Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RGR1_po_PE.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
235.44 Кб
Скачать

1 Есж орындауға жалпы әдістемелік нұсқаулықтар

«Өнеркәсіптік электроника» пәні 05071800 – Электр энергетика мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін оқытылады. Курс бойынша дәрістер оқылады, есептеме-сызба және зертханалық жұмыстар орындалады. Есептеме-сызба жұмыстар (ЕСЖ) курсты оқытудағы негізгі компоненттің бірі болып табылады.

«Өнеркәсіптік электроника» пәнінің мақсаты – электрондық және микроэлектрондық құрылғыларды есептеу мен жобалау әдістерін және жұмыс істеу принциптерін оқу болып табылады.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер диодтардың, транзисторлардың, интегралдық микросұлбалардың негізгі көрсеткіштері мен сипаттамаларын білу және солардың негізінде негізгі аналогтық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін меңгеру қажет. ЕСЖ-ны орындау элементтік базаны таңдауда және электрондық сұлбаларды есептеуді орындауда алынған теориялық білімді қолдануға мүмкіндік береді.

Пән физика, жоғары математика, электрлік тізбектер теориясы сияқты пәндерден алынған білімдерге негізделген.

Берілген әдістемелік нұсқаулық есептеме-сызба жұмысқа екі тапсырмадан тұрады, студент солардың бірін орындайды, және тапсырмаларды орындауға шығарылу жолдары көрсетілген.

ЕСЖ-ны орындауда білу қажет:

сынақ кітапшасының соңғы екі санына сәйкес өзінің нұсқасын таңдау керек;

нұсқа нөмірі, студенттің тобы, фамилиясы және инициалдары титулдық парақта көрсетілуі керек;

тапсырманың тексті еш қысқартылусыз ЕСЖ түсініктеме парағына көшірілуі керек;

түсініктеме парағында өлшеу бірліктеріне және ақырғы нәтижелеріне сәйкес есептеу формулаларын келтіру керек, қажетті аралық айырмалар мен түсіндірмелерде қажет;

барлық текстік және графикалық материалдар [1] фирмалық стандартқа сәйкес болу керек, титулдық парақ, тапсырма, негізгі бөлім, тапсырманы есептеу және әдебиеттер тізімінен тұруы қажет.

2 Есептеме-сызба жұмыстарға тапсырмалар

ЕСЖ-да екі тапсырманың біреуін орындау қажет.

Сынақ кітапшасы нөмірінің соңғы саны тақ болса, №1 тапсырманы орындау қажет.

Сынақ кітапшасы нөмірінің соңғы саны жұп болса, №2 тапсырманы орындау қажет.

2.1 №1 Тапсырма

VT транзисторы күшейткіш каскадына ОЭ сұлбасы бойынша қосылған.

2.1 суретте көрсетілген сұлбада базалық бөлгішпен фиксирленген ығысу қолданылады, ал 2.2 суретте базалық тыныштық ток арқылы. Каскад Ек кернеуімен бір қорек көзінен қоректенеді. Транзистордың типі, Ек қоректендіру көзінің кернеуі және Rк коллекторлық жүктеме резисторының кедергісі берілген (2.1 кестені қараңыз). Сұлбаның типі және күшейтілетін толқындардың жиілік аумағы fт fж 2.2 кестеде келтірілген.

2.1 кесте

Сынақ кітапшасының номірінің соңғы цифры

Нұсқа №

1

2

3

4

5

VT

КТ803А

ГТ703А

КТ902А

КТ120А

ГТ402Д

Ек, В

50

15

30

0,8

6

Rк, кОм

0,0125

0,010

0,012

0,05

0,02

2.1 кестенің жалғасы

Сынақ кітапшасының номірінің соңғы цифры

Нұсқа №

6

7

8

9

0

VT

КТ501А

КТ601А

КТ317А

КТ313А

КТ361Г

Ек, В

30

60

4

6

25

Rк, кОм

2,5

1,5

10

0,2

0,5

2.2 кесте

Сынақ кітапшасының номірінің соңғысының алдындағы цифры

Нұсқа №

1

2

3

4

5

fт, Гц

100

150

80

95

120

fж, кГц

6

8

5

6

9

Сурет

2.2

2.1

2.2

2.1

2.2


2.2 кесте

Сынақ кітапшасының номірінің соңғысының алдындағы цифры

Нұсқа №

6

7

8

9

0

fт, Гц

100

120

150

100

150

fж, кГц

12

10

18

9

7

Сурет

2.1

2.2

2.1

2.2

2.1


Талап етіледі:

а) күшейткіштің берілген сұлбасын келтіру;

б) күшейткіштің өтпелі динамикалық сипаттамасын (ӨДС) тұрғызу;

в) ӨДС-да бастапқы жұмыс нүктесін анықтау;

г) бастапқы жұмыс нүктесінің ығысуын анықтау;

д) ығыстыру тізбегінің элементтерінің мәнін есептеу;

е) Са алшақтату сыймдылығын есептеу;

ж)  сызықсыз бұрмалану коэффициентін есептеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]