Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пособие лат. Фарм.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
882 Кб
Скачать

Латын алфавиті

Aa Ff Kk Pp Uu

Bb Gg Ll Qq Vv

Сс Hh Mm Rr Xx

Dd Ii Nn Ss Yy

Ee Jj Oo Tt Zz

Фармацевтикалық терминология

1 Сабақ

§ 1 Фармацевтикалық терминология туралы жалпы түсінік

Фармацевтикалық терминология /гр. pharmakeia - дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы/- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация – бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея – кітап. Осы кітапқа дәрі-дәрмектердің атаулары мен дәрі түрлері, препараттар туралы жазылған мемлекеттік заңдардың жинағы кіреді.

§ 2 Фармацевтикалық терминологияның құрамы

Фармацевтикалық терминдер алуан түрлі фармацевтикалық ұғымдарды білдіреді:

  1. дәрінің дәрілік түрлерін /ұнтақ, ертінді, таблетка т.б./;

  2. дәрілік өсімдіктердің аттарын /ботаникалық номенклатура/;

  3. өсімдік пен жануар тектес шикізаттарының түрлерін /тамыр, гүл/;

  4. химиялық қосылыстардың жүйелі /ғылыми/ атаулары , химиялық. номенклатура;

5. дәрі-дәрмектердің тривиальды /шартты/ аттарын.

§ 3 Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі

  1. Дәрі-дәрмек. Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.

  2. Дәрілік зат – биологиялық зат немесе химиялық қосылыстардан тұратын дәрі.

  3. Дәрілік өсімдік шикізаты – медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары (шөп, тамыр, жапырақ, гүл, тамырсабақ және т.б).

  4. Дәрінің түрі - өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т.б.).

  5. Дәрілік препарат – арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек.

  6. Ықпалды зат - терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі.

  7. Белгіленген мөлшерде бір немесе бірнеше ықпалды заттың бір дәрілік түрінде кіретін дәрі-дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектер деп атайды.

§4. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары

Көптеген дәрі-дәрмектердің атаулары химиялық қосылыстар болып есептелінеді. Мысалы, мыс оксиді, фоли қышқылы. Бірақ, олар дәрі-дәрмектердің номенклатурасында ғылыми /жүйелі/ атаулар емес, тривиальді (латын trivialis, е - дағдылы, әдеттегі) атаулар сияқты қолданылады.

Ғылыми, яғни жүйелі атаулар дәрі- дәрмектердің химиялық құрамын қамтып көрсетеді.

N

Жүйелі /ғылыми атауы

Тривиальды атау

1-Фенил - 2,3- диметил -4 метиламино-пиразолон - 5 - метансульфонат натрия

1. Анальгин

Транс –9,13 – Диметил – 7 –1/1,15 – три метилциклогексен – 5 мл –6/ нона-тетраен – 7,9,11,13 ол

2. Ретинол

(Витамин А)

Дәрі-дәрмектердің ғылыми (жүйелі) атаулары күрделі болғандықтан күнделікті қолдануға ыңғайсыз. Соған орай, қысқа, және түсінікті болу үшін тривиальды атаулар қолданылады. Тривиальды атаулар - бір немесе бірнеше белгілерінен негізделген жасанды жаңа сөздер. Дәрі-дәрмектердің тривиальды атауларында мынандай белгілер болуы мүмкін: заттың неден жасалғаны, химиялық құрамы, синтез жолының түрі, терапевтік әсері, фармацевтикалык тобына қатыстылық анатомиялық немесе физиологиялық жағынан сипаты , кездейсоқ ассоциациялар.

Дәрі-дәрмектердің номенклатурасы көп елдерде екі тілде белгіленген латын және ана тілдерінде. Латынша аты атау септіктің жекеше түріндегі жалғауға аяқталады дa, септеудің II түрі /Gen. sing, i / netrum зат есімдері болып табылады. Ал орысша және қазақша баламасында латын тіліндегідей, бірақ "um" жалғауы түсіп қалған. Мысалы:

лат.

Tetraсyclinum

Analginum

орыс. қаз.

тетрациклин

анальгин

Тривиальды атауларында екпін соңғының алдындағы буынға түседі. Латынша дайындығы жоқ сатуға түскен патенттелген саудалық атаулар, біркелкі болу үшін - um жалғауын алады, ілік септікте —і . Мысалы. Lasix - Lasixum; Lasixi.

а - жалғауға аяқталатын атаулар, ілік септікте I септеу зат есімі сияқты септеледі. Мысалы: Nospa - Nospae.