Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОДУЛ..энд-кан-жуйке-Ас.doc
Скачиваний:
73
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
479 Кб
Скачать
☆

«Ақ қан патофизиологиясыи» тақырыбы бойынша глоссарий

Лейкоцитоз- шеткi қанда лейкоциттердiң саны қалыпты

деңгейден жоғары болуы /1 литрде 9,0*10-нан көп/

Лейкопения- шеткi қанда лейкоциттер санының азаюы /1 литрде 4,0*10-нан аз/

Нейтрофилия- қандағы нейтрофилдердiң санының көбеюi /1 литрде 6,0-10*10-нан көп/

Эозинофилия- қандағы эозинофилдердiң санының көбеюi /1 литрде 0,4*10-нан көп/

Базофилия- қандағы базофилдердiң санының көбеюi /1 литрде 0,1-10*10-нан көп/

Моноцитоз- қандағы моноциттердiң санының көбеюi /1 литрде 0,7*10-нан көп/

Лимфоцитоз- қандағы лимфоциттердiң санының көбеюi /1 литрде 4,0*10-нан көп/

Нейтропения- қандағы нейтрофилдердiң санының азаюы /1литрде 2,0*10-нан аз/

Агранулоцитоз- шеткi қанда гранулоциттердiң санының азаюы /1 литрде 0,75*10-нан аз/, кейбiр жағдайларда олардың толық жойылуы байқалады

Эозинопения- шеткi қанда эозинофилдердiң санының азаюы /1 литрде 0,2*10-нан аз/

Лимфопения- лимфоциттердiң санының азаюы /1 литрде 1,0*10-нан аз/

Гранулоциттердiң ядролық ығысуы- лейкоциттердiң жетiлген және жетiлмеген түрлерiнiң қатынасының өзгеруi

Ядролық солға қарай ығысу- нейтрофилдердiң жас және жетiлмеген түрлерiнiң санының өсуi

Ядролық оңға қарай ығысу- сегменттерi көп ядролық түрлерiнiң санының өсуi.

Гипорегенеративтi ядролық солға ығысу- орташа лейкоцитоз жағдайында /1 литрде 10,0-11,0*10-ға дейiн/ ядросы таяқша нейтрофилдердiң санының қалыптан жоғары /6 %/ өсуi

Регенеративтi ядролық солға ығысу- лейкоцитоз жағдайында /1 литрде 13,0-18,0*10-ға дейiн/ ядросы таяқша нейтрофилдердiң және метамиелоциттердiң санының қалыптан жоғары өсуi.

Гиперрегенеративтi ядролық солға ығысу- ядросы таяқша нейтрофилдердiң, метамиелоциттердiң деңгейiнiң өсуi, қанда миелоциттердiң, промиелоциттердiң пайда болуы. Регенеративтi-дегенеративтi ядролық солға ығысу- ядросы таяқша нейтрофилдердiң, метамиелоциттердiң және миелоциттердiң деiгейiнiң өсуi ядросы сегменттелген нейтрофилдердiң азаюымен және ядроның, цитоплазманың, цитолемманың дегенеративтi өзгерiстерiнiң белгiлерiмен қатар жүруi.

Ядролық ығысудың индексi- нейтрофилдердiң жас және жетiлген түрлерiнiң қосындыларының қатынасы

ядросы таяқша+метамиелоциттер+миелоциттер+промиелоциттер

ЯЫИ = -------------------------------------------------------------

ядросы сегменттелген нейтрофилдер

Қалыпты жағдайда ЯЫИ 0,05-0,1-ге тең. Жоғарылауы ядролық солға ығысуды көрсетедi, ал азаюы-оңға ығысады.

Тақырыбы: Миело- және лимфопролиферативтік синдромдардың этиологиясы мен патогенезі. Гемостаз патофизиологиясы.

Сабақтың мақсаты: біріншілікті және екіншілікті гемостаз бұзылыстарының, миело- және лимфопролиферативтік синдромдардың этиологиясы мен патогенезін оқып білу.

Оқыту міндеттері:

1. Гемостаз жүйесінің біртектес бұзылыстары туралы көзқарасты қалыптастыру.

2. Жіті және созылмалы лейкоздардың негізгі түрлерінің этиологиясын, патогенезін, гематологиялық сипаттамасын оқып білу.

3. Миело- және лимфопролиферативтік синдромдармен ауыратын науқастардың қан талдамасындағы сандық және сапалық өзгерістерді интерпретациялау алгоритмін меңгеру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гемобластоздар туралы түсінік. Лимфо- және миелопролиферациялардың жалпы этиологиясы және патогенезі.

2. Гемобластоздар кезіндегі қан түзілуінің бұзылыстарының патогенезі.

3. Миело- және лимфопролиферативтік синдромдардың негізгі клиникалық көріністерінің патогенезі.

4. Гемостаз бұзылыстарының түрлері.

5. Геморрагиялық және тромбоздық синдромдар туралы түсінік.

6. Геморрагиялық синдромның патогенезі (вазопатиялар, тромбоцитопениялар, тромбоцитопатиялар, коагулопатиялар), гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері, олардың патогенезі.