Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pat_fiz.doc
Скачиваний:
218
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
729.6 Кб
Скачать

1.Патофизиология – зерттейтін ғылым: //

ауруларға диагноз қою принциптерін//

аурулардың номенклатурасын және жіктемесін//

ауру туындауының себептері мен жағдайларын//

ауруларды алдын алу мен емдеу принціптерін//

+ауру туындауының, ағымы және аяқталуының жалпы заңдылықтарын

***

2.Патологиялық физиология медицинаның осы бөлімін қамтиды: //

"денсаулық"//

+"ауру"//

"аурулардың номенклатурасы"//

" аурулардың жіктемесі"//

" ауруларды алдын алу мен емдеу"

***

3.Патологиялық физиология осы пәндер қатарына жатады: //

клиникалық пәндер//

биологиялық пәндер//

жаратылыстану пәндері//

+медициналық – биологиялық пәндер//

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

***

4.Патофизиологияның негізгі әдісі: //

клиникалық//

биохимиялық//

+тәжірибелік//

иммунологиялық//

цитологиялық

***

5.Патофизиологиялық тәжірибеде гриміндетті түрде болуға тиісті: //

жануарларды иммобилизациялау//

наркотикалық дәрілерді қолдану//

диагностиканың жаңы әдістерін өңдеу//

+адам ауруларын жануарларға үлгілеу//

зерттеудің морфологиялық әдістерін қолдану

***

6.Материалды моделдеуге жатқызады://

логикалық моделдеу//

компьютерлік моделдеу//

математикалық моделдеу//

интеллектуальды моделдеу//

жасанды физикалық жүйелерде моделдеу

***

7.Жануарларға тәжірибе жасағанда зерттеу мүмкін емес: //

аурудың визуалдық белгілерін//

аурудың объективті белгілерін//

+аурудың субъективті белгілерін//

аурудың маңызды белгілерін//

аурудың спецификалық белгілерін

***

8.Медицинада тәжірибелік әдісті қолдануды шектейтін фактор://

адамның әлеуметтік түп негізі//

жануарлар мен адамның құрылысындағы айырмашылықтар//

жануарлар мен адамның зат алмасуларындағы айырмашылық//

жануарлардың денсаулығының бастапқы деңгейін анықтаудағы қиындықтар//

жануарлар мен адамның өмір сүру ұзақтығының әртүрлі болуы

***

9."Жалпы патофизиология" бөлімінде зерттеледі: //

симптомдар және синдромдар//

ауруларды емдеу әдістері мен тәсілдері//

ауру туындауының нақты себептері мен даму механизмдері//

нақты бір ауру кезіндегі организмнің бейімделу процесстері//

+ауру және біртектес дерттік процесстер туралы жалпы түсініктер

***

10.Қанайналым және тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы осы бөлімде оқып-зерттелінеді://

жалпы нозология//

жалпы патофизиология//

жеке патофизиология//

клиникалық патофизиология//

біртектес дерттік үрдістер

***

11.Нозология - осыны зерттейтін ілім//

аурудың даму механизмдерін//

ауру туындататын жағдайларды//

аурудың себептерін//

ауруларды алдын алу мен емдеу принціптерін//

+аурулардың түрлерін, даму жолдарын, ағымдарын

***

12.Медицина дамуының әр сатысында ауру мәні туралы түсінікті оқып-зерттейді://

жалпы этиология//

жалпы патогенез//

жалпы нозология//

жеке патофизиология//

клиникалық патофизиология

***

13.Теріс мәні бар эмоциялардың әсерінен артериялық қысымның қалыпты көрсеткіштен қысқа мерзімге жоғарылауы аталады: //

патологиялық процесс//

+патологиялық реакция//

патологиялық жағдай//

ауру алды//

ауру

***

14.Түрлі қарапайым патологиялық реакциялардың жиынтығынан тұратын, ағзалардың және тіндердің қызметі мен құрылымының дерттік өзгерісі - бұл//

патологиялық жағдай//

патологиялық процесс//

патологиялық реакция//

симптом//

синдром

***

15.Артериялық гиперемия, тромбоз, инфаркт – бұл мысалдары://

патологиялық реакцияның//

патологиялық процестің//

патологиялық жағдайдың//

ауру алдының//

аурудың

***

16.Пневмония кезінде өкпе тінінің қабынуы осының мысалы://

ауру алдының//

патологиялық реакцияның//

нозологиялық бірліктің//

патологиялық процестің//

патологиялық жағдайдың

***

17.Біртектес дерттік үрдістерге жатады://

+қызба//

маймақтық//

полидактилия//

еріннің жырығы//

білектің аяғына дейін дамымауы

18.Патологиялық жағдай –бұл://

+баяу дамитын патологиялық процесс//

сыртқы ықпалдарға организмнің әдеттегідей емес реакциясы//

патогенезі бірдей аурулардағы симптомдардың жиынтығы//

сыртқы орта факторларының әсерінен ағзалар мен тіндердің зақымдануы//

жүктемелерге организмнің бейімделу қабілетінің төмендеуі

***

19.Жарақаттың салдарынан тісті алып тастағанда жақтың альвеолалық өсіндісінің атрофиясы осының мысалы://

+патологиялық жағдайдың//

патологиялық процестің//

патологиялық реакцияның//

ауру асқынуының//

аурудың

***

20.Тұқым қуалайтын патологиялық жағдайларға жатады: //

Даун ауруы//

+брахидактилия//

көз күйгеннен кейінгі соқырлық//

көз жарақатынан кейінгі катаракта//

буын қабынуынан кейінгі анкилоз

***

21.Туа біткен патологиялық жағдай осының салдары болып табылады: //

+құрсақ ішілік аурулардың//

тектік аппараттың мутацияға ұшырауының//

егде жаста басынан өткерген аурулардың//

нәресте кезінде басынан өткерген аурулардың//

ата-бабаларына сыртқы ортаның жағымсыз ықпалдарының

***

22.Жүре пайда болған патологиялық жағдайларға жатады: //

альбинизм//

полидактилия//

брахидактилия//

фенилкетонурия//

+күйіктен кейінгі тыртық

***

23.Ауру алды – бұл//

баяу дамитын патологиялық процес//

+денсаулық пен ауру арасындағы жағдай//

ауру туындататын ықпалдарға организмнің қысқа уақытты реакциясы//

еңбекке қабілеттіліктің төмендеу жағдайы//

аурудың бейспецификалық белгілерінің көріну сатысы

***

24.Ауру сипатталады: //

+еңбек етуге қабілеттіліктің төмендеуімен//

әлеуметтік адаптацияның күшеюімен//

әлеуметтік пайдалықтың жоғарылауымен//

тіндер мен ағзаларда морфологиялық өзгерістердің болмауымен//

организм мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдіктің қалыптасуымен

***

25.Аурудың (нозологиялық бірліктің) мысалы: //

ишемия//

аллергия//

қызба//

лейкоцитоз//

+пневмония

***

26.Инфекциялық аурулардың жасырын кезеңі аталады: //

айқындалу кезеңі//

латенттік кезең//

+инкубациялық кезең//

сауығу кезеңі//

продромдық (бастапқы) кезең

***

27.Аурудың барлық белгілерінің болуы тән: //

инкубациялық кезеңге//

продромдық кезеңге//

+аурудың айқындалу кезеңіне//

латенттік кезеңге//

сауығу кезеңіне

***

28.Аурудың үстіне жаңа аурудың қосылуы осылай аталады: //

рецидив//

ремиссия//

+өршу//

асқыну//

патологиялық процесс

29.Аурудың клиникалық көріністерінің бәсеңдеуі немесе толық жойылуынан кейін аурудың қайта басталуы осылай аталады: //

ремиссия//

+рецидив//

өршу//

асқыну//

патологиялық процесс

***

30.Аурудың ағымы жіті болғанда, оның ұзақтығы осыдан аспайды: //

бір – төрт күннен//

+бес – он төрт күннен//

он бес –отыз күннен//

отыз-қырық күннен//

бір айдан

***

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]