Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Каз яз с ответами

.rtf
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
221.2 Кб
Скачать

C) Берік кітаптың бетін ашып жіберіп, сабағын оқи бастады

D) Халық Розаның әнін бар ықыласымен тыңдады

E) Көрмес – түйені де көрмес

Верный ответ: A

85. Себеп бағыныңқылы сабақтасты құрмалас сөйлемді көрсет

A) Жиналыс тым ұзаққа созылғандықтан, біз үйге кеш қайттық

B) Мұғалім келмеді де, сабақ болмады

C) Мен саған хат жаздым, бірақ сен жауап берген жоқсың

D) Үйге кіре алмадым, себебі кілтімді жоғалтып алдым

E) Менің әкем де агроном еді, өзім де агрономмын

Верный ответ: A

86. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет

A) «Қыз Жібек» операсын тыңдау үшін, біз опера театрына бардық

B) Сен келгенде, мен кітап оқып отыр едім

C) Таңертең радионы қойып, соңғы хабарларды тыңдадым

D) Біз театрға келгенде, ойын әлі басталған жоқ екен

E) Кеш болып қалғандықтан, біз әрі қарай жүрмедік

Верный ответ: A

87. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет

A) Жиналыс уақытында болмаған соң, біз қатты ренжідік

B) Жазда демалсын деп, ол баласын ауылға жіберді

C) Институтқа ертерек бару үшін, біз жатақханадан ерте шықтық

D) Мен оқуымды бітіргенше, ағам зауытта жұмыс істеді

E) Қазақ тілін үйрену үшін, қазақтармен қазақша көбірек сөйлесу керек

Верный ответ: A

88. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет

A) Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққандықтан, оны «Қаракерей Қабанбай» деп атады

B) Тыңдаушылар сүйсінетіндей, ол ән салды

C) Хан ауылына келгеннен кейін, біраз күн өткен соң Бөгембай батырға кісі жіберіпті

D) Баласы алтыға келгенде, әкесі оны оқуға береді

E) Қонақтар демалсын деп, ол далаға шығып кетті

Верный ответ: A

89. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет

A) Үй ыстық болғандықтан, қонақтар далада ұйықтады

B) Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірігіп, жауға қарсы күрес ұйымдастырған

C) Шешесі келгенге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды

D) Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді

E) Ол қазақ балалары білім алсын деп, жаңа мектептер салдырды

Верный ответ: A

90. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет

A) Ол көп ұйықтағандықтан, сабаққа кешікті

B) Жолаушылар қайыққа отырып, өзеннің арғы бетіне өтіп үлгерді

C) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды

D) Жиналыс бітті де, халық тарай бастады

E) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады

Верный ответ: A

91.Бірыңғай сөйлем мүшелері өзара қалай байланысады

A) жалғаулықсыз, жалғаулықпен

B) тыныс белгі қойылмайды

C) дефиспен

D) үтірмен

E) нүктемен

Жауабы: A, D

92.Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді көрсет

Мамыр айында көк ала жібек кілем жайғандай, қызғалдақ, сарғалдақ, қызыл-жасыл гүл шашақтарымен түрленгендей көкорай далаңқайлар көркінен айрылған (С.Сейфуллин).

A) көкорай далаңқайлар

B) көркінен айрылған

C) көк ала жібек кілем жайғандай, қызғалдақ, сарғалдақ, қызыл-жасыл гүл шашақтарымен түрленгендей

D) Мамыр айында

E) бірыңғай сөйлем мүшесі жоқ

Жауабы: C

93.Үтірдің қойылу себебін белгіле.

Ол анасына, әкесіне, бауырларына тез жеткісі келгені сонша – көліктен түсе сала біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды.

A) оқшау сөз

B) қыстырма сөз

C) қаратпа сөз

D) бірыңғай баяндауыш

E) бірыңғай толықтауыш

Жауабы: E, D

94. Бірыңғай мүшені көрсет

Өткеннің жақсы, жаманы бүгінгі өлшеуішпен өлшенеді (Ғ.Мұстафин).

A) бірыңғай баяндауыш

B) бірыңғай бастауыш

C) бірыңғай анықтауыш

D) бірыңғай пысықтауыш

E) бірыңғай толықтауыш

Жауабы: B

95.Бірыңғай мүшелі сөйлемді тап.

A) Заңгер де, тарихшы да, мәдениеттанушы да осы факультет мамандықтарынан табылады.

B) Абай үйге кірді де, отырғандарға жағалай сәлем берді.

C) Студенттер межелік бақылау қорытындысын тапсыруға кірісті.

D) Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт келген.

E) Ал, студент, семестрден бастап сабағына ұқыпты бол.

Жауабы: A

96.Себеп-салдар салалас сөйлемдерді тап.

A) Ербол бұл әннің үнін жақтырмаса да, сөзін ұнатты, сондықтан кейде Абай әніне қосылып та кетеді.

B) Ол жылдам жазып отыр, себебі увертюра бұрыннан-ақ көкейінде сайрап жүр еді.

C) Өзен біресе төмен ағып жатқандай, біресе сай-салаға бұрылып ағып жатқандай.

D) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.

E) Мен тоңбаймын, анам маған жылы киім кигізген.

Жауабы: A, B, E

97.Себеп-салдар салалас сөйлемдерді белгіле.

A) Абай енді байқады: әкесі сөзін енді аяқтап келеді екен.

B) Сөз ұлы нәрсе, себебі – сөзбен адамдарды біріктіруге де болады, жауластыруға да болады, жек көруге де болады.

C) Түркі халқының ұғымында жеті – киелі сан, сол себепті наурыз көже қасиетті тағам болып саналады.

D) Жаман іске барма, жақсылыққа жақын бол.

E) Сізге қояр талабым сол – емтиханға жақсы даярланыңыз.

Жауабы: B, C

98.Себеп-салдар салалас сөйлемдерді анықта.

A) Қыстың аяғы ұзаққа созылатын түрі бар, сондықтан жайылымды күтіп пайдалану керек.

B) Отан деген ұлы сөздің шағын баламасы осы ауыл болса керек, қайда жүрсең де, көкірегіңнің түбінде маздап жататын бір шоқ бар.

C) Бұл араның малы қыс жатуға тиісті емес, себебі ондағы көлдің төңірегінде жайыла шалғын өседі.

D) Қазақ халқы – мал мен егінді ежелден кәсіп еткен ел, сондықтан қазіргі кезде кәсіп пен шаруашылықтың түрі көп.

E) Абайдың бұл келісін ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те атайды.

Жауабы: A, C, D

99.Себеп-салдар салалас сөйлемдерді көрсет.

A) Көксерек арлан, сондықтан оның бойы биіктей береді.

B) Күн бұлттанып-ақ тұр еді, алайда жауа қоймады.

C) Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен қылсын деп бермедім.

D) Еңбек ердің сәні, жер диханның жаны.

E) Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды, сондықтан қолданысқа түскен жаңа сөздер күн санап көбеюде.

Жауабы: A, E

100. Себеп-салдар салалас сөйлемдерді ажырат.

A) Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар буын құрайды, сондықтан бұл бір ерекшелігі болып саналады.

B) Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер.

C) Қазақстанда қазақ та, ұйғыр да, орыс та, неміс те, тағы басқа ұлт өкілдері де өзара тату өмір сүреді, себебі Қазақ елі достықтың мекені.

D) Білім таусылмас бұлақ, өнер өмірлік мұрат.

E) Кілемдей жерім түрленді, Қызғалдағым гүлденді.

Жауабы: A, C

101. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсет

А) Қазан бүлк-бүлк қайнап жатыр, әрі ішіндегі жылқы етінің исі бұрқырайды.

В) Жер еңбек еткенді сүйеді, еңбек оны түрлендіреді.

С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

D) Күн жауып кетті,– оны елеген ешкім жоқ.

Е) Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар, бірақ сен әлі жассың.

Жауап:А, В

102. Ыңғайлас салалас құрмаласқа жатпайтын сөйлемді тап

A) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тындалады.

B) Жазуың әдемі екен, бірақ әріптерің кішкентай.

C) Ушаков хатты лақтырып жіберді де, далаға атып шықты.

D) Бірер сөйлемін аудартады да, ар жағын өзі алып кетеді.

E) Иесін іздеп отырған итті көргенде, досым екеуміз Ақтөсті әрі аяп, әрі сүйсініп қалдық.

F) Ол екеуі тағы да біраз құлаштай сермеп жүзіп алды да, жағаға қарай беттеді.

Жауап: А, В

103. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді көрсет

A) Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар.

B) Артықбай батыр қонақтарын бар пейіл-ықыласпен қарсы алды, әрі қас-қағым сәтте қонағасын да бергізді.

C) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді.

D) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.

E) Өмірдегі көп күннің бәрі бірдей емес: кейбір күн өлгеніңше есіңде қалады.

Жауап: А, В, С

104. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап

A) Және, әрі, да, де

B) Бірде, біресе, кейде

C) Бірақ, дегенмен, алайда

D) Не, немесе, я, яки

E) Өйткені, сондықтан, себебі

Жауап: А

105. Салалас сөйлемнің қай түрі

Теңіздің толқындары қасіретпен гүрілдеп жатты және теңіз бетінде құстың өлігі көрінбеді.

A) Ыңғайлас

B) Қарсылықты

C) Талғаулы

D) Себеп-салдар

E) Шартты

Жауап: А

106.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта

Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.

A) Мезгіл бағыныңқы

В) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Қарсылықты бағыныңқы

Жауап: А

107. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қайсысы

Кешкі тамақты ішкен соң, жастар ойынға кетті

A) Мезгіл бағыныңқы

В) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Қарсылықты бағыныңқы

Жауап: А

108. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта.

Асан қоштасып кеткеннен кейін, Үсеннің ұйқысы ашылып кетті

A) Мезгіл бағыныңқы

В) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Қарсылықты бағыныңқы

Жауап: А

109. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта

Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық спорттың түрі ретінде бұрыннан бері ойналып, нағыз есеп ойыны ретінде танылды.

A) Мезгіл

В) Шартты

C) Қимыл-сын

D) Мақсат

E) Қарсылықты

Жауап: А

110. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас жатпайтын сөйлемдерді тап

A) Сенде қыранның жүрегіндей жүрек бар, бірақ сен әлі жассың.

В) Әкесі ұрысса балаға, о да – достық.

C) Аттылар жақындаған сайын, төрелердің жүрегі орнына түсе бастады.

D) Келіншектер от жағып, қазанға ас салған соң, бұл да көңілдене бастады.

E) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.

Жауап: С,D,Е

111.Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді тап

A) Емтиханды жақсы тапсыру керек.

B) Іздеген жетер мұратқа.

C) Тау жақтан баяу жел еседі.

D) Әбіштен келген екен.

E) Жауын сіркіреп тұр екен.

Жауап: С

112.Анықтауышты тап

A) Кеше біз деректі фильм көрдік. B) Жазға жақын ол да келіп қалар. C) Жақын адамдар ғана туыстарына жаны ашиды. D) Абай қатты қуанды. E) Қызықты тақырыптар талқыланды

Жауап: А,Е 113.Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгіле

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

A) Жақсының B) жақсылығын C) айт D) нұры E) тасысын

Жауап: А 114.Анықтауышты  тап     

Мен бұл  әңгімені  инженерге айттым.

A) айттым

B) инженерге

C) бұл

D) мен

E) әңгімені

Жауап: С

115.Сөйлемнен анықтауышты  тап

  Ағам екеуміз бес жүз тоқсан сиыр өсіреміз.

A) өсіреміз

B) сиыр

C) бес жүз

D) ағам екеуміз

E) бес жүз тоқсан

Жауап: Е 116. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта

Кең болсаң, кем болмайсың.

A) Қарсылықты бағыныңқы

B) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Мезгіл бағыныңқы

Жауап: В 117. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта

Үйдің іргесі мықты болмай, шаңырақтың өзі де мықты болмас.

A) Қарсылықты бағыныңқы

B) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Мезгіл бағыныңқы

Жауап: В 118. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе

A) Қарсылықты бағыныңқы

B) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Мезгіл бағыныңқы

Жауап: В

119. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта

Жақсы оқысаңдар, емтиханды жақсы тапсырасыңдар.

A) Қарсылықты бағыныңқы

B) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Мезгіл бағыныңқы

Жауап:В 120. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықта

Бұлақты таудан арна ақса, теңіз болар аяғы.

A) Қарсылықты бағыныңқы

B) Шартты бағыныңқы

C) Қимыл-сын бағыныңқы

D) Мақсат бағыныңқы

E) Мезгіл бағыныңқы

Жауап: В

121.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап

А) Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы.

В) Жаз шықса, жер көктейді.

С) Студенттер түгел келмегендіктен, сабақ басталмады.

Д) Жұрт сүйсінетіндей етіп, ол ән салды.

Е) Біз оқу үшін, Алматыға алыстан келдік.

122.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап

А) Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ.

В) Ол кеткелі, біз оны көргеніміз жоқ.

С) Сен келсең, киноға барар едік.

D) Менің бойым өскенмен, ойым піскен жоқ.

E) Тыңдаушылар сүйсінетіндей, ол ән салды.

123.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап

А) Менің бос емес екенімді біле тұра, көмекке шақырасың.

В) Таңертең ерте тұрып, мен дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын.

С) Күн ашық болса, студенттер өзенге балық аулауға барады.

D) Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді.

E) Шешесі жұмыстан келгенге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды.

124. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап

А) Оқу қиын болса да, өте жақсы оқитын студенттер көп.

В) Өзеннен су ішіп, бұзаулар шөлдерін қандырды.

С) Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді.

D) Басым ауырған соң, жиналыстан сұранып кеттім.

Е) Абайдың әкесі қатігез болғанмен, шешесі қайырымды адам болатын

125.Cөйлемнің қай түрі?

Анардың бойы өскенмен, ойы піскен жоқ.

А) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем.

В) Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем.

С) Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлем.

D) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлем.

Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлем.

126. Қимыл-сын пысықтауышы бар сөйлемді көрсет

А) Сіздің жолдасыңыз қатесіз дұрыс жаза ала ма?

В) Қазақ тілін қашаннан бері үйреніп жүрсіз?

С) Сыртта не бар?

D) Бүгін таңертең ұшаққа тез мініп, жоғары көтерілдік.

Е) Әуелі нешінші жаттығуды орындадыңыз?

127. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді анықта

А) Бүркіт жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді.

В) Еңбексіз ауырса емі табылмайды.

С) Атын қақпа алдына қалдырып, Қайрат үйге қарай кетті.

D) Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет.

Е) Төрт екіге бөлінеді.

128.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

А) Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

В) Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың себебін білдіреді.

С) Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың мезгілін білдіреді.

D) Басыңқы сөйлемдегі іс-қимылдың жүзеге асу, аспауын білдіреді.

129.Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Орман алқабында күн нұры молынан төгіліп, айнала төңіректі құс әуендері баурап алған.

А) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

С) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

D) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

130.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап

А) Әнуардың сөзін тыңдағандай болып, мен үндемей отыра бердім.

В) Олар үйден шыққанда, күн де бата бастады.

С) Қыс келе тұра, қар жаумады.

D) Тапсырманы орындағанда, бес алар едің.

Е) Ол артына қарамастан, қалың ағашқа жүгіріп кетті.

131.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемге тән белгілерді тап

А) Жай сөйлемдері және, да, де, та,те жалғаулық шылаулары арқылы байланысады

В) Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынаны, мынау, сол, сонша, соншалық, сондай) болады

С) Жай сөйлемдердің ара жігіне қос нүкте не сызықша қойылады

D) –са, -се+жіктік жалғауы арқылы жасалады

Е) алайда, дегенмен жалғаулықтары арқылы байланысады

132.Салаластың түрін ажырат

Өзінің ширақтығында шек жоқ: ағыны әжептеуір судың иіріміне қойып кетеді.

А) Түсіндірмелі

В) Ыңғайлас

С) Қарсылықты

D) Себеп-салдар

Е) Кезектес

133.Түсіндірмелі салалас құрмаласты тап

А) Оның жазасының түрі сол: үйден тырқыратып қуып шығады

В) Бөжей – қалың Жігітектің адамы.

С) Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді.

D) Нұрым қамшыны да босатпады,– басқа соғар деп қауіптенді.

Е) Менің артымнан бір қыз туады да, әке-шешем атын Балтуған қояды.

134.Түсіндірмелі салалас құрмаласты тап

А) Келгендердің бәрі разы болсын деп, жан-тәні қалмай қалбалақтауда.

В) Риза болғаны соншалық – бетімнен сүйе берді.

С) Жаугершілікте ата-анасы басқа жаққа ауып кетті де, бала менің қолымда қалды.

D) Сен тілмен айтсаң, мен жүрекпен айттым.

Е) Баяу ескен жел бірде басылады, бірде жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды.

135.Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсет

А) Енең болса тілек етеді, ал мен болсам бұйрық айтам.

В) Ешкім үндемеді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің дауысын білетін.

С) Құр әдеппен жымиғаны болмаса, Абай оның сөзін аңғарған жоқ.

D) Жүрек қобалжып, бас айналды.

Е) Өмірдегі көп күннің бәрі бірдей емес: бір күн елеусіз өте шығады, кейбір күн өлгеніңше есіңде қалады.

136.Мақсат бағыныңқы сабақтасты тап

А) Келгендердің бәрі разы болсын деп, жан-тәні қалмай қалбақтауда.

В) Мал етінің асылдануы сондай – майы аузыңа салдырмайды.

С) Жақсы ұстаздық етсең, болашақта тірек табарсың.

D) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

Е) Жаңбыр жауып, күн суық болды.

137.Мақсат бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдарын көрсет

А) – а , – е

В) –дықтан, – діктен

С) –мақ, -мек болып

D) –йынша, – йінше

Е) –ып, – й

138.Мақсат бағыныңқы сабақтасты тап

А) Жол көрсетпек болып, достарымыз бізді қаладан бірнеше километр шығарып салды.

В) Сенің алдыңда екі-ақ жағдай бар, не сабақты жақсы үлгеруің керек, не оқуды тастап ауылға кетуің керек.

С) Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.

D) Көктемнің ұзаққа созылуы да біздерге жайлы тиіп тұрған жоқ: көбінің киімі жеңіл, алыс фермаларда жұмыс істей алмайды.

Е) Балалы үй базар, баласыз үй мазар.

139.Мақсат бағыныңқы сабақтасты тап

А) Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды.

В) Қараша айы жақындады, бірақ әлі суық түспеді.

С) Олақтық жаман, одан да салақтық жаман.

D) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауды.

Е) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болуы керек.

140. Сабақтас сөйлемнің түрін анықта

Абыз шежіре айту үшін, ел-жұрт мұрағаты, тарихынан білімдар болуы қажет.

А) Себеп бағыныңқы

В) Мақсат бағыныңқы

С) Шартты бағыныңқы

D) Қарсылықты бағыныңқы

Е) Мезгіл бағыныңқы

141.Қарсылықты салаласты көрсет

A) Қуаныштың жаны да таза, ары да таза.

B) Ол өлең айтайын деп еді, дауысы шықпай қалды.

C) Күн суық, үй жылы.

D) Бүгін киноға барасыңдар ма, әлде сабаққа дайындаласыңдар ма?

E) Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ.

142.Қарсылықты салаласты көрсет

A) Абай енді байқады: әкесі сөзін аяқтап келеді екен.

B) Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ.

C) Көзі жұмулы, бірақ бетінде әсем күлкінің табы бар.

D) Шығанақтікі де дұрыс: көптің қамы ғой айтқаны.

E) Күн бұлттанып-ақ тұр еді, алайда жауа қоймады.

143.Қарсылықты салаластың жалғаулықтарын көрсет

A) я, немесе, болмаса, әлде.

B) сондықтан, егер, сол себепті.

C) бірақ, дегенмен, алайда, ал.

D) және, тағы, әрі, да, де.

E) сонда да, сөйтсе де, өйткенше.

144. Қарсылықты салаласты көрсет

A) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

B) Оларды жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.

C) Жиналыс бітті,– халық тарамай отырып қалды.

D) Сөз осымен бітті де, екеуі айрылып кетті.

E) Теңіз тынышталды, бірақ ешнәрсе көрінбейді.

145.Қарсылықты салаласты көрсет

A) Жалт қарап еді, есінен тана жаздады, айдай сұлу бір қыз жымиып күліп тұр.

B) Не ғылым жоқ, немесе еңбекте жоқ.

C) Суға ау салуға рұқсат жоқ, бірақ жыртқыш балықтарға қармақ құрғызады.

D) Манастың жыры да айтылып бітті, ағарып таң да атты.

E) Ыстықтықты салқындату үшін суық су қолдануды барлығымыз да мақұлдаймыз, бірақ Польшадағы Врацлав политехникалық институтының ғалымдары осы жағдайда ыстық суды қолданудың өте пайдалы екенін анықтады.

146.Күрделі баяндауышты тап

A) Болат отынға ағаш жарды

B) Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады.

C) Мұрат диссертациясына материал жинап жүр.

D) Салиқа қырман басына келді.

E) Самат біздің институттың көркем әдебиет үйірмесіне жиі келіп жүр.

147.Есімдіктен жасалған баяндауышты тап

A) Жылқыда өт жоқ.

B) Біз – бесеуміз.

C) Сен басқаға үлгі боласың

D) Әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа.

E) Сен кімсің?

148.Зат есімнен болған баяндауышты тап

A) Өнерлі өрге жүзеді.

B) Ақыл - көпке жеткізер, өнер - көкке жеткізер.

C) Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.

D) Мектеп адамға жүйелі білім береді.

E) Халықтың ортақ үйі – Отаны.

149.Зат есімнен болған баяндауышты тап

A) Түлкі төменге қарай жүгірді

B) Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

C) Еңбек түбі – береке, Көптің түбі –мереке.

D) Еңбексіз отырған адам жалқау болып кетеді.

E) Ырыс алды –ынтымақ.

150. Қарамен берілген сөйлем мүшесін тап.

Жақсы көпке ортақ

A) Бастауыш

B) Баяндауыш

C) Анықтауыш

D) Пысықтауыш

E) Толықтауыш

151.Бастауышы үстеуден болған сөйлемді тап

A) Кеме ақырын жылжып келеді.

B)* Еріншектің ертеңі бітпес.

C) Бүгін әжем ауылдан келеді.

D)* Төмендегілер сыртқа шықты.

E) Ол досын әдейі іздеді.

152. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсет

А) Сексенді екіге бөл.

В) Қызыл шұбары – он үш.

С) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

D)* Отыз онға бөлінеді.

Е) Сабақты екеулеп оқыды.

153. Бастауышы есімдіктен болған сөйлемді белгіле

A) Әкем маған сыйлық әкелді.

B)* Мен еңбекті бағалаймын.

C) Әлижан спортпен айналысады.

D)* Біреу есік қаққандай болды.

E) Өзімнің айтқаным дұрыс болды.

154. Бастауышы жоқ сөйлемді тап

A) Жақты сөйлем

B) Толымды сөйлем

C) Жайылма сөйлем

D)* Жақсыз сөйлем

E) Жалаң сөйлем

155. Дара бастауышы бар сөйлемді тап

A) Төрт жердегі төрт – он алты.

B) Келе жатқан – Самал.

C) Республика сарайы адамға лық толды.

D) * Ана – ардақты есім.

E)* Ұлжан – сыншыл адам.

156. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсет

А) Ұялғанымнан бетімнің оты шықты, бірақ ішкі сырымды байқатпадым.

В)* Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.

С) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.

D) Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі.

Е) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.

157. Талғаулы салалас сөйлемді тап

A) Биыл егін шықпады, өйткені жаздай жаңбыр жауған жоқ.

B) Жазуың әдемі екен, бірақ әріптерің кішкентай.

C)* Бұл жұмысты не сен орында, не мен орындаймын.

D) Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті.

E) Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады.

158. Салалас құрмалас сөйлем түрін көрсет

Яки бұл аттардың бағасы қымбат болды, яки ауыл жұртшылығы тұлпарларды өзгеге қимады.

A) Ыңғайлас

B) Қарсылықты

C)* Талғаулы

D) Себеп-салдар

E) Түсіндірмелі

159. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап

A)* не, немесе, я, яки

B) бірде, біресе, кейде

C) бірақ, дегенмен, алайда

D) және, әрі, да, де

E) өйткені, сондықтан, себебі