Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 д-ріс.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
91.87 Кб
Скачать

7 Дәріс. Sip протоколына негізделген желі. Sip протоколына негізделген сигнализация

SIP мәтіндік-бағдарланған, IETF комитетімен өңделген, мультимедиа ғаламдық құрылымының бөлігі болып табылатын протоколдан тұрады. SIP тәсілі IP-телефония желісін құруда Н.323-ке қарағанда әлдеқайда жеңіл, бірақ телефондық желілермен өзара әрекеттесуге ыңғайсыз болып келеді. Бұл негізінен HTTP (гипермәтін тарату протоколы) протоколына негізделген SIP сигнализациясының протоколы ЖҚТЖ-да қолданылатын сигнализация жүйелерімен жақсы байланыспайтындығына байланысты. SIP мынадай HTTP: сұрау – жауап (request – reply) тәсілге негізделген. Барлық SIP хабарламалары мәтіндік, және оларды көзбен оқуға болады, қайтару кодтары HTTP-дегі сияқты, сондықтан олардың кейбіреулері желі администраторларына ғана емес, көп "ілгері" интернет пайдаланушыларына (404 - абонент табылмады, 200 - OK) таныс болып келеді. Сондықтан SIP протоколы IP-телефония қызметтерін ұсынуға арналған Интернет қызметтерінің жабдықтаушыларына тиімді болып келеді, және де бұл қызмет қызметтің дестесінің бөлігі ғана болып табылады.

SIP протоколы қайта адрестеу, бағыттау және атауларды түрлендіру сияқты қызметтерді ұсынады, жалпы қолданыс желісіндегі сигнализация протоколы ретінде SIP-ті пайдалану үшін оператордың басты міндеті телефондық қызметтерді кең түрде ұсынау. SIP протоколының маңызды ерекшілігінің бірі пайдаланышыларының көптігі. SIP-тің қасиеттері әмбебап емес, мысалы Н.323 протоколы елеулі дәрежеде осындай мүмкіндікке ие.

SIP протоколы IETF комитетімен MMUSIC (Multiparty Multimedia Session Control) тобымен өңделген, ал протокол сипаттамалары RFC 2543 документтерінде келтірілген. Протокол негізіне MMUSIC жұмыс тобы келесідей қағидаларды қояды.

Пайдаланушылардың дербес қозғалғыштығы. Пайдаланушыға әмбебап идентификатор жүктеледі, ал оған желі қайда тұрғандығына қарамастан байланыс қызметін ұсынады. Ол үшін пайдаланушы арнайы REGISTER хабарламасы көмегімен орынды анықтаушы серверіне өзінің алмасуы жайлы хабарламалайды.

Желiнiң масштабталатындығы. Ол желінің элементтерінің саны оның кеңеюі кезінде ұлғаю мүмкіндігімен сипатталады. SIP протоколына негізделген желінің солтүстік құрылымы толықтай осы талапқа жауап береді.

Протоколдың кеңейтілімділігі. Ол жаңа қызметтерді енгізу кезінде протоколды жаңа функциялармен толықтыру мүмкіндігімен және оны түрлі қосымшалармен жұмысқа бейімдеуімен сипатталады.

IETF–пен өңделген, Интернет протоколдарын стекте біріктіру. SIP протоколы мультимедиа ғаламдық құрылымының бөлігі болып табылады. Бұл құрылым құрамы келесілерден тұрады: RSVP ресурстарын сақтау протоколы, RTP шынайы уақыттың транстық протоколы, Эта архитектура включает в себя также протокол резервирования ресурсов RSVP, транспортный протокол реального времени RTP, RTSP шынайы уақыттағы ағындық ақпаратты тарату протоколы, SDP байланысының параметрлерін суреттеу протоколы.

SIP протоколы Н.323 протоколымен бірге пайдаланылуы мүмкін. SIP протоколы ЖҚТЖ сигнализация жүйесімен өзара әрекеттесуі мүмкін - DSS1 және ОКС7. Осындай әрекеттесуді жеңілдету үшін SIP протоколының сигналдық хабарламалары арнайы SIP-адресті ғана емес, Е.164 және таға басқа форматтардың телефон нөмірлерін тасымалдауы мүмкін. Одан бөлек, жұмысты синхронизациялау үшін SIP протоколы Н.323 және ISUP/IP протоколдарымен бірдей шлюздармен басқару құрылғыларын қолдануы мүмкін.

SIP протоколының маңызды ерекшілігінің бірі транспорттық технологияға тәуелсіздігі. Тасымалдаушы ретінде Х.25, Frame Relay, AAL5/ATM, IPX және т.б. протоколдар қолданылуы мүмкін. SIP хабарламасының құрылымы таңдалған транспорттық технологияға тәуелсіз. Бірақ, сол уақытта бағалау IP дестелерін бағыттау технологиясына және UDP протоколына беріледі. Ол үшін арнайы ақпараттың сенімді жеткізілуі үшін қосымша механиздер құру қажет. Осындай механизмге жоғалған жағдайда ақпаратты қайта жіберу және қабылданғаны түралы растаулар жатады.

SIP протоколында ақпарат ағындарын басқару және кепілденген қызмет сапасын ұсыну механизмдері жүзеге асырылмаған. Одан бөлек, SIP протоколы пайдаланушы ақпаратын таратуға арналмаған, оның хабарламаларында тек шектелген көлемдегі ақпарат болуы тасымалдана алады. Желі арқылы тасымалдау кезінде өте үлкен SIP хабарламасын IP деңгейде бөліктеуге болмайды, ақпарат тарату сапасы төмендеуі мүмкін.

SIP протоколы үш түрдің конференцияларын ұйымдастыруды қарастырады:

–көпадресті тарату режимінде (multicasting), ақпарат бір multicast-адреске жіберіледі,сосын соңғы адресат желісіне жеткізіледі;

– при помощи устройства управления (MCU) конференцияларды басқару құрылғысымен, оған нүкте-нүкте режимінде ақпарттаратты береді және ол оны өз кзегінде өңдейді (яғни араластырады немесе коммутациялайды), конференция қатысушыларына таратады;

– әр нүкте-нүкте режимі кезінде пайдаланушыны әрқайсысымен қосу.

SIP протоколы жаңа қатысушыларға орнатылып тұрған байланыс сеансына қосуға мүмкіндік береді, яғни екіжақты сеанс конференцияға ауысуы мүмкін.

IP-желілердің өзара әрекеттесулерін ұйымдастыру және пайдаланышылардың қозғалғыштығын қамтамасыз ету үшін SIP протоколы адресті, нақты электронды адресті пайдаланады. SIP-адрестің 4 түрі бар: аты@домен; аты@хост; аты@IР-адрес; телефон № @шлюз.

Сонымен адрес төрт бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі – бұл жұмыс стансасында немесе доменде тіркелген пайдаланушы аты. Егер адрестің екінші бөлігі қандай да бір шлюзді сәйкестендірсе, онда бірінші бөлікте абоненттің телефон нөмірі көрсетіледі.

Адрестің екінші бөлігінде шлюздің немесе жұмыс стансасының домен атауы көрсетіледі. IP-адресті анықтау үшін құрылғы домендік атау қызметіне жүгінуі тиіс – Domain Name Service (DNS). Егер SIP-адрестің екінші бөлігі IP-адреске орналасса, онда жұмыс стансасымен тікелей байланыстыруға болады.

SIP протоколын қолданатын функциялар: пайдалаушы жағдайы;

– пайдаланушы мүмкіндіктері. SIP протоколы сеанста қатысушы құрылғы және тарату ортасының мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді;

– пайдаланушының желіге ену мүмкіндігі;

– сеанстарды орнату. Сеансқа қатысушы жақтардың параметрлерін орнату;

– сеансты өңдеу. SIP протоколы белсенді сеансты аяқтауға, жіберуге және модификациялауға мүмкіндік береді.

SIP желісі негізгі үш түр элементтерінен тұрады: пайдаланушы агенттері, прокси-серверлер және қайта адрестеу серверлері (7.1 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]