Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка микробиология.doc
Скачиваний:
610
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Ақпаратты-дидактикалық блок

Бөтендігі бар антигендерді, соның ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тану және оларды жою — бұл иммундық жүйенің негізгі қызметі. Инфекцияға қарсы қорғаныс спецификалық және бейспецификалық механизмдерден өтуі мүмкіндігі бар болады.

Қорғаныс типі

Мысалдар

Бейспецификалық қорғаныс (резистенттілік)

Фагоцитоз, лизоцим, интерферон, комплементтің альтернативті жолмен белсенуі

Спецификалық қорғаныс (иммунитет)

Иммуноглобулиндердің және спецификалық сенсибилизацияланған лимфоциттердің пайда болу индукциясы

[-►Пассивті

Табиғи

Ана сүтімен жаңа туган балага беріледі

Индуцирлен ген

Ксеногенді немесе аллогенді антиденелерді енгізу

[-► Активті

Табиги

Инфекциялық аурулар қорытындысындағы иммунизация

Индуцирлен ген

Вакциналар арқылы иммунизация

Бейспецификалық және слецификалық қорғаныс механизмдерінің байланысуы суретте схемада көрсетілген

Активті иммунизация спецификалық иммунды жауатпың индукциясында және иммунологиялық есте тұрады. Иммунологиялық ес қоздырғыштың антигенімен екінші рет кездескенде екінші иммундық жауап қысқа латентті мезгілімен береді.

Көбінесе бактериялық инфекциялардың қоздырғыштары клетканың сыртында көбееді. Спецификалық антиденелер бактериялардың үстімен байланысып комплемент қатысуымен цитотоксикалық реакцияларды туғызады (бактериолизис). Және де антиденелермен және комплементтермен тиелген бактериялар өте жеңіл фагоцитоздайды (опсонизация). Бірақта, фагоциттармен ұсталган кейбір бактериялар өлмейді (стрептококктар, сальмонеллалардың кейбір штаммдары, туберкулез микобактериялары, алапес микобактериялары, менингококктар, гонококктар).

Кейбір инфекциялардың патогенезінде экзотоксиндердің негізгі мағынасы бар болады (мысалы, сіреспе, газды гангрена, дифтерия). Егер қанда токсин - спецификалық антиденелер (антитоксиндер) болса олар токсиндерді бейтараптандырады (нейтрализация), яғни олардың пайда болуы көбінесе өте кеш болады, сондықтан адам организмін қорғау күйі болмайды. Сонымен, мысалы, сіреспе инфекциясын болжамдағанда дереу антитоксикалык антиденелерді енгізеді (пассивті иммунизация).

Профилактикалық иммунизация потенциальдық иммунизация жасайды, қайсысының арқасында организм инфекцияға екінші қайтара иммундык жауаппен қарсы алады. Бұл жауап дер кезінде токсиннің бейтараптануын (нейтрализация) қамсыздандырады.

Жасушалық иммунитеттің кейбір жағдайда ерекше мағынасы зор, фагоцитоздың қорғаныс маңызы бола тұрса да, in vivo патогенді бактериялар (мысалы, микобактериялар, бруцеллалар және т.б.) өмірге бейімділігін сақтайды және көбееді; созылмалы қабыну процессі пайда болады (лимфатикалық клеткалардың және макрофагтардың жиылуы). Жасушалық иммунитеттің бар болуын тері ішіне сынау жасап анықтауға болады. Кенет оң тері сынауы міндетті түрде бермейді белгілі инфекция жөнінде.

Студенттің өзіндік жұмысы

Тапсырма 1. Дайын вакцинаның тексеруін өткізу:

Вакцинаның мінездемесін мазмұндау - тірі, өлтірілген немесе химиялық;

Вакцинаның сыртқы түрі - қүрғақ, сұйық, мөлдір немесе мөлдірсіз

Вакцинаның стерилдендігін тексеру - ЕПА, ЕПС, Китта-Тароцци қоректік орталарына егу. Вакцинаның зиянсыздығын тексеру экспериментальды тышқандардың тері астына 0.5 мл вакцинаны енгізу.

Микроскопия - Грам бойынша жүғынды бояп морфологиясын анықтау.

Вакцинаның тұңбасын оптикалық стандартының тұңбасымен салыстыру (1 млрд = түңбаның 10 ЕД)

Қорытындыны альбомға жазу

Тапсырма 2. Вакцинациядан кейін қалыптасқан иммунитет дәрежесін анықтау.

Бағалау әдістері:

  • вакцина енгізілгендердің сарысуымен серологиялық реакция қою

  • тері-аллергиялық сынама жүргізу

Дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцина егілгендердің сарысуымен ТЕГР қорытындысы нәтижесін бағалау. Қорытындысын альбомга жазу.

Тапсырма 3. Вакциналық препараттардың демонстрациясын көру, альбомға мысалдарын жазу.

а) тірі вакцинамен келесі инфекцияларға қарсы арнайы сақтандыруы жүргізіледі:

туберкулезден (БЦЖ);

полиомиелиттен (Сэбин вакцинасы 1,2, 3 серотиптері);

обадан (Е, В);

сібір түйнемеден (СТИ);

Ку-безгектен (М-44);

Грипп, қызылша (Л-16).

б) өлтірілген вакцинамен келесі инфекцияларға қарсы арнайы сақтандыруы жүргізіледі:

- көкжөтел (АКДС),

- лептоспироз

- грипп

- кенелі энцефалит

в) химиялық вакциналар (протективтік антигендердің экстракциясы):

- менингококктық инфекция

- іш сүзегі

- грипп (грипп вирусының гемагглютинин мен нейраминидазадан)

г) анатоксиндер:

- стафилококктық

- адсорбцияланган сіреспелік анатоксин

- перфрингенс А адсорбцияланган анатоксині

- ботулинистикалық А, В, Е варианттарына

- дифтерияға қарсы анатоксин

Ассоциацияланган және комбинирленген вакциналар: АКДС-вакцина

Протоколды схема бойынша толтыру

Вакциналар

бактериофагтар

Сарысулар

Диагности

кумдар

Эубиотик

тер

тірі

өлтірілген

емдік

Диагнос-тикалық

Тапсырма 3. Демонстрациялық бактериологиялық препараттарды қолдану бағытын анықтау

Препараттар

Бағыты

профил актика

терапия

диагностика

инфекцияның жүқтыру көзін анықтау

Мысалы:

Стандартты стафилококкты

бактериофагтар

жиынтыгы

АКДС

Тапсырма 4. Демонстрациядағы иммуноглобулиндер препараттарын көру. Мысалдарын альбомға жазу.

Сарысулық препараттар: емдеу-профилактикалық, диагностикалық, моноклональды антиденелер.

Интерферондар - жануардан алынган белок, жасушалармен вирустық инфекцияга қарсы бөлінеді. Вирустардың репродукциясын тежейді, сондықтан вирустарға қарсы препарат болып қолданылады. Интерферондардың үш тобы анықталған:

  • лейкоцитарлық

  • фибробластық

  • иммундык (Т-лимфоциттермен синтезделеді).

Қазіргі кезде интерферонды гендік инженерия әдістерімен дайындалады.

Тапсырма 5. Көптеген инфекциялық ауруларда дамитын жоғары сезімталдықтың баяу типін тері-аллергиялық сынамада анықтауга болады.

Таблицада адамның жұқпалы ауруларында тері сынамасы бойынша қоздырғыштаоының антигендеріне жоғары сезімталдықтың баяу типі анықталған.

Ауру

Аллерген

Туберкулез

РРД (туберкулин)

Бруцеллез

Бруцеллин

Алапес

Лепромин

Трихофития

Трихофитин

Туляремия

Тулярин

Іш - сүзегі

Vi - тифин

Тері-аллергиялық сынама қорытындысы уақыт және багалау критериялармен есептеледі: көріністер дамуын 24-48-72 сағатта бақылайды. Егер сынама орнында инфильтрат көлемі 5 мм үлкен болса реакция оң нәтижелі.