Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест 2-семестр КЯ.rtf
Скачиваний:
13
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
512.33 Кб
Скачать

267. Сан есімнен болған күрделі бастауышты табыңыз.

А) Жиырма бес маған тағы қайтып келді

В) Біз Қарлығаш екеуміз кішкентайымыздан бірге өстік

С) Құрдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген

D) Төртеуі қайыққа отыра қалды да, тоғайға өтті

Е) Бұл арада осыдан жүз жыл бұрын әскери санаторий болыпты

268. Сын есімнен болған бастауышты табыңыз.

А) Үлкен бастар, кіші қостар

В) Бәйгені озған алады

С) Әркімге де сенім қымбат

D) Алып қашан да анадан туады

Е) Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды ешкім сөндіре алмас

269. Етістіктің есімше тұлғасынан болған бастауышты табыңыз.

А) Шешінген судан тайынбас

В) Жомарт жоқтығын білдірмес

С) Әжесінің бұл күнде өңі қуарып, қатты жүдеген

D) Әжім атаулысы бір түрлі молайып кеткен еді

Е) Батырлық майданда сыналады

270. Дара баяндауышты табыңыз.

А) Мен инженермін

В) Қыр мұрынды, қою қара қасты, қара торы жігіт кіріп келді

С) Шәкірттер өсіп қанат қақты

D) Ол маған ұнап қалғандай

Е) Ебін тап та, жөнге сал

271. Күрделі баяндауышты табыңыз

А) Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойғанбыз

В) Жолдасын тастаған жолда қалар

С) Қол жетпес жерге қылыш сілтеме

D) Орынсыз кінә тақпаймын

Е) Борышымды адал атқарғандаймын

272. Сан есімнен болған күрделі баяндауышты табыңыз.

А) Биыл жасым он сегізде

В) Бірінші кабинет бұрын Ораздікі болатын

С) Еріншектің ісі – екі

D) Екеуі де қонақ жабдығында жүр

Е) Мағаш пен екеуі көптен оңаша әңгімелесіп келе жатқан

273. Есім сөзден болған баяндауышты табыңыз.

А) Ақыл – дос, ашу – дұшпан

В) Айнала аппақ болып тұтасып алған

С) Адам өмірден сабақ алады, үйренеді

D) Мұраттың егіле сөйлегісі келеді

Е) Шыңғыстың жақын биіктері тартылып қана көрінеді екен

274. Тұрақты сөз тіркесінен болған баяндауышты табыңыз.

А) Шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты

В) Көркем шығарма жанды дене сияқты

С) Ақ дала меңіреу болып түнеруде

D) Жарқ етпес қара көңілім не қылса да

Е) Жаратылысы – ақын, отырыс-тұрысы, бәрі – ақын

275. Толықтауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз

А) Ол шешесіне хат жазды

В)Алатау - әсемдіктің символы

С)Сәуле кеше келді

D)Келе жатқан - Жамбыл

E) Түн ортасында ауа райы бұзылды

276.Тура толықтауышты тіркесті табыңыз

А) Оны білгенін жасырды

В)Ойында сақтаулы

С)Келгеніне риза болды

D)Ауылдан келді

E) Ауданға барды

277.Жанама толықтауышты табыңыз

А) Жақсымен сөйлес

В)Тілді сүйемін

С)Атасын шақырды

D)Естігенін айтты

E) Мүмкіншілік бар

278.Тура толықтауышты табыңыз

А) Мына хатты Шұғаға жазып отырмын

В)Рысқұл қуанып қалды

С)Шодырдың үйі нанаға бай

D)Тілде тиек, ерінде сүйек жоқ

E)Мен қызбек тез қоштасып, шығып кеттім

279. Дара толықтауышты сөйлемді табыңыз

A) Ертеңінде Құнанбай елді жинатты

B) Бақбергендер мектеп жайын кеңесті

C) Шәке, Баймағамбет, Ерболдарды бұл сөз де күлдірді

D) Рысқұл қуанып қалды

E) Баласы әдемі болып өсіпті

280. Күрделі толықтауышты табыңыз

A) Қуанышын айтуға тілі жетпеді

B) Кітапты тез жеткізіп беріңіз

C) Көрімдікті Ақбілектен сұрайық

D) Ер жолдасы тәуекел

E) Оның айналдырғаны - оқу

281. Бірыңғай толықтауышы бар сөйлемді табыңыз

A) Шәке, Баймағамбет, Ерболдарды бұл сөз де күлдірді

B) Бақбергендер мектеп жайында кеңесті

C) Жаңбырлы, желді түндерде Көксерек қатты құтырады

D) Сүйеу ел ішінде сыйымсыз, тікбақай, тентек шал

E) Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр

282. Бірыңғай толықтауышы бар сөйлемді табыңыз

A) Әр бөлменің ұзынын, көлденеңін өлшеп алдық

B) Отанын сатқан, ант атқан

C) Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжыңдайды, ойнайды

D) Мен, шынымды айтайын, сасудамын

E) Абай да, Жұмабай да қызығып тыңдады

283. Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз

A) Ертеңінде елді жинатты

B) Кәкіш - хатшы

C) Бұл - Қосымның Көкшалқары

D) Сүйеу ел ішінде сыйымсыз, тікбақай, тентек шал

E) Бақтығұл абақтыда

284. Табыс жалғаулы сөздер қай сөйлем мүшесі болады

A) Тура толықтауыш

B) Бастауыш

C) Баяндауыш

D) Пысықтауыш

E) Жанама толықтауыш

285. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістік қатысқан сөйлемді табыңыз

A) Келгендер - осы ауылдың адамдары

B) Кешікпей Абайлар да аттанды

C) Орамалың бар ма?

D) Түн. Ашық аспан

E) Олар бізбен жайраңдай амандасты

286. Баяндауышы есім сөзден болып тұрған сөйлемді табыңыз

A) Ердің сыншысы - елі

B) Дала тіршілігіне ене бастады

C) Үш салт атты жүріп келеді

D) Сегіз қырлы, бір сырлы

E) Біздің ашық сөйлесуіміз керек еді

287. Зат есімнің толықтауыш қызметінде қолданылған нұсқасын табыңыз

A) Кешегі жұмысты бітір

B) Гүл - үйдің көркі

C) Жазықсыз жазалама

D) Батыр жеңді

E) Қайыр - әнші, суретші, ақын

288. Мына сөйлемде сан есімнен болған сөйлем мүшесі: Осы қазір он-он бесі Сүйеу қарт пен Әлібиді ортаға алды

A) Бастауыш

B) Толықтауыш

C) Баяндауыш

D) Пысықтауыш

E) Анықтауыш

289. Мына сөйлемде зат есімнен болған сөйлем мүшесі: Шетте жүргенімен ол бұндағы хабарды естіген еді

A) Толықтауыш

B) Бастауыш

C) Баяндауыш

D) Пысықтауыш

E) Анықтауыш

290. Сөйлемдегі заттанған сын есімнен болған сөйлем мүшесі: Қызғаншақтың іші тар, Болмас онда ұят, ар

A) Анықтауыш

B) Толықтауыш

C) Баяндауыш

D) Пысықтауыш

E) Бастауыш

291. Сын есімнен жасалған баяндауышты сөйлем

A) Көңілсіз жұмыс - өнімсіз

B) Береке көзі - бірлікте

C) Абырой - ар еңбегі

D) Тары жеген - тарықпас

E) Орманшы - отынға жарымайды

292. Бастауышы есімдіктен жасалған сөйлемді көрсетіңіз

A) Сіз бізге көп үйреттіңіз

B) Сіздің барлық шығармаңыз осы үйден табылады

C) Біздің қақпан анау

D) Келгеніңізге ризамыз

E) Жалқау - өзіне жау

293. Пысықтауышы еліктеуіштен болып тұрған сөйлемді табыңыз

A) Қазандағы ет бүлк-бүлк қайнайды

B) Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге сарт етті

C) Асығып тез аттандық

D) Сендер оларға көмектесіңдер...

E) Балық енді өрге қарай жүзеді

294. Баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болып тұрған сөйлем

A) Сендер оларға көмектесіңдер

B) Ол бізге келсе екен

C) Біз келеміз...

D) Қаражатты тез алсам деп едім

E) Сізді шақырамыз

Е) Көрнекті ғалым Григорий Потанин

295. Ынғайлас жалғаулықты анықтаңыз

A) мен, және

B) мен, да, және

C) мен, да

D) әлде, болмаса, өйткені

E) я, немесе, біресе

F) алайда, себебі, онда

G) бірақ, неге десең, егер

296. Ынғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Таң атты, мен ояндым

B) Көзі жұмулы, бірақ бетінде әсем күлкінің табы бар

C) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды

D) Риза болғаны сондай – мені құшақтай берді

E) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың

F) Қалаға не мен барамын, не сен барасың

297. Ыңғайлас салаласты табыңыз

A) Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім

B) Манастың өлімі де айтылып бітті, ағарып таң да атты

C) Алдымен көшкен солар болды да, өзге Бөкеншілер де еріксіз тартып еді

D) Күн бұлттанып- ақ тұр еді, алайда жауа қоймады

E) Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғандығын білген жоқ

F) Қолдары біресе мылтық ұстаған қолдарына жабысады, біресе мылтықты ұстаған қолдарына таласады

G) Істің аяғы тәтті болу үшін, басы қатты болу керек

298. Ыңғайлас салаласты табыңыз

A) Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс айтуға мүмкіндік берді әрі ол жұмысқа көпшіліктің ынтасын аударды

B) Қарт оның не ойлап отырғанын сезген жоқ, сондықтан бұл екеуіне көз де салған жоқ

C) Оқытушы беделді болу үшін, ол ғылымды меңгеру керек

D) Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады

E) Таңертең тұрсақ, далада алғашқы қар жатыр

F) Көксерек арлан, сондықтан оның бойы биіктей береді

299. Ынғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Бауырымның бүгін кеткісі келмеді және суық болды

B) Ол кітабын беріп еді, бірақ ол алмады

C) Келесі жылы бізге келсең, біз жұмысты аяқтаймыз

D) Сен кеткелі, біз кездескен жоқпыз

E) Жұрт сені сыйласа, сен оны сыйлауын керек

300. Ынғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз

A) Оңтүстіктен жылы жел соқты да, қар жауды

B) Сіздің не аңшы екеніңіз өтірік, не қорыққаныңыз өтірік

C) Күн сәулесі кеткендіктен, үйді іші күңгірт еді

D) Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың

E) Сен хабарламағанда, біз қазір жиналмайтын едік