Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ЭТН(Э) 1каз2012.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
126.46 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі

«Алматы энергетика және байланыс университеті»

Коммерциялдық емес АҚ

Электрэнергетика факультеті

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасы

.

Силлабус

Электротехниканың теориялық негіздері 1” пәні бойынша

бакалавриат 5В071800 –Электрэнергетика мамандығы үшін

оқу курсы 2

семестр 3

кредит саны 3

жалпы сағат саны 135

дәрістер 1,5 кредит

машықтану сабақтар 1 кредит

зертханалық сабақтар 0,5 кредит

өзіндік жұмыс 53 сағат

оқытушымен өткізген аудиториялық

сабақ саны 30 сағат

есептеу-сызба жұмыстары 3

емтихан 3 семестр

Алматы 2012

Силлабус 5В071800 –Электрэнергетика мамандығы үшін «Электротехниканың теориялық негіздері 1» пәнінің жұмыстық бағдарламасы негізінде құралған.

Силлабус «Электротехниканың теориялық негіздері» кафедрасында 20.06.2012 жылдың №11 хаттамасы бойынша қаралып, бекітілді.

ЭТН кафедрасының меңгерушісі Жолдыбаева З. И.

1. Оқытушы жайлы мәліметтер

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасы профессоры, СОжМКДФ деканы, химия-ғылымдарының кандидаты – Аршидинов Малик Мамежанович, ғылыми-педагогикалық өтілі - 21 жыл.

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты – Иманбекова Тохтабибі Жұмаділқызы, ғылыми-педагогикалық өтілі – 37 жыл.

“Электротехниканың теориялық негіздері” кафедрасының аға оқытушысы – Аршабекова Алма Төлендіқызы, ғылыми-педагогикалық өтілі - 9 жыл

ЭТН кафедрасы Б315 аудиториясында орналасқан

2. Пән бойынша мәліметтер

2.1 Пәнің атауы - “Электротехниканың теориялық негіздері 1” (ЭТН1).

2.2 ЭТН1 пәні екінші курстың бірінші семестрінде оқытылады.

2.3 ЭТН1 курсының көлемі:

кредит саны - 3, барлық сағат-135, аудитория сабағы – 52 сағ, оның ішінде дәрістер – 22 сағат, машықтану сабағы – 15 сағат, зертханалық сабақ – 15 сағат, ЕГЖ 3, өздік жұмыс – 83 сағат, ондағы МСӨЖ – 30 сағат, СӨЖ – 53 сағат.

3. Пререквизиттер, постреквизиттер

3.1 Пәннің пререквизиті – пәнді оқып үйрену үшін математика 1, математика 2, физика 1, физика 2, информатиканы игеру керек.

3.2 Пәннің постреквизиті – этн2, этн3, электр энергетика, электр механикасы және электр техникалық жабдықтар, электрлік машиналар пәндерін оқып үйрену үшін керек.

  1. Пәннің сипаты

ЭТН1 пәні 5В071800 – электрэнергетика мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауда базалық курс болып табылады. ЭТН1 курсында тұрақты және бірфазалы синусоидалы тоқтардың сызықтық электр тізбектеріндегі орнатылған режімдерді оқытады.

  1. Пәнің мақсаты

ЭТН1 пәнінің мақсаты – сызықты электр тізбегіндегі орнатылған режімдерді оқып үйрену болып табылады. Сондай-ақ бұл курста сызықты тізбектердің жалпы теориясын және олардың есебі мен талдауының инженерлік әдістерін қамтамасыз етеді.

  1. Пәнің қысқаша мазмұны

ЭТН1 пәнің қысқаша мазмұны:

6.1 Тұрақты токтың сызықтық электр тізбектері;

6.2 Бірфазалы синусоидалы токтың электр тізбектері.

  1. Әр сабақтың ұзақтылығы және тақырыбтары

7.1 1-тақырып. Тұрақты тоқтың сызықтық электр тізбектері – 9 сағат дәрістер (дәріс, Ә. 3,5,6,8,10)

Электр тізбегінің элементтері. Электр энергия көзінің балама сұлбасы. ЭҚК-і бар тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Қуаттар тепе-теңдігі. Контурлық токар әдісі. Түйіндік потенциалдар әдісі. Матрицалық формадағы тізбектер жағдайының теңдеуі. Сызықтық электр сұлбаларының түрленуі. Электр тізбектерінің негізгі қасиеттері. Беттесу принципі, өзаралық қасиеті, тармақтардың кіру және өзара өткізгіштігі. Қарымталау теоремасы. Кернеу мен тоқ арасындағы сызықтық қатынас. Сызықтық электр тізбектерін есептеу үшін топологиялық әдісті қолдану. Екіұштылар туралы жалпы мәліметтер. Активті екіұштылар туралы теорема және оның тармақталған тізбекті есептеуде қолданылуы. Активті екіұштыдан пассивті энергияның берілуі. Электр тізбектерін талдау үшін компьютерлік технологияны қолдану.

7.2 2-тақырып. Бірфазалы синусоидалы тоқтың электр тізбектері - 13 сағат дәрістер (дәріс, Ә. 3,5,6,8,10)

Бірфазалы синусоидалы токтардың негізгі түсініктемелері. ЭҚК, кернеу және токтардың орташа және әсерлік мәндері. Кедергідегі, индуктивтіліктегі және сыйымдылықтағы синусоидалы ток. Айналыс векторындағы проекция түрінде синусоидалы қызметтердің ұсынысы. Кедергіге, индуктивтілікке, сыйымдылыққа тізбектей қосылу. Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары. Векторлық және топографиялық сызбалар.

Синусоидалы ток тізбектеріндегі қуаттар. Қуаттар тепе-теңдігі. Көзден қабылдағышқа максимал қуаттың берілу шарттары. Синусоидалы ток кезіндегі тармақталған тізбектердің есептелуі.

Электр тізбектеріндегі резонанстық құбылыс. Кернеу резонансы. Жиіліктік сипаттамалар. Күрделі тізбектердегі резонанс. Ток резонансы.

Түзу және шеңбердің кешендік теңдеуі. Тармақталмаған және тармақталған тізбектер үшін шеңберлік сызба.

Индуктивті байланысқан элементтер. Өзара индукциялы ЭҚК. Тізбетегі индуктивті байланысқан элементтердің тізбектей қосылуы. Тізбектегі индуктивті элементтерді параллель қосу. Индуктивті байланысты балама ауыстыру. Индуктивті байланысты элементті тізбектер арасында энергияның берілуі. Болат өзекшесі жоқ трансформатор. Индуктивті байланысы бар кездегі тармақталған тізбектерді есептеу. Синусоидалды ток тізбектерін компьютерде моделдеу.