Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Сәулеттік құрылыс саласы

* * * * * *

Сәулет өнері және оның зерттелуі

Сәулет өнері ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Архитектор гректің «архитектон» деген сөзінен алынған. Алғашқы мағынасы құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдірген.

Ал, Даль архитектор деген терминге «ғалым-құрылысшы», «суретші-құрылысшы» деген анықтама береді. Сәулет өнерінің мақсаты – адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым құрылыс конструкцияларды арқылы ұыймдастырып іске асыру.

Өзінің атқаратын қызметіне қарай архитектура негізі үш түрге бөлінеді: 1. көлемдік ғимараттар құрылысының архитектурасы (тұрғын үй, театр, мектеп, дүкен); 2. қаланы көріктендіру немесе жасыл-желек архитектурасы (бақ-парк, фонтандар); 3. қала құрылысының архитектурасы, яғни қала салу өнері (жаңа қалалар салу, ескі аудандарын жаңарту).

Ғасырдан ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары сәулеттік ескерткіштер қатарына жатады. Ондай ескерткіштер өз дәуірінің құрылыс салу тәсіліне сай бітім-пішіні бар белгілі үлгімен салынады. Дүние жүзі халықтарының архитектурасындағы мұндай ерекшілік оның ең бірінші қоғамдық даму сатысына, тұрмыс салты мен мәдени өркендеуіне, ұлттық дәстүріне, табиғаты мен ауа райына, сондай-ақ жергілікті құрылыс материалына байланысты болады.

Құрылыс – жер шарындағы ең ежелгі өнердің бірі. Адам өзінің бірінші үйін ежелгі тас дәуірінің палеолит кезеңінің басында тұрғызған. Түнемелікке жатар жерді қалың шөптесінді немесе қалқалау жерді таңдаған, содан кейін күрке, лашық сала бастады. Қазірдің өзінде өте ежелгі құрылымдар, көне жұрт, баспана-жайлар кейбір жерлерде сақталған.

Алғашқы өркениет пайда болғанға кейін адамдар осындай құрылыстарда тұрып келген. Кейіннен қалалар салынып, әртүрлі құрылыстар жүргізілсе де, сол күркелер мен лашықтар әлі де өз қызметін жалғастырып келе жатыр.

Сөздік:

сәулет өнері – архитектура күрке, лашық – шалаш

адамзат – человечество түнемелі – ночлег

бас шебер – главный мастер ежелгі – древний

баспана – жилище, укрытие, убежище

124-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Архитектор» сөзі қай сөзден алынған? 2. Бұл сөздің алғашқы мағынасы қандай? 3. Даль «архитектор» деген сөзге қандай анықтама берген? 4. Сәулет өнерінің мақсатын қалай түсіндіресіздер? 5. Сәулет өнері атқаратын қызметіне қарай қанша түрге бөлінеді? 6. Сәулет өнерінің туындылары ненің қатарына жатады? 7. Адам өзінің бірінші үйін қай кезеңде тұрғызған? 8. Құрылыс не себепті ең ежелгі өнердің түріне жатқызылады? 9. Сәулет қандай өнер түрлерімен тығыз байланысты?

125-тапсырма. Төмендегі термин сөздердің аудармасын есте сақтаңыздар.

ғимарат – здание ескерткіш – пандус

жобалау – проектирование үлгі, нұсқа – образец

көлемдегі ғимарат блогы – объемный блок здания

ескерткіш ғимараттар – мемориальные сооружения

ескерткіш саяжайлар – мемориальные парки

126-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, қазақ тілінде мазмұндаңыздар.

Архитектура – искусство строить здания и их комплексы, предназначенные для повседневных запросов частной и общественной жизни и деятельности людей. Любое здание включает в себя жизненно необходимое пространственное ядро-интерьер. Его характер, выраженный во внешней форме, предопределен назначением, условиям жизни, потребностью в удобстве и просторе. Связана в своем развитии с меняющимся материальными потребностями человека, с развитием науки и техники архитектура является одной из форм материальной культуры.

Вместе с тем архитектура – один из видов искусства.

В художественных образах архитектуры отражаются и строй общественной жизни, и духовного развития общества, и его общественной жизни, уровень духовного развития общества, и его эстетические идеалы.

Сөздік:

интерьер – ішкі көрініс, ішкі бейне

оформление – әшекейлеу

своеобразие өзгешілік, өзіндік

воз действовать – әсер ету, ықпал ету

градостроительство – қала кұрылысы

предопределить – алдын-ала аныктау

127-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап алыңыздар.

Сәулет – үнсіз музыка Өнер сыры – өрнекте

(И.Гете) ( Ғ. Мүсірепов)

Архитектура әндер мен аңыздар үнсіз калып, жер бетінен жойылған халық туралы ештеңе де айтпайтын кездерде де тарих шежіресін жырлап тұрады.

( Н.В. Гоголь)

Ғимарат салғанда адамның тұруына ыңғайлығын әдемілікке ұштастыра білген суретші – мақтауға тұратын сәулетші.

(Д. Бернини)

Әдістемелік ұсыныс: Ғаламдық сәулет өнерінің тарихы мен Қазақстандық сәулет өнерінің тарихын салыстыра отырып, адамзат қолынан шыққан өнер туындыларымен таныс болу үшін ғылыми әдебиеттерді, ғаламтор бетіндегі материалдарды пайдалану қажет. Қазақстан архитектурасы, сәулет өнерінің тарихы, өзіндік ерекшелігі және оның басқа салалармен тығыз байланысы туралы материал жинау, мәлімет дайындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Сәулет өнері қай уақыттан бері адамзатпен бірге жасасып келеді, оның

негізгі мақсаты қандай?

2. Сәулеттік ескерткіштерге не жатқызылады, сәулетші болу үшін нені

білу қажет?

3. Сәулет өнерінің өзге өнер түрлерінен өзіндік ерекшелігі және ортақ

қасиеті неде?

  1. Сәулет құрылыс саласы қай кезеңде пайда болған?

С а б а қ қ а қ о с ы м ш а

134-тапсырма. Қазақстандағы құрылыс ісін тарихи деректермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Қазақстанның құрылысы

Қазақстандағы құрылыс ісі жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Алғашқы адамдар әуелі үңгірлерді мекендеді. Үңгірі жоқтар жазық далаларда сайлардың, өзен-көлдердің жарқабақтарындағы ықтасындарды пайдаланды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер тұрақтары шағын топ болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыс аңшыларының, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құраған адамдардың тіршілік жайын сипаттады. Бірте-бірте жеркепелер салуды үйренді. Ол үшін жерді тайыздау қазып, үстіне ұзын сырықтар тастаған. Сырықтарға тіреулер қойып, үйдің төбесін бұтақ, қамыс, шөп-шаламмен жапқан, сосын шым топырақпен бастырған. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің іздері сақталып қалды. Мысалы: Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары.

Мұнан 5 мың жылдай бұрын адамдар металды қолдана бастады. Оның үй салуды жақсартуға пайдасы тиді. Тұрақты мекендерде қыстақ салуға мүмкіндік туды. Олардың қабырғалары көбіне бөренелерден тұрғызылды, төбесіне сырықтар тасталып, төбелері жабылды. Негізгі от жағылатын бөлмені айнала қоршаған шаруашылық бөлмелер салынатын. Бәрі сыртынан таспен қоршалып, топырақпен көмілді. Сыртынан қарағанда киіз үйге ұқсады. Мұның өзі киіз үйлердің пайда болуына негіз болды. Қазақстан аймағында киіз үй б.з.б. VП ғасырдан бері қарай кеңінен пайдаланылды. Ол мал шаруашылығымен айналысқан көшпелілердің негізгі баспанасына айналды.

Қола дәуірінде қарапайым құрылыс техникалары пайда болып, сәулет өнері дами бастайды. Б.з.б. ІV ғасырда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ оның алуан түрлері – цилиндрлі, сопақ, кеспек тәрізді типтері кеңінен қолданылды. Бірқатар зерттеушілер мұны әлемдік сәулет өнерінде алғашқы салынған күмбездер қатарына қосады. Осы кезеңдерде Қазақстандағы қала салу дәстүрі өркендеп, кейін еліміздің көшпенді тұрғындарының сәулет өнері мен құрылыс техникасы дами түсуіне әсер етеді.

Орта ғасырларда шикі кірпіш сәулет өнері қанат жайды. Қала-қорғандар көбейіп, шағын қалалардың сырты соқпа балшықтан немесе шикі кірпіштен соғылған қорғандармен қоршалды. Ертедегі бұл дәуірде отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар цитадельдерге айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Қалалардың экономикалық маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Цитадель, шахристан, рабаттан тұратын қала «мәуеранахерлік үлгідегі қала» атағына ие болды. Еліміздің көптеген қалалары осы үлгі бойынша ғасырлар бойы дамыды.

Сөздік:

балшық-топырақ – глинозем қамал – замок

тошала, қойма – клеть қорған – замок

кесене – мавзолей бекініс – острог

соқпа өңдеу – ударная обработка сопақ – овальный

шикі (күйдірілмеген) кірпіш – безобжиговый кирпич

балшық-ғаныш ерітіндісі – глино-гипсовый раствор

135-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Алғашқы адамдар қай жерлерді мекендеді? 2. Жеркепелер салу үшін қандай жұмыстар атқарылды? 3. Үй салуға ненің пайдасы тиді? 4. Қыстақ салу үшін қандай жұмыстар атқарылды? 5. Б.з.б. ІV ғасырда құрылыста қандай тәсілдер кеңінен қолданыла бастады? 6. Орта ғасырларда шағын қалалардың сырты қандай қорғандармен қоршалды? 7. Бекініс-үйлер қашан, қалай пайда болды? 8. Орта Азияда қандай қалалар салынды?

136-тапсырма. Сөйлемдердегі сан есімдерді түрлеріне қарай әр бағанаға бөліп жазыңыздар.

1. Отырар ІХ ғасырда ірі қала болған. 2. Киіз үйдің артықшылығын біз 1988 жылы Армениядағы жер сілкінісінде байқадық. Сол қайғылы күндері үйсіз қалған адамдарға Қазақстаннан мыңдаған киіз үйлер жеткізілді. 3. Алтау ала болса, ауыздығы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 4. Жер шарының 2/3 бөлігін су алып жатыр. 5. Дүние жүзінде 2 мыңға жуық үлкенді-кішілі халықтар тұрады. 6. Тоғыз құмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Ойынға екі адам қатысады. Әр ойыншыда 81 құмалақтан болады, барлығы – 162.

137-тапсырма. Төмендегі көмекші етістіктерді негізгі етістіктерге тіркестіріп, олармен мамандыққа қатысты сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Қолындағы тасы ауыр болған соң, байқамай тастап жіберді. Ол жерге құлап түсті. Дүкеннен бір қап цементті алып шықты.

Жібер, түс, шық, қой, қал, өт, кел, кет, ал, бер.

138-тапсырма. Кранның қызметіне берілген өлеңді жаттап алыңыздар.

Бар ғой менің краным, Терезені көтерем,

Кранымды бұраймын. Керегені көтерем,

Ілгегіне іліп ап, Үй тұрғызып болған соң,

Жүк көтеріп тұрамын. Неменені көтерем?

139-тапсырма. Сөйлемдердің түрлерін (хабарлы, бұйрықты) ажыратыңыздар.

1. Ол есік алдында тұр. – Сен есік алдында тұр.

2. Ол орындық (-қа,-та) отыр. – Сен орындық (-та,-қа) отыр.

3. Ермек дала (-да,-ға) жүр. – Сен дала (-ға,-да) жүр.

4. Сағындық диван (-ға,-да) жатыр. – Сен диван (-да,-ға) жат.

140-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі судың түрлерінің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары

Орыс тіліндегі аудармасы

  1. тазартылған су

  2. сүзілген су

  3. буға айналған су

  4. ағын су

  5. ауыз су

  6. лас су

  7. ыстық су

  8. қайтпалы су

  9. кеуектегі су

  10. лай су

  11. жерасты суы

  12. салқындатылған су

а) вода в виде пара

ә) оборотная вода

б) подземная вода

в) охлажденная вода

г) напорная вода

ғ) поровая вода

д) сточная вода

е) иловая вода

ж) фильтрационная вода

з) дистилированная вода

и) горячая вода

к) питьевая вода

6-апта. 11-тәжірибелік сабақ

141-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Ерте ғасырлардағы сәулетті ірі құрылыстардың салынуына ислам дінінің әсері және Айша-бибі кесенесі туралы берілген деректер туралы өзара ой бөлісіңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]