Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Компьютерлік желі.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
133.59 Кб
Скачать

Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.

ҰЯЛЫ қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады. Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір орыннан екінші орынға ауысып отыруына байланысты.

Интернеттің көрсететін қызметі.  Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:

  • Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;

  • Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);

  • Әлемдік тор (WWW)

  • Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесе VoIP);

  • Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;

  • Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)

  • (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;

  • Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.

7. Электронды пошта.

Қазіргі электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.

Электрондық пошта жүйесі:

  • қолданушы агенті — әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;

  • тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

  • жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.

Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.

Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға,  таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.

Бөрлі ауданы бойынша электронды пошта арқылы хабарласу мүмкін екенін мына суреттен көруге болады.

Ска

Компьютерлік желілер, түрлері

 

Қазіргі заманғы өндіріс ақпаратты жоғары жылдамдықта өңдеуді, оны өңдеу және берудің тиімді формаларын қажет етеді. Осы мақсатта компьютерлік желілер құрылады.

Желі–мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілегн компьютерлердің жиынтығы.

Есептеу желісі–бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады.

Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар: жұмыс станциялары; желі серверлері; қатынастық тораптар.

Желі абоненттері–ақпаратты өңдеу немесе қолданатын нысандар.

Желі абоненттері жекелеген ЭЕМ-дер, ЭЕМ комплекстері, өндіріс роботтары, станоктар және т.б болуы мүмкін. Кез-келген желі абоненті станцияға қосылады.

            Станция–ақпаратты қабылдау және беруге байланысты қызметтерді атқаратын аппаратура.

Абоненттер мен станция жиынтығы абоненттік жүйе деп аталады.

            Абоненттердің өзара байланысын ұйымдастыру үшін физикалық тасмалдаушы орта қажет.