Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OM_OG_RK_2_raspech3.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
279.04 Кб
Скачать

Нұсқа/ Вариант № 2

  • Блок 1. Бұл блокта 10 тест сұрағына жауап беру керек, әр дұрыс жауап 5% /В данном блоке необходимо ответить на 10 тестовых вопросов, за каждый правильный ответ 5%

1. Медициналық тексеріс кезінде ер баланың бір жыл ішінде 2 рет жедел респираторлы сырқатпен ауырғаны, екінші дәрежелі дене дамуы анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша ер баланың денсаулығы қандай топқа жатады?

  1. 1 топ

  2. 2 топ

  3. 3 топ

  4. 4 топ

  5. 5 топ

2. 860 балаға есептелген мектептің жобаны сараптау кезінде анықталды: ғимарат үш қабаттан тұрады. Екінші қабатта сыныптық бөлмелер және шеберхана, химия кабинеті (зертханасымен) орналасқан. Жоба бойынша қандай қорытынды беруге болады?

  1. жоба жарамсыз, көрсетілген бөлмелердің орналасуы дұрыс ұйымдастырылмаған

  2. жоба жарамды, бөлмелердің орналасуы гигиеналық талапқа сай келеді

  3. жоба жарамсыз, шеберхананы бірінші қабатта орналастыру қажет

  4. жоба жарамсыз, химия кабинеті ең жоғарғы қабатта орналастыру қажет

  5. жоба жарамсыз, сыныптық бөлмелерден басқа кабинеттер екінші қабатта орналасуы қажет

3. Керн—Ирасек тестін 6 балдық бағаға тапсырды. Дыбысты айтудан ауытқулар анықталмаған. Жүргізілген тест қанша кезеңдерден тұрады және бала мектепке оқуға дайын ба?

  1. дайын, тест бір ғана бөлімді қамтиды

  2. дайын емес, тест бір ғана бөлімді қамтиды

  3. дайын, тест екі бөлімді қамтиды

  4. дайын емес, тест екі бөлімді қамтиды

  5. дайын, тест үш бөлімді қамтиды

4. Шаңның дисперстілігін зерттеу кезінде көлемі 2 мкм-ге дейін 41%, 2-5 мкм - 29%, 5-10 мкм – 18% және 10 мкм-ден жоғары – 12% шаң бөлшектері анықталды. Өте ауыр түрде өтетін кәсіптік патологиялардың дамуына қандай этиологиялық фактор әсер етеді?

  1. аллергиялық әсері бар шаң

  2. органикалық компоненттерден тұратын шаң

  3. АІЖ-ң бұзылыстарын тудыратын шаң

  4. фиброгенді әсері бар шаң

  5. органикалық көздерден пайда болған шаң

5.12 жастағы ер баланың екінші жыныстық белгісі 14 жастағы баланың екінші жыныстық белгілеріне сай екендігі анықталды. Баланың биологиялық жасы бойынша қандай қорытынды беруге болады?

  1. биологиялық жасы паспорттық жасынан оза дамыған

  2. биологиялық жасы паспорттық жасына сай

  3. биологиялық жасы бір қалыпты дамуда

  4. биологиялық паспорттық жасынан қалып қойған

  5. биологиялық жасын анықтау мүмкіндігі жоқ

6. Аурухананың бас жобасын сараптауда анықталды: емдеу корпустары арасындағы қашықтық 12 метр, көгалдандыру аймағы – 35%, құрылыс тығыздығы – 35%. Аурухана учаскесін жобасын бағалаған кезде гигиеналық талаптарға қандай параметрлері сай емес екендігін анықтадыңыз?

  1. корпус арасындағы қашықтық

  2. көгалдандыру ауданы

  3. барлық параметрлері

  4. аурухана құрылысының тығыздығы

  5. гигиеналық талапқа сай

7. Инфекцияық науқастарды емдеуге арналған корпустарды гигиеналық бағалау кезінде бокстың ішкі жабдықталуына ерекше көңіл аударылады. Бокстың кешендік құрамына қандай бөлмелер кіреді?

  1. көшеден кіретін тамбур, санитарлық бұрыш, палата, шлюз

  2. көшеден кіретін тамбур, ваннасымен санитарлық бұрыш, науқас пен персоналдың

байланысуына арналған орталық дәлізден бөлмеге кіру

  1. сыртан кіретін тамбур, санитарлық бұрышы мен ванна, палата, шлюз, бөлімшеге орталық дәліз арқылы кіру жолы.

  2. палата, шлюз, санитарлық бұрыш ваннамен, орталық дәліз арқылы кіру жолы

  3. сырттан кіретін тамбур, палата, дәрігер бөлмесі

8. Өндірістік ортада пайда болған шу таңғы ауысым кезінде уақыт арасында үзіліспен беріледі. Түстен кейін тұрақты шу деңгейі әсер етеді. Шудың тербеліс жиілігі дегеніміз не?

  1. 1 секундтағы толық тербеліс саны

  2. дыбыс толқынындағы екі көрші қоялану (сгущения) немесе ыдырау арасындағы қашықтық

  3. толық бір тербеліс болатын уақыт

  4. 1 с ішінде толқын процесі тарала алатын қашықтық

  5. тербелістегі дененің тепе-теңдік нүктесінен неғұрлым ауытқуы

9. Үй жағдайында дайындалған өріктен жасалған консервіленген компотты қабылдағаннан кейін, үйдегілер ауыз қуысының құрғауына, дауысының төмендеуіне, бас айналуына шағымданған. Берілген жағдайда қандай тағамнан улану болуы мүмкін?

  1. стафилакоккты токсикоз

  2. сальмонеллез

  3. ботулизм

  4. микотоксикоз

  5. эрготизм

10. Перфоратормен жұмыс жасайтын еңбек кезінде жұмысшыға әсер ететін діріл бірінші кезекте ағзаның қандай жағдайына тығыз байланысты?

  1. тіндер мен мүшелердің физикалық-механикалық қасиетіне

  2. тербелетін дененің меншікті тығыздығына

  3. жұмысшының жасы мен жұмыс стажына

  4. өндірістегі еңбек пен демалыс тәртібіне

  5. тәуліктік биоритміне

  • Блок 2. Бұл блокта 1 тапсырма шешуге тиісті, әр дұрыс жауап – 50% /

  • В данном блоке необходимо решить 1 задачу, правильный ответ - 50%

8 адамның улануына кешкілік орталық базардан алынған саңырауқұлақ икрасы себеп болды. Тамақ ішкеннен кейін 6-10 сағаттан соң құсу, балалардың естен тануы, галлюцинация байқалды. Науқастар ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде науқастардың іш құрсағын бойлай ауырсыну, анурия басталды. Келесі күні науқас оң жақ қабырға астындағы ауыруға шағымданды, көз склерасы және тері жамылғасы сарғайып кетті. Науқастардың жағдайы қысқа уақыт аралығында нашарлап, комаға түсті, бұл жағдайдан шығару оңайға түскен жоқ.

Тапсырма: Қандай алиментарлық ауру орны алды және уландыруша себепті анықта.

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Тамақтан улануға анықтама беріңіз жіне жіктеңіз

2.Тамақтан уланудың алдын алуға арналған шаралар кешенін сипаттаңыз

Жалпы гигиена, экология курсына жауапты Калишев М.Г.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]