебі меншікті дауыс аппараты,glottis,орналасқан.
Дауысасты қуыс,cavum infraglotticum, жіңішкеріп кеңірдекке жалғасады.
54. Сыртқы мұрын сүйегінен мұрын-маңдай шұңқыры арқылы шектелген. Бүйір қабырғасы орталық бөлігінде бірігіп мұрын қырын, dorsum nasi, төменгі латералді бөлігі мұрын қанатын,alae nasi, құрайды, демді мұрын қуысына өткізуші танаумен,nares,және танауларды бір-бірінен бөліп тұратын мұрын қалқасынан тұрады.
Мқрын аймағы топогр-қ орн. байланысты:сыртқы мұрын ж/е мұрын қуысы болып бөлінеді.Сыртқы мұрынға мұрын түбірі,қыры, ұшы, танау кіреді.
Сыртқы мұрын сүйектік ж/е шеміршектік болып бөлінеді. Сүйектік мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйектерінің маңдайлық өсіндісінен тұрады. Шеміршектік бөлігі дәнекер тіндер арқылы өзара байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады.
Мұрынның лат.шеміршегі,cartilago nasi lateralis
Қанаттың үлкен шеміршегі,cartilago alaris major
Қанаттың кіші шеміршегі, cartilago alaris minor
Қосалқы шеміршектер,cartilago nasals accessoriae
Мұрын қуысының аралық шеміршегі, cartilago septi nasi
67.Несепқуық топографиясы,құрылысы,қызметі,ішастарға қатынасы.
Несепқуық,vesica urinaria seu cystis дара қуыс мүше ,несептің жиналатын орны.Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгеріп тұрады.Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сыйымдылығы 250-500мл-дей.Несепқуық кіші жамбас астау қабырғасына бекініп,тұспалас мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланысып,симфиздің артында орналасқан.Несепқуықтың алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған,одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген.Ерлерде несепқуықтың артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік кеңжерімен (ампуласымен), ал түбі қуық асты безбен шектеседі.Әйелдерде несепқуықтың артқы беті жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шкетеседі.Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген.Ерлерде несепқуықтың жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері,ал әйелдерде жатыр орналасқан.Несепқуық несеппен толғанда ішастар 3 жағынан,мезоперитонеалді,ал босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен және артынан жауып,ерлерде тік ішекке (тік ішекқуық ұңғылы),әйелдерде жатырға (қуықжатыр ұңғылы)өтеді.Қуық ұшын кіндікпен орталық кіндік байламы жалғайды.
Несепқуық қабырғалары:
-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.
-шырышасты негізі,tela submucosa несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.
-бұлшықетті қабығы,tunica muscularis біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек (церкулярлық) қабат.
-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция.
Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.
Несепқуықтың денесімен ұшын кіндік артерияның тармақтары мен жоғарғы қуық артериялары,aa.vesicales superiors, қуық түбімен бүйір қабыоғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-төменгі қуық артериясы, a.vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеді.
Несепқуық қабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналық өріміне,plexus venosus vesicae urinariae және несепқуық веналары, vv.vesicales арқылы ішкі мықын венасы ағады.