Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

Ақпараттық технологиялар

* * * * * *

Ақпараттану ғылымының даму жолдары

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ және қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар – абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, «Манхеттен жобасын» (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен, транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанымен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан – БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.

Бастапқы кезеңде ЭЕМ-дерде арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.

70-ші жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталатын микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70-ші жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы LBM фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды. Бұл құралдар өте қымбат болғандықтан, оның мүмкіндіктерін ірі корпорациялар мен қаржы ұйымдары ғана пайдалана алды. 1960-1980 жылдардың аралығында осы салада бүкіл әлем бойынша 12 миллионнан астам жұмыс орындары құрылған. Ал қазіргі уақытта нақ осы салада істейтін адамдар саны жылдан-жылға басым түсіп келеді. Мәселен, АҚШ-та халықтың 60 пайыздан астамы, Еуропада үштен екі бөлігі ақпараттық салада жұмыс істесе, кейбір деректер бойынша ТМД-да бұл көрсеткіш 40 пайызға жуықтап қалған.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры, тәуелсіз және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендірле бастады. «Шекарасыз әлем» атауына ие болған ғаламтор арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен ақпараттар еш кедергісіз қоғамымызға енуде.

«XXI ғасырда техника дамыған елдерде ақпараттың негізгі базасы қағазсыз көріністе ЭЕМ (компьютер) жадында сақталады. Демек, XXI ғасырдың басында осындай ақпараттарды пайдалана алмаған адам – XX ғасыр басындағы не оқу, не жазуды білмейтін адамдай боп қалады» – деген еді В.M.Глушков.

Қазіргі заман ақпарат технологиясы адам әрекетінің барлық салаларына терең тамыр жаюда. Сол себепті, ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан әрбір азамат жаңа технологияларды пайдалана алуы және компьютерде істеуі бойынша дағдыға ие болуы қажет.

Сөздік:

электронды есептегіш мәшине – электронная вычислительная машина

түсінік – понятие қарқынды – интенсивно

ақпарат – информация ғаламтор – интернет

Сабақта талқылаңыздар! Ілім мен білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі десек, келешекте білімі күшті ел ғана озары анық. Бүгінгі күні ақпараттық технология, интернет жүйесі − оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметінің барлық салаларына бірқатар өзгерістер енгізуде. Ақпараттану ғылымының қарқынды даму жолдары туралы не білесіздер? Ой бөлісіп, пікір алмасыңыздар, талқылаңыздар.

212-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Адамзат баласының даму тарихында есептеу жұмыстарын жүргізіп отырудың қаншалықты қажеттілігі болды? 2. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты нелер шығарыла бастады. 3. Қолмен есептеу істері неге байланысты адамның тікелей араласуын талап етті? 4. Алғаш пайда болған ЭЕМ-дер қандай болды? 5. Микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға деп нені айта аласыздар? 6. Тәуелсіз Қазақстан қандай ғасырға қадам басты? 7. В.M.Глушков XXI ғасырдағы техника жөнінде қандай пікір айтқан? 8. Не себепті ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан әрбір азамат жаңа технологияларды пайдаланып, компьютерді меңгерулері тиіс?

213-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, сәйкестендіріп, олармен сөйлемдер құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Ү л г і : Ғаламтор арқылы көп мәлімет алуға болады.

1. ақпаратты

2. адамдардың

3. компьютерлік

4. кибернетикалық

5. компьютер

6. ғаламтор

7. құбылыстың

а) арқылы

ә) күйі

б) жады

в) өңдеу

г) жүйе

ғ) тәсілдер

д) уақыты

1……………………………………

2……………………………………

3……………………………………

4……………………………………

5……………………………………

6……………………………………

7……………………………………

214-тапсырма. Берілген қысқаша мәліметпен танысып, өзара ой бөлісіп, пікірсайыс ұйымдастырыңыздар.

Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000-нан астам компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society – Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ десек те, осы көрсеткіштердің Қазақстанға, яғни елімізге қаншалықты үлесі бар деп айта алар едіңіздер? Жалпы алғанда, Қазақстанды өркениеттің қандай көкжиегінен көре аламын деп ойлайсыздар?

215-тапсырма. Төмендегі сұрақ төңірегінде ой бөлісіп, пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

Соңғы уақытта жастар арасында «Агент – әлемдік дода» деген сөз қалыптасып, кішкене ғана ұялы телефонға үңіліп отыратын жастардың қатары күннен-күнге артып барады. Жалпы агенттің пайдасы мен зияны туралы қандай ой-пікірлеріңіз бар?

216-тапсырма. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

1. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. 2. Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні энергия мен ақпарат. 3. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәлімет. 4. Ақпарат барлық салаларда пайдаланылады. 5. Ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу.

217-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

есептеу құралы

логарифм түсінігі

логарифм кестесі

жүгіртпесі бар сызғыш

навигациялық есеп

сандарды көбейту

квадрат түбірі

перфорациялық машина

логарифм сызғышы

қосу машинасы

арифмометр құрастыру

күрделі қосу есебі

сандарды бөлу

құрылғылар жасау

бірінші бағдарламалаушы


218-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Маңызды ақпарат. Ақпарат ұғымы. Ақпарат қабылдаушы. Ақпарат тасушы. Ақпаратты өңдеу. Ақпаратты сақтау.

Әдістемелік ұсыныс: Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарын пайдалануда шығармашылық қабілеттің дамуына мүмкіндік жасау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Алғаш пайда болған ЭЕМ-дердің қызметі.

  2. XX ғасырды ақпараттық технология ғасыры деп атау себебі төңірегінде әңгімелесу.

  3. «XXI ғасырда техника дамыған елдерде ақпараттың негізгі базасы қағазсыз көріністе ЭЕМ (компьютер) жадында сақталады. Демек, XXI ғасырдың басында осындай ақпараттарды пайдалана алмаған адам – XX ғасыр басындағы не оқу, не жазуды білмейтін адамдай боп қалады» – деген В.M.Глушковтың пікірін түсіндіріп, талқылау.

9-апта. 18-тәжірибелік сабақ

219-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

Ақ п а р а т т а н у

Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер болып табылады.

Дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы барын ұйғарады деп пайымдауға болады.

Бұл ұғым бірі қалмастан, барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады.

Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.

Ақпаратты қорғау құралдары. Ақпаратты қорғау − ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұзудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпаратты қорғау құралдарына − мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары жатады. Ақпаратты қорғау жүйесінің сапасы әр түрлі жағдайларға байланысты. Бұл жағдайларға мыналар жатады: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері. Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін; деректер өңдеу жүйесіне талдау жасау; ықтимал бұзушының үлгісін таңдау; ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу; ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.

220-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Адамның барлық іс-әрекеті кез келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио т.б. Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым-қатынасы – бұл ақпарат беруі.

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық- саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б.

Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық)немесе шығыстық ;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық, айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары: Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.

Кейбір ағаштар бір – біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет

бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.

221-тапсырма. ”АҚПАРАТ“ деген терминге қандай мағына бересіздер? Жауапты жазбаша беріңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]