- •Әдістемелік нұсқау
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:
- •6. Ақпараттық - дидактикалық блок.
- •Максимальды тізімі.
- •Өндірістік дәріханалардағы жұмыс орындарының минимальды тізімі.
- •Жасанды жарықтандыру.
- •Дәріхана бөлмелерін жылытуға қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріхана қызметкерлері өздерінің күрделі және жауапты жұмыстарын оңтайлы микроклимат жағдайларында жүргізуі қажет.
- •Табиғи жарықтандыру.
- •Дәріхананың желдету жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Дәріханаларда табиғи және жасанды желдетуді қолдану.
- •7. Сабақтың мазмұны:
- •Негізгі білім деңгейін бақылау.
- •Студенттердің өздік жұмысы.
- •1 Кесте. К1 коэффициентінің маңызы.
- •2 Кесте. К2 коэффициентінің маңызы.
- •3 Кесте.
- •4 Кесте.
- •5 Кесте. Шағылысу коэффициенті.
- •Беттердің шағылысу коэффициентін люксметр арқылы анықтау.
- •Бөлмедегі температуралық тәртіпті анықтау.
- •Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау.
- •Қорытынды білім деңгейін бақылау.
- •8.Сабақ бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Мамандық: 051105 «Фармация»
№ 1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы.
Студенттер үшін
Әдістемелік нұсқау
Тақырып: Дәріхана бөлмелерінің микроклиматын гигиеналық бағалау.
Курс: 1
Қарағанды 2005ж
Кафедра мәжілісінде талқыланған
«____»____________2005ж. №_____ хаттамасы
Бекіткен кафедра меңгерушісі
________________КалишевМ.Г
1.Тақырыбы: Ауаның физикалық қасиеттерін гигиеналық бағалау.
2.Оқу сағатының саны: 2 сағ.
3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Ауа жер бетіндегі тіршілік үшін ең қажетті орта болып табылады. Ол адам, жануарлар және өсімдіктердің тыныс алуында маңызды роль атқарады. Ауасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін емес. Ауаның адамның өндірістік қызметіндегі де маңызы зор.
Адамның тіршілік қызметіне, денсаулығына және жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін, ауаның негізгі физикалық факторларына: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдылығы, атмосфералық қысым, радиоактивтілік жатады.
Аптекада алғашқы 4 көрсеткіштің гигиеналық маңызы зор. Бір – бірімен белгілі деңгейде байланысатын, аталған факторлар адам организміне қолайлы және қолайсыз әсер етеді, сондай – ақ дәрілік заттардың сапасына да әсер ете алады.
Адам организміне сапалық және сандық әсер көрсететін нормалар, рұқсат етілетін және оптимальды деңгейлер, шаралар өңдеу.
4.Сабақтың мақсаты:
Студент білуге тиіс:
Қоршаған ортаның негізгі функцияларын және химиялық факторларын гигиеналық бағалау әдістемесі;
Қоршаған ортаның адам организмімен өзара байланысын;
Студент істей білуі керек:
Жұмыс бөлмесінің температурасын, ылғалдылығын, өндірістік бөлмелердің жұмыс орнындағы ауа температурасын, ауа ылғалдылығын, ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау мәліметтеріне гигиеналық баға беруді;
Жабық бөлме микроклиматын жақсарту шараларын өңдеуді;
5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:
Санитарлық – гигиеналық
және эпидемияға қарсы тәртіпті, персоналдардың қолайлы еңбек жағдайы мен демалысын қамтамасыз ету мақсатында дәріханалық ұйымдар бөлмелері мен ғимараттардың архитектуралық – жоспарламалық және конструкциялық шешімдері.
Дәріхананың негізгі және қосалқы бөлмелерінің ауданы мен құрамына қойылатын гигиеналық талаптар.
Халыққа қызмет көрсету залына, өндіріс бөлмелеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәрілерді сақтауға арналған, қосалқы және қызметкерлерге арналған және тұрмыстық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар.
Осы сабақтың тақырыбы бойынша:
Дәріхана бөлмелерінің құрылымына және жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріхананың желдетілу және жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріхананың жарықтану жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріхана бөлмелерінің температуралық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.
Өндіріс бөлмелеріндегі ауаның ылғалдылығы, ауаның қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысымның маңызы, анықтау құралдары.