253. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Шахтаға түспес бұрын ол кішкене бөлмеге кірді.
В) Оның бағасы қымбаттау болса да, соны сатып алдым
С) Елге мүлдем келдің бе, әлде тағы кетесің бе?
Д) Ексең егін, ішерсің тегін.
Е) Ол әнді бар ықыласымен тыңдады.
254. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Әмбебап дүкеніне барып, азық-түлік сатып алдым
В) Қатты аяз болса да, біз далаға шықтық.
С) Ана көйлектің бағасы қымбаттау болса да, соны алдым
Д) Сіз ертерек келсеңіз, бәріміз театрға барар едік.
Е) Қуат біресе тез жүреді, біресе қалып қояды.
255. «Азық-түлік дүкені» тақырыбына жататын толымды сөйлемді көрсетіңіз.
А) Жарық бөлме
В) Арзан сүт тағамдары
С) Аялдама үйден алыстау.
Д) Оның бөлімдері көп, бағасы арзан.
Е) Жеке меншікті әмбебап дүкені
256. «Менің досым» мәтініне қатысты толымды сөйлемді табыңыз.
А) Бөлмемнің бұрышындағы телевизор
В) Орта бойлы, арықша келген аққұба жігіт
С) Бұхар-жырау атындағы мұражай Марғұлан көшесінде орналасқан.
Д) Ол достыққа адал қыз.
Е) Досымның мінезі
257. «Ауа райы» тақырына қатысты емес толымды сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бүгін жер тайғақ болады
В) Түске қарай күн жылиды
С) Кешке жақын күн бұлттанады
Д) Біз саяжайға барамыз.
Е) Түнге қарай күн суытады
258. «Жыл мезгілдері» тақырыбына қатысты толымды сөйлемді табыңыз.
А) Бұл кезде баяу жел соғады.
В) Ерте жиналдық.
С) Былтыр бітірген.
Д) Бүрсігүні Ж.Аймауытов атындағы қазақ драма театрына барамыз.
Е) Жылдың соңында
259. «Менің қалам» тақырыбына қатысты толымды сөйлемді табыңыз.
А) Менің қаладағы үйім
В) Пәтерім екі бөлмелі.
С) Қалам өзеннің оң жағасында орналасқан.
Д) Көп қабатты үй
Е) Қаланың «Шығыс» ықшамауданы.
260. «Қазақстан табиғаты» тақырыбына қатысты толымды сөйлемді табыңыз.
А) Көшелері кең, таза.
В) Қазақстан – егемен мемлекет.
С) Тәуелсіз Қазақстан.
Д) Таулары биік, айбынды.
Е) Мұнайға бай жер
261. «Зимняя сессия длится четыре недели» деген сөйлемнің дұрыс аудармасын толымды сөйлем арқылы беріңіз:
А) Төрт аптаға созылады.
В) Қысқы сессиядан кейін тәлімгерлер демалысқа шығады.
С) Қысқы сессиядағы емтихан.
Д) Қысқы сессиядан кейін мен үйге барып келемін.
Е) Қысқы сессия төрт аптаға созылады.
262. «Ш.Шокин – известный ученый» деген сөйлемнің дұрыс аудармасын толымды сөйлем арқылы беріңіз:
А) Атақты ғалым Ш.Шөкин
В) Ғалым Ш.Шөкин
С) Ш.Шөкин - белгілі ғалым.
Д) Ш.Шөкин - жерлес ғалым.
Е) Ш.Шөкин көрнекті ғалым болған.
263. «Каныш Сатпаев - видный ученый» деген сөйлемнің дұрыс аудармасын толымды сөйлем арқылы беріңіз:
А) Атақты ғалым Қаныш Сәтбаев
В) Ғалым Қаныш Сәтбаев
С) Қаныш.Сәтбаев белгілі ғалым болған.
Д) Қаныш Сәтбаев - ғалым, біздің жерлесіміз.
Е) Қаныш Сәтбаев - көрнекті ғалым.
264. «Григорий Потанин – наш знаменитый земляк» деген сөйлемнің дұрыс аудармасын толымды сөйлем арқылы беріңіз:
А) Атақты жерлесіміз Григорий Потанин
В) Григорий Потанин – белгілі зерттеуші-ғалым
С) Григорий Потанин белгілі ғалым болған.
Д) Григорий Потанин – біздің атақты жерлесіміз
265. Дара бастауышты табыңыз.
А) Ұлжан - тартымды болуымен қатар, сыншы да ана
В) Құрыш құю – үлкен өнер
С) Бас инженер аяңдап жарық көшемен жүріп келеді
D) Үңгір іші қараңғылана түсті
Е) Барар жеріміз – Жасыбай көлі
266. Күрделі бастауышты табыңыз.
А) Ырыс алды – ынтымақ
В) Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз
С) Әңгіме шорт үзілді
D) Әкесі медицина институтының профессоры еді
Е) Мейрам шахтаға кетті
