
- •Латын алфавиті
- •Фармацевтикалық терминология
- •1 Сабақ
- •§ 1 Фармацевтикалық терминология туралы жалпы түсінік
- •§ 2 Фармацевтикалық терминологияның құрамы
- •§ 3 Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі
- •§4. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
- •§5. Тривиальды атаулардың жасалу моделі
- •§6. Сөз құрамында жиі кездесетін сөз бөлшектері
- •II. Дәрі-дәрмектердің аттарын латынша жазып, мағынасын түсіндіру
- •III. Жиі кездесетін түбірлердің астын сызып, мағынасын түсіндіру
- •2 Сабақ
- •§ 7. Етістік туралы жалпы түсінік
- •§ 8. Етістіктің жіктелу түрлері. Сөздіктегі түрі
- •§ 10. Шартты рай
- •§ 11. Бұйрық рай (Imperativus)
- •§12. Рецепте кездесетін етістіктер
- •§13. Рецепте fierі деген етістіктің қолдану мысалдары
- •3 Сабақ
- •§14. Химиялық элементтер
- •§15. Қышқылдар атаулары (қышқыл- Acidum, I n)
- •§16. Оксидтердің атаулары
- •Жасалу моделі
- •§17. Тұздардың атаулары
- •Аниондардың атаулары
- •§18. Эфирлердің атаулары (aether, eris m)
- •Эфирлердің жасалу моделі
- •1. Қышқылдардың жасалуы
- •II. Оксидтердің, пероксидтердің, гидроксидтердің жасалуы.
- •III. Тұздардың жасалуы
- •§19. Рецепт
- •§ 20. Рецепттің құрамы
- •§21. Дәрі- дәрмектердің мөлшерін белгілеу жүйесі
- •Рецепт үлгісі
- •§ 22. Рецептте қосымша қойылатын белгілер
- •§ 23. Рецепттің латын тілінде жазу ережесі
- •Рецепт жолының жазылуы
- •§24. Көп сөзді дәрі-дәрмектердің аттары
- •§25. Рецепте кездесетін предлогы бар сөз тіркестері
- •Латын септіктерінің жалғаулар кестесі
- •§ 26. Таблеткалардың және суппозийторийлердің жазылу ерекшеліктері
- •Таблеткалардың, суппозиторийлердің, драже және аэрозольдердің рецепт жолында жазылуы:
- •Рецепттер бойынша тапсырмалар
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •6 Тапсырма
- •7 Тапсырма
- •Фармацевтикалық терминологиядан қысқаша сөздік
- •Дәрі-дәрмектердің аттарында жиі кездесетін түбірлер
- •2 Тапсырма химиялық номенклатура Химиялық элементтерінің атаулары
- •Тұздардың және эфирлердің атаулары
- •Химиялық номенклатурадағы қолданылатын сын есімдер
- •3 Тапсырма Дәрі түрлерінің аттары
- •Дәрілік заттардың аттары және басқа сөздср
- •Дәрі-дәрмектердің аттары
- •4 Тапсырма Дәрілік шикізаттар
- •Б) Өсімдіктердің аттары
- •Дәрі-Дәрмектердің аттары
- •Дәрі- дәрмектердің аттарында кездесетін анықтауыштар
- •5 Тапсырма Дәрілік шикізат. Өсімдіктердің аттары
- •Дәрілік заттардың аттары
- •Дәрі дәрмектердің атауларындағы анықтауыштар
- •6 Тапсырма Рецептерде кездесетін предлогы бар сөз тіркестері
- •Дәрілік заттардың аттары
- •Дәрі - Дәрмектердің атауында кездесетін анықтауыштар
- •Рецепттегі қысқартулар
- •Рецептегі қысқартулар
- •Әдебиеттер
Латын алфавиті
Aa Ff Kk Pp Uu
Bb Gg Ll Qq Vv
Сс Hh Mm Rr Xx
Dd Ii Nn Ss Yy
Ee Jj Oo Tt Zz
Фармацевтикалық терминология
1 Сабақ
§ 1 Фармацевтикалық терминология туралы жалпы түсінік
Фармацевтикалық терминология /гр. pharmakeia - дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы/- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация – бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея – кітап. Осы кітапқа дәрі-дәрмектердің атаулары мен дәрі түрлері, препараттар туралы жазылған мемлекеттік заңдардың жинағы кіреді.
§ 2 Фармацевтикалық терминологияның құрамы
Фармацевтикалық терминдер алуан түрлі фармацевтикалық ұғымдарды білдіреді:
дәрінің дәрілік түрлерін /ұнтақ, ертінді, таблетка т.б./;
дәрілік өсімдіктердің аттарын /ботаникалық номенклатура/;
өсімдік пен жануар тектес шикізаттарының түрлерін /тамыр, гүл/;
химиялық қосылыстардың жүйелі /ғылыми/ атаулары , химиялық. номенклатура;
5. дәрі-дәрмектердің тривиальды /шартты/ аттарын.
§ 3 Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі
Дәрі-дәрмек. Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.
Дәрілік зат – биологиялық зат немесе химиялық қосылыстардан тұратын дәрі.
Дәрілік өсімдік шикізаты – медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары (шөп, тамыр, жапырақ, гүл, тамырсабақ және т.б).
Дәрінің түрі - өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т.б.).
Дәрілік препарат – арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек.
Ықпалды зат - терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі.
Белгіленген мөлшерде бір немесе бірнеше ықпалды заттың бір дәрілік түрінде кіретін дәрі-дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектер деп атайды.
§4. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
Көптеген дәрі-дәрмектердің атаулары химиялық қосылыстар болып есептелінеді. Мысалы, мыс оксиді, фоли қышқылы. Бірақ, олар дәрі-дәрмектердің номенклатурасында ғылыми /жүйелі/ атаулар емес, тривиальді (латын trivialis, е - дағдылы, әдеттегі) атаулар сияқты қолданылады.
Ғылыми, яғни жүйелі атаулар дәрі- дәрмектердің химиялық құрамын қамтып көрсетеді.
N |
Жүйелі /ғылыми атауы |
Тривиальды атау |
|
1-Фенил - 2,3- диметил -4 метиламино-пиразолон - 5 - метансульфонат натрия |
1. Анальгин |
|
Транс –9,13 – Диметил – 7 –1/1,15 – три метилциклогексен – 5 мл –6/ нона-тетраен – 7,9,11,13 ол |
2. Ретинол (Витамин А) |
Дәрі-дәрмектердің ғылыми (жүйелі) атаулары күрделі болғандықтан күнделікті қолдануға ыңғайсыз. Соған орай, қысқа, және түсінікті болу үшін тривиальды атаулар қолданылады. Тривиальды атаулар - бір немесе бірнеше белгілерінен негізделген жасанды жаңа сөздер. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атауларында мынандай белгілер болуы мүмкін: заттың неден жасалғаны, химиялық құрамы, синтез жолының түрі, терапевтік әсері, фармацевтикалык тобына қатыстылық анатомиялық немесе физиологиялық жағынан сипаты , кездейсоқ ассоциациялар.
Дәрі-дәрмектердің номенклатурасы көп елдерде екі тілде белгіленген латын және ана тілдерінде. Латынша аты атау септіктің жекеше түріндегі жалғауға аяқталады дa, септеудің II түрі /Gen. sing, i / netrum зат есімдері болып табылады. Ал орысша және қазақша баламасында латын тіліндегідей, бірақ "um" жалғауы түсіп қалған. Мысалы:
лат.
Tetraсyclinum
Analginum
орыс. қаз.
тетрациклин
анальгин
Тривиальды атауларында екпін соңғының алдындағы буынға түседі. Латынша дайындығы жоқ сатуға түскен патенттелген саудалық атаулар, біркелкі болу үшін - um жалғауын алады, ілік септікте —і . Мысалы. Lasix - Lasixum; Lasixi.
а - жалғауға аяқталатын атаулар, ілік септікте I септеу зат есімі сияқты септеледі. Мысалы: Nospa - Nospae.