
Қорытынды
Сонымен мен бұл семестірлік жұмыста әлеуметтану мен саясаттың тығыз байланыстылығына толық көз жеткіздік. Яғни саясат пен әлеуметтанудың арақатынасында белгілі айырмашылықтар болғанымен бірін-бірі толықтырып, қамтамасыз етіп тұрады. Олардың халыққа, мемлекетке тиімді, жайлы өзара іс -әрекетіне, қызметіне кемеліне келген азаматтық қоғамда ғана жетуге болады. Ал жалпы саясат пен адамгершіліктің арақатынасы қалай болуы керектігін бұдан екі жүзжыл бұрын АҚШ –тың үшінші президенті Т.Джефферсон көрсеткен болатын. Ол басқарушының шеберлігі шындықты айта білуінде деген. Шындық бар жерде иманды саясат та болады. Біздің елімізде бұл түсінік бұлыңғыр. Себебі өзіміз көріп отырғандай еліміздің даму барысында көптеген қиыншылықтар бар. Халықтың әл-ауқаты тек қағаз бен ауаны зарядтайтын әдемі сөздер жүзінде дамып келе жатыр.
Оны тоқтата алатын жастар. Бір « ертеңіміз—жастар» дейтін жастар, саясатқа араласуы белсенділігі өте нашар. Оған дәлел еліміздегі сайлауға жастардың тек 13% қатысатынын айта аламын. Бұл тұлғаны саясаттан алшақтату сияқты. Яғни менің ойымша « баланы жастан» демекші, мектеп бағдарламасына саясаттану пәнін енгізу керек деп ойлаймын! Ұлтшыл—патриоттар мен оппазиция секілді Қазақстан жастарының да саяси күш ретінде қоғамға араластыру қажет!
Қолданылған әдебиеттер:
Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов «Әлеуметтану» Алматы: Қарасай,2007 жыл.
А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы Экономика 2004 жыл
Алматы энергетика және байланыс университеті
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Әлеуметтану пәні бойынша
№ 1 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Саяси социологиясы »
Мамандық: «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету »
Орындаған: Оспанов Д.С. Группа: БВТк-10-02
Нұсқа №29
Тексерген: профессор Орынбекова Д.С. «______»___________________________________2013 ж.
Алматы
2013ж