Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Дипломы-2 / ВЗД-172 / КІРІСПЕ

.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
41.4 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде гидравликалық және бұрандылы қозғалтқыштар қолданылады, олар сәйкесінше, жуу сұйықтығының гидравликалық энергиясын қозғалтқыштардың шығару білігінде механикалық энергияға түрлендіреді. Гидравликалық ұңғы түбі қозғалтқыштарды гидродинамикалық және гидростатикалық типте шығарылады. Олардың біріншісін бұрандалы, ал екіншісін электробұрғылы түптік қозғалтқыштар деп атайды.

Бұрандалы түптік қозғалтқыш (БТҚ) – гидравликалық түптік қозғалтқыштың көлемді түрі, планеталық механизм схемасына сәйкес жасалған жұмыс органдары жуу сұйықтығының энергиясымен қозғалады. Бұрандалы түптік қозғалтқыш бағытталған, терең, тік, көлденең және басқа да ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Сонымен қатар құмды тығындарды, цемент көпірлерді, тұз кен орындарын және т.б. бұрғылауда да қолданылады.

БТҚ мынадай негізгі құрамдас бөліктер мен компоненттен тұрады:

- Қозғалтқыш бөлігі: оның ішіне ротор және статор кіреді;

- Шпиндель бөлігі: қабатты осьтік подшипник, радиалды мойынтіректерді және алдыңғы сальникті қамтиды;

- Асыра құю клапаны, жалғағыш және жұмыс аударғылары.

Қозғалтқыш ротор мен статордан тұрады. Болат статор ішінде сол бағытта бұрандалы тісті ысытылған резеңкелі қоршауы бар. Болат роторда сол бағытта сыртқы бұрандалы тістер кесілген. Ртор тістерінің саны статор тістерінің санынан бірге кем болғандықтан, нәтижесінде ротор осінің ілінісу үшін статор осінің тіс биіктігінің жартысына тең эксцентритетіне қатысты жылжытылған. Ротор мен статор бұрандалы қадамдары тістерінің санына тура пропорционал.

Патенттік өнертабыс негізі ротордың сыртқы бетін вольфрам карбидінің бөлшектерінің мөлшері 5 – 40 мкм ұнтағымен шашыраңқы жоғары жылдамдықты жалындаған газ әдісімен тозу мен коррозияға төзімді жабынмен қамтамыз етіп, ротордың пайдаланудағы сипаттамаларын жақсартып, жұмыс қабілеттілігін ұзарту болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты тереңдігі 4000 м дейінгі, диаметрі 172 мм бұрандалы түптік қозғалтқышпен бұрғылаудағы экономикалық тиімділіктер мен мүмкіндіктерін арттыру жолындағы қондырғының құрылысын модернизациялау болып табылады.