Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Асылхан А. Охрана труда СРС№1.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
36.46 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Өндірістегі санитария және техникалық қауіпсіздік нормалары мен ережелері»

Орандаған: Эсск-11-01 тобының

студенті Асылхан А.Ғ.

Қабылдаған: Муташева Г.С.

Алматы, 2014

Мазмұны

1. Кіріспе....................................................................................................................3

2. Өндірістегі санитария және техникалық қауіпсіздік нормалары мен ережелері....................................................................................................................4

3. Қорытынды..........................................................................................................13

4. Әдебиеттер тізімі.................................................................................................14

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды. Қазіргі таңда, сондай-ақ «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ.

ӨНДІРІСТЕГІ САНИТАРИЯ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілген болатын. Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екі тармағына тоқталып өтер болсақ, бұл еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру аса қажет болып отыр.

Қазіргі таңда, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат жан-жақты өзгертілген. Ол бағыттары мынадай: 1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға; 2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге; 3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға; 4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға; 5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге; 6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге; 7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге; 9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға; 10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге; 11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға; 12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға; 14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; 15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.

Мемлекет өзінің азаматтарының еңбегін қорғауға құқықты кепілдейді. Ең басты кепілдік қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірісте еңбекті қорғаудың жоспарлы түрде үздіксіз, тұрақты түрде жақсаруы тиіс екендігінен көрініс табады. Еңбек жағдайы өзінің ең кең мағынасында еңбек процесіндегі адамның жұмыс істеу қабілеті мен саулығына әсер ететін факторлардың, яғни сыртқы күштердің жиынтығы болып табылады. еңбек жағдайының терминін қолдануда оған әртүрлі мағына беріледі. Шын мәнінде адамға, оның денсаулығы мен еңбек қабілеттілігіне әсер ететін факторлар өте көп. Әлеуметтік-экономикалық факторлар еңбеккерлердің бүкіл қоғамдағы жағдайын анықтайды. Олар Қазақстан Республикасының Конституциясында, мамандардың еңбекақысын, дайындау және қайта дайындау мәселелерін, жалпы заңда әлеуметтік игіліктер мен кепілдіктерді реттейтін еңбек заңдарында орын табады. Мемлекеттің нормативті-құқықтық актілері бір ауысымдағы жұмыс уақыты ұзақтығын, санитарлық нормалар мен ережелерді, зейнеткерлік және жасөспірім жастағылардың, жүктілік пен босану жеңілдіктерін, көп балалы жанұяларға жеңілдіктер және басқа да еңбек қатынастарына байланысты толып жатқан мәселелерді қарастыруы мүмкін. Бүгінгі таңда ғимараттардың, ескірген машиналар мен құрал-жабдықтарың қиын күйінің ықпалы бар. Сарапшылардың бағалауы бойынша тозу деңгейі көрсеткіші қазір 50 пайызды құрайды. Бұл онсыз да жоғары апат болу және жарақат алу деңгейін жоғарылатады. Сонымен бірге жүмыс орындарындағы жұмыс берушілер тарапынан болған көптеген олқылықтардың заңи органдар назарынан тыс қалғандарын байқауға болады. Бұл соңғы жылдардағы мемлекеттік еңбек инспекторы санының аздығын, олардың қолында арнайы бақылау-өлшеу құралдарының, арнайы лабораториялардың, көліктің болмауы, олардың кәсіпорындарды тексеру ауқымын төмендетеді, яғни жылына кәсіпорындардың 11-12 пайызын ғана тексеруге мүмкіндіктері бар. Қазіргі уақытта еңбек ресурстары елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден бір факторға айналды. Мемлекеттік инспекторлардың бақылау жұмысы негізінен қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермей, олардың қатаң сақталуы мен өндірістік жарақат алудың алдын алуға бағытталған. Міне сондықтан да тұрғылықты халықтар мен ұйымдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың арыздарын қарайды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары жыл сайынға елбасымыздың халыққа арнаған жолдауының әлеуметтік блогын халық арасында түсіндіруді үздіксіз жүргізіп келеді. Сонымен бірге, 28 сәуірде «Бүкілдүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне байланысты ұйымдар мен мекемелер арасында түрлі жұмыстар ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары мына төмендегі талаптарға сай болуы тиіс: - Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар өзінің құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуге тиіс. - Жұмыс жабдығы оның осы түріне белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, оның тиісті сақтандыру белгілері болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс. - Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс. - Жұмыс сипатына қарай қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс орындары тәуекел дәрежесі ескеріле отырып, дәлме-дәл белгіленуге және оларға бөгде адамдардың кіруін болғызбайтын (шектейтін) құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс. Егер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесі немесе тиісті демалу аймағы берілуі қажет. Қазіргі таңда халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау (еңбекті қорғау жөніндегі комитеттер) енгізу көзделіп отыр. Әр ұйымда құрылатын комитеттердің құрамына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері паритеттік негізде енуге тиіс. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың жаңа жүйесін енгізу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Олай болса, еңбеккерлердің экономикаға қосатын үлесі олардың еңбек ету жағдайына тікелей байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы орайда үкімет тарапынан жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігі жоғары болуы тиіс. Ал құқықтық қорғауды жетілдіру және оның орындалуын қамтамасыз ету шаралары бұл саладағы мемлекеттің қадамы құтты болмақ. Олай болса, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді бақылау міндеті жүктелген еңбекті қорғау жөніндегі маман, өз жұмыс уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізіп, осы жұмыстарды ұйымдастыруға бөлімшелердің басшы­ларына әдістемелік көмек көрсетуі аса қажет. Әрине бұл ретте, осы кәсіптің мамандарын тиісті дәрежеде дайындаған жағдайда, олардың орындайтын жұмыстарының сапасын барынша жоғарғы деңгейге көтеруге болады.

ГЛОССАРИЙ

Еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жаса-ған еңбек жағдайлары;

жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;

жұмыс берушінің актілері - жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкім-дер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртіптемесінің ережелері;

қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдай-ларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;

ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

еңбекті нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негізінде еңбек нормаларын белгілеу;

еңбектің қауіпсіз жағдайлары - жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жаса-ған еңбек жағдайлары;

қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдай-ларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі-өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындау кезінде нормативтік-техникалық жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларға сәйкес және қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

Өндірістік процестің қауіпсіздігі- өндірістік процестің нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

Өндірістік процес- белгілі бір өнім өндіру үшін атқарылатын іс-әрекеттің (операциялардың) жиынтығы;

Өндірістік операциялар- өндірістік процеске кіретін іс-әрекеттің бір түрі.

1. Жалпы қауіпсіздік талаптары

1.1 Электржетектегі құрылыс машиналармен, құрылғылармен жұмыс істеуге 18 жастан асқан, тиісті біліктілік куәлігі бар, оқыған және төмендегідей білімі тексерілген:

- істелетін жұмыс бойынша;

- еңбекті қорғау және өндірістік санитария, жұмыс орнындағы қауіпсіздік техника нұсқауларын өткен адамдар жіберіледі.

1.2 Жұмысшы жұмыстың басталуына дейін электр қауіпсіздігінен білімі тексерілуі қажет. Құрылыстық машиналармен және электржетегі бар құралдармен, бірінші классты қол электрлі машиналармен жұмыс істейтін адамдардың электр қауіпсіздік квалификациясы II кем болмауы керек. II және III классты қол электрлі машиналармен жұмыс істейтін адамның электр қауіпсіздік дәрежесі I топқа сай болуы керек.

1.3 Электржетекпен жұмыс істейтін құралдармен жұмыс істеу үшін еңбек қорғау туралы нұсқаулықты тоқсан сайын өтуі керек. Ал жылына бір рет электр қауіпсіздік туралы білімі тексерілуі тиіс.

1.4 Қандайда бір электр құралдарын электр желісіне қосу, жөндеу жұмыстарын, профилактикасын және оларды сынақтан өткізу тек қана электро техникалық қызмет адамдары орындауы керек.

1.5 Жұмысшыларды электр тоғы соғу мүмкіндігі жоғары ғимарат сыртында істелетін барлық жұмыстар кезінде және ғимарат ішінде тек II және III кластағы қол электр машиналарын пайдалану керек. I және II класс қол электр машиналарын пайдалану кезінде жеке қорғау құралдарын пайдалану керек ( диэлектрлік қолғап, галош, төсеніш ).

1.6 Жұмысшыларды электр тоғы соғу мүмкіндігі жоғары ( тұйық ыдыс, темір сауыт және т.б.) болса және де аса қауіпті жағдайда құрылыс монтаж жұмыстары кезінде III класты электр құрылғыларын пайдалану керек. Бұл жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану керек.

1.7 Электржетектегі машиналарды өздерінің паспорттарына сәйкес сақтау және орын ауыстыруы керек.

1.8 Адамдардың тоққа түсу мүмкіндігі жоғары бөлмелерде электр жарығы 42В аспау керек.

1.9 Электр тоғын төмендету үшін автотрансформаторлар, дроссельді катушкалар және реостаттарды қолдануға тыйым салынады.

1.10 Жарылыс қаупі бар немесе химиялық активті заттары бар жерде электр қол машиналарын қолдануға тыйым салынады.

2. Жұмыс алдындағы қауіпсіздік талаптары

2.1 Электр құрылғымен жұмысты бастамас бұрын тексеру қажет:

- барлық құрам бөлшектердің орнында болуын, қосылыстардың беріктігін;

- кабельдің ақаусыздығын, орамының бүтіндігін, штепсельді айырудың ақаусыздығын, сыртқы қораптың бейтараптандыру бөлігінің, щетка ұстағыштың, тұтқаның ақаусыздығын, қорғау қабатының ақаусыздығын;

- өшіргіштердің жұмысының сенімділігін;

- мерзімді тексеру күнін;

- 0; 01; 1 класты электр құралдарының жерге қосу құрылғысының ақаусыздығын;

2.2 Жоғарыдағы берілгендердің біреуі табылса, ол құрылғыны жұмысшыға беруге тыйым салынады.

2.3 Құрылыс машиналары және электржетекті құрылғыны алдымен электротехникалық қызметкер тексеруі керек, ең бастысы құрылғының тұтастығына және жерге қосу құрылғысына назар аудару керек.

3. Жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптары

3.1 Жұмыс барысында электржетегі бар құрылғы кенеттен жұмыс істемей қалса, онда ең алдымен оны өшіріп, тоқтан ажырату керек. Одан кейін ғана жұмыс істемеу себептерін тексеру керек. Оныы білу үшін электр жөндеушіні шақырту керек.

3.2 Электржетектегі құралмен жұмыс істеуге тыйым салынады, егер мына ақаулары орын алса:

- штепсельді түйісу жеріне, кабельге зақым келгенде;

- шетка ұстағыштың қақпағына зақым келгенде;

- өшіретін бөлігі дұрыс жұмыс істемесе;

- шетка коллекторында қысқа тұйықталу кезінде, ашық от шығу кезінде;

- редуктордан және желдеткіш каналдардан май ағып кеткенде;

- бейтараптандыру бөліктерінен күдікті йіс, түтін шықса;

- әдеттен тыс йілу, діріл, соққы дыбысы болғанда;

- құралдық жұмысшы бөлігі зақымданса;

3.3 Электржетектегі құрылғыны қараусыз қалдыруға және басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

3.4 Электржетекті құрылғыны өз бетінше жөндеуге, бөлшектеуге тыйым салынады.

3.5 Егер жұмыс кезінде қандайда бір қиындық туындаса, онда жұмыс істеуді тез тоқтату керек те, электржетекте жұмыс істейтін құрылғыны тексеруге өткізу керек.