Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ersin ots rgr.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
98.61 Кб
Скачать

4. Энергетикалық қазандық қондырғыларды таңдау.

Орнатылатын қазандардың қуаты мен саны қалалық аудандарда және кәсіпорындарда қолданылатын жылу жүктемесіне байланысты таңдалынады. Таңдап алынған шығыр сипаттамасына байланысты таза будың қосынды шығыны мен бу сипаттамалары анықталады. Будың сипаттамалары мен шығынына байланысты қазандардың саны мен бу өндірулігін анықтаймыз.

Қазандық қондырғыларды таңдағанда, оның қуатын асыра алу керек, себебі қуаты ең үлкен қазан істен шыққан жағдайда қалған таңдалынып алынған қазандар жылытуға, желдетуге, ыстық сумен жабдықтауға қажетті жылу шығындарының орнын толтыруы қажет. Блокқа шығырмен қоса орналастырылатын қазанның бу өндірулігі шығыр арқылы алынатын өткір будың мөлшеріне байланысты таңдалынады және де ЖЭО-ң өзіндік қажеттіліктері мен 15% қорды қамтамасыз ете алуы керек. 7-ші кестеде әртүрлі қазан агрегаттарының маркалары және олар өндіретін будың параметрлері сипатталған. Бұл жұмыста қазандардың санын турбина санымен тең етіп таңдауға болады. Қазандық қондырғыны таңдау үшін жоғарыда қарастырылған мысалды еске түсірейік. Жылу электр орталығына төрт шығыр тағайындадық. Олар: Т-105/120-130-2 ТМЗ 1 дана. Шығырларға қажет қосынды бу мөлшерін анықтаймыз: т/сағ. ЖЭО-ның өз қажеттіліктеріне тиісті 15% қорды қамтамасыз ету үшінт/сағ бу керек. Мұндай мөлшердегі аса қызған будың параметрлері, яғни қысымыМПа, температурасы5650С болуы қажет. Қосымшаның 7-ші кестесінен осы мысалда көрсетілген талаптарға жауап беретін Еп-640-140Ж(БКЗ-640-140ПТ-1) бу қазанының 1 данасы қажет. Сонда бір Еп-640-140Ж(БКЗ-640-140ПТ-1) бу қазандары бір мезгілде 640т/сағ бу мөлшерін өндіреді. Сонымен шығырларға қажет бу мөлшерін осы қазандар толық қамтамасыз етеді.

5. Энергетикалық қазанда жағылатын табиғи отын шығынын есептеу

Қазан қондырғысында пайдалы қолданылған жылудың ошақтан берілген барлық жылу мөлшеріне қатынасы қондырғының жылулық тиімділігін анықтайды және оның пайдалы әсер коэффициенті деп аталады.

Қазан қондырғының брутто және нетто пайдалы әсер коэффициенттерін анықтауға болады. Брутто пайдалы әсер коэффициенті қазан қондырғысының өз басының мұқтаждарына кеткен энергия шығындарын ескермейді (қоректік су сорғысының, үрлегіш – түтін сорғыштың, отынды ұсатуға, қызу беттерін үрлеуге және т.б.), сондықтан келесі түрде анықталады

мұндағы В – табиғи отынның шығыны, кг/с; қазан қондырғысында пайдалы шығындалған жылу,;- 1 кг қатты немесе сұйық отынды жаққанда бөлінетін толық жылу,. Есептік-сызба жұмысы үшін=деп қабылданады.

Енді осы теңдеуден қазан қондырғысында жағылатын сағаттық отын шығынын да анықтауға болады

(12)

мұндағы - қазанда пайдалы қолданылған жылу мөлшері. Бу өндіруші қазандарда пайдалы жылуды келесі формула бойынша анықтайды

, (13)

мұндағы қазанның бу өндірулігі немесе қазан өндіретін аса қызған будың массалық шығыны, кг/с;

- аса қызған будың қажыры (37-бет), -қоректік судың қажыры (11-бет) және- қазандық судың қажырлары (17-бет), кДж/кг, [3]-ші әдебиеттің арнайы кестелерінен таңдап алынған шығыр сипаттамасы бойынша (Р, МПа; t,0С) анықталады; - қазанды үздіксіз үрлеу үшін шығындалған бу мөлшері, ол 35% - ды құрайды.

Механикалық кем жану салдарынан қондырғыға берілген отынның барлығы толығымен жанып кетеді деп айтуға болмайды. Сондықтан бір сағат бойы отын жанғанда бөлінетін газдар көлемі толық жанумен салыстырғанда біраз кем болады. Жану өнімдері көлемі мен қажырын отынның 1кг (1м3) үшін есептегендіктен, механикалық кем жануды ескеру үшін ошаққа берілген отын мөлшері сәл азырақ деп саналады және жылулық есептеулерде сағаттық есептелген отын шығынын қолданады

Табиғи отын шығынын анықтау үшін қосымшаның 4-ші кестесінде берілген отын түрі мен сипаттамалары және қазан қондырғысының параметрлері қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]