Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Компьютерлік желі.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
133.59 Кб
Скачать

Физикалық тасымалдаушы орта-

 

      Физикалық тасмалдаушы орта негізінде коммуникациялық желі құрылады. Сонымен, компьютерлік желі–бұл абоненттік жүйе және коммуникациялық желілердің жиынтығы.

 

 

Абоненттік жүйелердің аймақтық орналасуына байланысты ақпараттық желілерді 3 негізгі класқа бөлуге болады:

  • Ғаламдық желілер;

  • Аймақтық желілер (корпоративтік);

  • Жергілікті желілер

Ғаламдық желі  түрлі континент, елдер  абоненттерін біріктіреді. Мұндай желі абоненттері арасындағы байланыс телефон жүйесі және спутниктік, радио байланыс арқылы жүзеге асады. Ғаламдық есептеу желілері барлық адамзаттардардың ақпараттық ресурстарын біріктіру мәселесін шешуге және осы ресурстарға қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ең әйгілі ғаламдық есептеу желісі –Интернет.

Аймақтық желі үлкен қалалар, экономикалық аймақтар сияқты бір-бірінен біршама алыс орналасқан абоненттерді біріктіреді.

Жергілікті желілер өте қашық емес территориядағы орналасқан абоненттерді біріктіреді. Жергілікті есептеу желісі– бір-бірінен алыс орнласқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі

Компьютерлік желі иерархиясы:.

       Коммуникациялық желілердің негізгі құрауыштары:

 Байланыс арналары

  Желі топологиясы–бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.