Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
30.84 Кб
Скачать

Жоспар:

  1. Кіріспе

2) Негізгі бөлім:

1. Саясат әлеуметтануының мәні

2. Билік социологиясы

3. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер

3) Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтануы жалпы мынандай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси процестер, саяси институттар және т.б. Осы және өзге де ұғымдар қиын ұғымдардың қатарына жатады, сондықтан олардан логикалық тізбек құру мүмкін емес, өйткені олар өздері бейнелейтін шынайы саяси құбылыстар сияқты өзара көп жақты байланыстардан тұрады. Қоғамның саяси өмірінің әртүрлі жақтарын сипаттау барысында саясат әлеуметтануының маңызды ұғымдарының мазмұнын ашу орынды. Саясат әлеуметтануы- әлеуметтану ғылымының бір саласы. Оның өз алдына жеке ғылым саласы болып бөлінуі ХХ ғасырдың 20-жылдарында Батыс әлеуметтануында басталды, яғни негізі қаланған кезден бастап бүгінгі күнге дейін даму үстіндегі жас ғылым саласы болып саналады. Соған қарамастан саясат әлеуметтануының өз алдына ұғымдары, заңдары, т.б ғылым ретіндегі белгілері қалыптасты. Осы айтылғандардың танымдық маңызы зор болғандықтан саясат әлеуметтануының негізгі мәселелерін баяндаудың еш артығы жоқ шығар деп ойлаймыз. Ең бастысы оның объектісін анықтаған жөн. Әлеуметтік- саяси қатынастар- саясат әлеуметтануының объектісі. Бұл қатынастар таптар мен өзге де әлеуметтік топтар, этностар арасындағы, елдер – мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіптік құрылымдар, т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

• Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

• Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

• Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту. Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады. 

Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

1.Саясат әлеуметтануының мәні

Саясат әлеуметтануы әлеуметтік-саяси қатынастарға, санаға, мәдениетке, қызмет-әрекетке, олардың өмір сүруі мен өзгеруінің заңдарына байланысты бүкіл проблемалардың жиынтығын тереңдете зерттейді. Қоғам өмірінің барлық сласындағы саяси қызмет пен саясатқа талдау жасауға баса назар аударады.Мұнда «саясат әлеуметтануы», «саяси қатынастар әлеуметтануы», «саяси ұғымы» ұғымдары кеңінен қолданылады. Алайда, бұлардың ара жігі бүгінгі дейін түбегейлі анықталған жоқ. Мысалы, АҚШ-та «саясат әлеуметтануы» ұғымы аз пайдаланылады. Онда көбінесе саясат ұғымы, саясаттану туралы сөз болады. Батыс Европада, керісінше, «саясаттану» терминін сирек қолданып, «саясат әлеуметтануы» ұғымына басымырақ маңыз береді.

Дегенмен, бұл екі ғылымның зерттеу объектілері бір болғанымен, қарастыратын пәндері өзгеше. Зерттеу пәні тұрғысынан алғанда, саясаттану негізін саясат саласын, саясаттың бір  түрін – «саяси саясатты», яғни мемлекеттік-әкімшілік билікті, оны жеңіп алу, ұстап тұру, қолдану аясына байланысты қатынастарды қарастырады. Ал саясат әлеуметтануы саясатты қоғамның өзге дербес салаларымен, яғни экономика әлеуметтік, саяси және рухани салаларымен байланыста зерттейді.  Бұл ғылым саясатты әлеуметтік құрылымдарға және формальды емес әлеуметтік жүйелерге қоғамдық пікір мен тәртіпке, әлеуметтік-саяси процестердің бүкіл кешеніне, нормалар мен қатынастарға талдау жасау болашағымен, тұлғалар мен шағын топтарды, олардың көптеген психологиялық және социомәдени сипаттамаларын зерттеу тұрғысынан қарастырады.Саясат әлеуметтануының пәніне  — саясатпен тікелей байланысты қоғамның бүкіл саласы мен құрылымның өзара сабақтас заңдары, әлеуметтік –саяси қажеттіліктер, мүдделер, тұлғалардың қызметі, әлеуметтік топтар, этностар олардың ұйымдары, қозғалыстары, институттары жатады. Ғылым пәннін анықтау үшін зерттелінетін заңдар мен категориялардың ерекшіліктерін айқындаудың да маңызы зор. Саясат әлеуметтануы бүгінгі өркениеттің ерекшеліктерін және оның қоғамдық жүйесінің көптүрлігін ескере отырып, әлекметтік-саяси қатынастардың өмір сүруі мен дамуының жалпыдүниежүзілік, жалпыадамзаттық заңдарын зерттеуге тиіс.

Осымен байланысты заңдардың екі нұсқасын айтуға болады: әлеуметтік-саяси өмірдің өмір сүру заңдары. Бұған әлеуметтік- саяси өмірдің әрекет ету заңы, оны ұйымдастыру тәсілдері саяды. Өмір сүру заңдары әлеуметтік-саяси өмірдің әртүрлі элементтерінің, субъектілері мен объектілерінің байланыстарын, олардың өзара  іс-қимылдарының мәнін ашады. Мысалы, биліктің үш тармаққа бөліну заңы, әртүрлі саяси күштердің келісімге келу заңы, ортақ мүдделерді жүзеге асыру заңы, т.б.

Даму заңы – бұл әлеуметтік  өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстардың себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды. Мысалы, саяси революция, саяси күрес, қоғамдық саяси қозғалыс, т.с.с.

2.Билік социологиясы

Жоғарыда айтылып өткен заңдарға сәйкес саяси әлеуметтанудың категориялары да қалыптасады. Олар екі топқа бөлінеді:

1.Саяси өмірдің өмір сүру категориялары. Мысалы, саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, билік жүйесі, партиялар, бейресми бірлестіктер, популизм, ереуілдер,т.с.с.;

2.Даму категориялары. Мысалы, билік үшін күрес,реформа, жариялылық, көппікірлік, саясаттандырылған тұлға және т.б.

Саясат ұғымы саяси құбылыстар мен процестерді толық көрсетеді. Оған ең алдымен мемлекетке және оның барлық деңгейіндегі жалпы саяси билігіне қатысты таптар мен басқа да әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жатады. Саясаттың маңызды саласына ұлттық қатынастарды мемлекеттік реттеу жатады. Бұл көптеген қоғамдарда мемлекеттік құрылыстың сипатына және мемлекеттік басқару түрін таңдауға себепші болады. Саясат саласына халықаралық саясаттың негізгі мазмұнын құрайтын мемлекетаралық қатынастарды реттеу де жатады. Аталмыш процестердің  бәрі де жинақталып «саясат» ұғымынан көрініс табады.

Саясаттың ортақ мәселесі таптар, өзге де әлеуметтік топтар мен ұлттық қауымдастықтар сондай-ақ саяси билікке қатысты мемлекеттер арасындағы қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар нақты құбылыс ретінде саясаттың негізгі мазмұнын, оның өзегін құрайды, соның төңірегінде қоғамдағы жүріп жатқан сан алуан саяси процестердің элементтері топтасады, дамиды және бірін-ауыстырады. Саясат ұғымы сол жағдайды (ситуацияны) бейнелейді, яғни саяси билікке қатысты әлеуметтік субъектілер арасындағы қатынастарды көрсетеді. Демек, саясат әлеуметтануы ең алдымен қоғамның нақты саяси өмірін зерттейтін саяси қатынастар әлеуметтануы болып табылады. Саяси қатынастар арқылы бүкіл саяси құбылыстардың байланыстары мен өзара әрекеттері қарастырылады.

Саяси билікті жеңіп алу немесе оны жүзеге асыруда кез келген әлеуметтік субъектілер саясаттың субъектісі бола алады, сол субъектілер ішінде өзара қатынастарға түсетін таптар, саяси партиялар, жеке тұлғаларды бөліп айтуға болады. Өзара саяси қатынастарға түскен ұлттар мен тұтас халықтар, сондай-ақ мемлекет саясаттың субъектілері болып табылады.

Жоғарыда атап айтылғанындай, саясаттың негізгі мәселесі -  саяси билік туралы мәселе. Соңғысы белгілі бір әлеуметтік күштердің өз саяси еріктерін басқа әлеуметтік күштерге және бүкіл қоғамға тану арқылы көрінеді. Мұны партиялық элитаның, яғни шағын топты партия басшылары мен олардың төңірегіндегілердің, сондай –ақ жеке партия көсемдерінің өз ерітерін бүкіл партияға таңатынынан жиі кездестіреміз. Бірақ саяси биліктің ең жоғарысы мемлекеттік билік болып табылады. Бұл жағдайда мемлекеттік билікті қолына жинаған әлеуметтік күштер өз еріктерін қалған қоғам мүшелеріне таңады, бұл істе мемлекеттік аппарат пен қоғамға ықпал ететін мемлекеттік тетіктерге, яғни идеологиядан бастап құқық пен әскерге сүйенеді. Мемлекеттік билік тетіктерін қолдана отырып, олар өздерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани мүдделеріне қатысты кең ауқымды мәселелерді шешеді. Қоғамда өз саяси билігін нығайта отырып, олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын да нығайтады, өз жеке басының әл-ауқаты мен дамуы үшін жағдай жасайды.

Билік үшін күрес, оны бөлу және оны нақты жүзеге асыру әр түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың, саяси билікке ие болған аппарат өкілдерінің, басқа да тұлғалардың саяси қызметінен көрініс табады. Олардың саяси қызметі сол қоғамда өмір сүріп отырған саяси құрылымдарды, азаматтық заңдар мен бостандықты, жалпы мемлекеттік құрылысты өзгертуге немесе нығайтуға бағытталған көптеген нақты саяси әрекеттерден тұрады. Бұл әрекеттер сол қоғамның басқа субъектілеріне олардың бағытына қарсылық білдіру немесе үшінші субъектілердің кері әрекеттерін бейтараптандыру, не тежеу мақсатында да қолданылады. Кез-келген субъектінің саяси әрекеттерінде әрдайым сол әрекетті өзге субъектілердің қалай қабылдайтыны есепке алынады және бұл олардың саяси өзара іс-қимылдары ретінде көрінеді. Әрбір субъекті көбіне қайсыбір адамдардың үлкен әлеуметтік топтары немесе қауымдастығы, кейде бүкіл халық атынан өкілеттілік ете болады. Қалай дегенмен де, олардың саяси қызметі, әдетте, көпшілік бұқара халықтың мүддесін көздейтін болады. Саясатты миллиондардың ісі дейтіні де сондықтан. Саясат пен саяси қызмет саяси қатынастар мен процестерді қалыптастырады. Топтың, т.б мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын құрылымдарға негіз қалайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]