Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ППУ / 2. Есептік және арнайы бөлім.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
810.1 Кб
Скачать

2.6 Бүріккішті есептеу

Бүріккіш - сұйықтарды шашыратуға арналған аспап. Iшкi жану қозғаушы қолданылатын бүріккіштер (үшiн жанармай және жүздiк және мыңдаған атмосфералар үшiн бiрнеше атмосфералар дизель) отынның арқасында биiк қысымының шашыратуларын жүзеге асырады. Автокөлiктердi жуғыштар үшiн бүріккіштегі 100-200 қысымды қолданылады.

Негізгі параметрлері мен сипаттамалары

Бүріккіштің негізгі параметрі:

-секундтық газ шығыны m;

-қысымның азаюын(∆Р) мына формуламен анықтаймыз:

∆Р =Р1 – Р2, (2.147)

мұндағы Р1-бүріккіштің алдындағы газ қысымы;

Р2 -бүріккіштен кейінгі газ қысымы.

Геометриялық сипаттамалары мына формуламен анықталады:

,(2.148)

Бүріккіш түтігінің ашылу дәрежесі мына формуламен анықталады:

,(2.149)

2.7 Арнайы бөлімше

2.7.1 Патенттік шолу

1. Патент нөмірі № Ru 2386914 С1

Патент авторы Пивин И.Ф.

Қондырғы жылутехникасына жатады және ядролы энергетикалық қондырғы ретінде қолданылады. Азгабаритті сұйық металлды жылутасымалдағыш ретінде жұмыс істейді. Техникалық нәтижесі –бұл жылуалмастырғыштың құбыр түйінінің компоновкасы азгабаритті жылуалмастырғышты алуға мүмкіндік береді, ол сенімділік шарттарына, жоғарғы қуатта монтаждау талаптарына жауп береді.

Бұл қондырғының кемшілігі болып ысытатын және ысытылатын сұйықтықтар арасындағы жылуалмасудың тиімділігінің аздығы. Және де құбырлы түйіннің дірілқаттылығының аз болуы.

3.10 - суретте жылуалмастырғыштың бойлық кескіні көрсетілген. Жылуалмастырғыш корпустан 0, ысытылатын сұйықтықтың кіру 1 мен шығу 3 келте құбырларынан, ол құбырлар диффузорлар 3 пен 4 түрінде корпуспен бірге өту бөліктері бар, олардың әрқайсысы штуцерлерге бекітілген. Штутерлер 5,6 жылутасымалдағыштың тройниктерімен 7,8 жалғанған. Тройниктер 7,8 құбырлармен 9,10 бірге құбырлы түйінді құрайды. 11 басқарушы планка, 12 консоль, 13 итеруші (вытеснитель).

Жылуалмастырғыштың жұмыс істеу прнципі: жылуалмасу тоққа қайшы сұлба бойынша жасалынған. Ысытатын жылутасымалдағыш штуцер 6 арқылы өтеді және құбырлар 9,10 арқылы таратылады, 7,8 тройниктары арқылы штуцер 5 шығады. Ысытылатын сұйықтық 1 келте құбыры арқылы өтіп, құбырлы түйінді шайады.

2.1-сурет. Жылуалмастырғыштың бойлық кескіні

Жанармайдың толық жану үрдісін жақсарту мақсатында 1995 жылдан 2005 жылға дейінгі бүріккіш патентінің көрінісі жүргізілді.

Жұмыс барысында сапа және сенімділік көрсеткіштерін барынша жақсартылған үлгілерді таңдадым.

№ 106980 авторлық куәлігі қарастырылды, бұл пайдалы модель машина құрылысына қатысы бар, оның ішінде жанармайды беру және шашу құрылғыларына және пештердегі бүріккішті жанармайды шашуға қолдануға болады. Бүріккіш құрамында газ құбыры, сыртында тесігі бар корпус, бұл жанармай беру түтігіне сәйкес жасалған, корпуста камера мен диффузор орналасқан, олар жанармай беруші түтік және құйындатқыш арасында орналасқан, олар өз алдына газ түтігімен жалғасқан шеңбер түрінде жасалған, қосымша шеңбер айналдыра бір қалыпты орналасқан тесіктері бар, бұл өз алдына құйындатқышпен диффузор және арасында орналасқан, ол өз алдына құйындатқышпен тарель жанармай беруші түтік арасында орналасқан, оның перифириялық бөлігінде қосымша газ түтігіне бекітілген айналдыра бір қалыпты тесіктер бар. Бұл фурманың конструкциясының қолданылуы бүріккіштің сенімділігін арттырып, шашу эффективтілігін арттыру арқасында жанармайдың шығының төмендетілуін қамтамасыз етеді.

Көрсетілген бүріккіш- былай жұмыс істейді. Газ құбыры бойымен газ форсункаға беріледі 1, тарель 7 және корпус 2 арасындағы кеңістікке кіреді, құйындатқыш 5 арқылы өтеді, бұл жерде радиалды және айналмалы қосғалысқа ие болады. Диффузор 4 және тарель 7 бетінде пайда болған газ камераның ортасына жылжыған сайын оның жылдамдығы артады, радиалды жылдамдығын жоғалтпайды, бұл диффузор 4 және тарельдің 7 ішкі беттерінің арасындағы талап етілетін арақашықтық арқасында, диффузор тесігі арқылы ағып аналадағы кеңістікке ағу арқасында қол жеткізіледі. Жанармай бүріккішке жанармай беруші түтік арқылы беріледі және ауа құйының ось маңы аумағына беріледі, бұл жерде ол тамшыларға бөлінеді, газ ағымымен жылдамдайды және орталық айналушы жылдамдау арқасында шашылады, 300%-ға жететін қарқынды турбулентіліктің арқасында жоғары қарқынды және жиілікті дыбыс пайда болады, оның таралуына корпус 2 кедергі болады ол дыбысты шағылыстырып, жанармай шашылу зонасына бағыттайды.

Газ ағымының айналысын басқару келесідей жүзеге асады. Тарель 7 тесігі арқылы камераға келетін газ құйындатушыдан 5 диффузор 4 және тарель 7 бетінде пайда болған орталыққа кететін газбен араласады, бұл айналмалы жылдамдықты төмендетіп, радиалды газды жоғарылатады. Диффузордан 4 шыға берісінде осьті және айналмалы жылдамдықтың дәрежесі өзгереді, бұл жанармай газды қосылыстың факельдің бұрышының өзгерісіне алып келеді.

Жанармай берілуінің реттелуі жанармай газды қосылыстың факелінің шашу конусының бұрышының өзгеруі газ берілудің өзгертумен жүзеге асады, ал қосымша газ құбыры 8 арқылы. Жанармайдың берілуін басқаруының және ағымның айналдыруын келесідей жүзеге асады. Газдың бір бөлігі тарель 7 тесіктері арқылы құйындатушының 4 айналасына беріледі, бұл кезде негізгі айналдырылған газ ағымы тоқтайды, бұл газ ағымының айналмалы жылдамдығының төмендеуіне алып келеді. Бұл кезде газдың жалпы шығыны өседі, бұл газ жылдамдығының радиалды бөлігінің көбеюіне алып келеді. Газ жылдамдығының құрамасының өзгеруі бүріккіштің шыға берісіндегі жанармай газ қосылысының шашылу конусының бұрышының ашылуына алып келеді.

Берілген фурманың конструкциясын қолдану жанармайдың оптимальді шашылуын қамтамасыз етеді, мысалы пешке берілетін мазут, жоғары температура аумағындағы жұмыста минимальді шығын және жоғары сенімділік жағдайындағы құрылғы. Жанармайдың шашылу параметрлерін басқару жағу үрдісін жақсы реттеуге мүмкіндік береді немесе құрылғыны қайта құрастырусыз жанармайдың бір жану режимінің екінші жану режиміне өтуіне мүмкіндік береді.

1-газқұбыры; 2-корпус;3-жанармай өткізуші түтік;4-диффузор;5-құйындатушы;6-қосымша шеңбер;7-тарель;8-қосымша газ құбыры.

2.2-сурет-№ 106980 патенті

Соседние файлы в папке ППУ