Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет.указ. Физ.2 БАУ на каз. 2013.doc
Скачиваний:
70
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Б Қосымшасы

Б.1 Табиғаты әр түрлі гармоникалық тербелістердің математикалық сипаттамаларының ұқсастықтарын көрсетіңіз: тербелістің дифференциалдық теңдеуі, оның шешімі, жүйені сипаттайтын физикалық шамалар, олардың графиктері.

Б.2 Бөлшек амплитудасы А және периоды Т гармоникалық тербеліс жасайды. Бөлшектің 1) х=0 ден х=А/2 жағдайына; 2) х=А/2 жағдайынан х=А-ға дейін ығысқандағы уақытын анықтаңыз. Тербелістің графигін сызып, көрсетілген уақыт аралығын белгілеңіз.

Б.3 Лиссажу фигуралары деген не? Олар қандай жағдайда байқалады? Лиссажу фигураларының кескіні неге тәуелді және осы қисықтардан тербелістің қандай сипаттамаларын анықтауға болады? Мысал келтіріңіз.

Б.4 Апериодты процесс деген не? Ол қандай жағдайда байқалады? Критикалық өшу қай жерде қолданылуы мүмкін?

Б.5 Біз неге қасымыздағы адамның әңгімесін тыңдап, актерлардың даусы мен ән салғанын, сазды аспаптардың үнін естиміз? Неліктен адамның даусы саусақтың іздері сияқты анық?

Б.6 Егер жарық диэлектрик бетке Брюстер бұрышымен түсіп, полярланса, онда беттен шағылған жарықтың интенсивтілігі 1) сәуленің түсу жазықтығына перпендикуляр жазықтықта; 2) түсу жазықтығында қандай болады?

Б.7 Гармоникалық тербеліс кезінде тербеліс периодына тең уақыт ішінде квазисерпімді күштің А жұмысы неге тең болады? Жауабын түсіндіріңіз. Нәтиженің салдары қандай?

Б.8 Егер берілген дене толқынға бөгет болып табылса, сәуле шығарудың толқын ұзындығы қандай болады? Мына жағдайлар үшін: 1) , 2) , 3) толқынның таралу бейнесін салыңыз.

Б.9 Интерференцияны неліктен екі лазер көзінен бақылауға болады, ал неге екі электр шамынан алуға болмайды? Осындай жарық көздерінен тарайтын жарықтың толық сипаттамаларын беріңіз.

Б.10 Оптиканы жандандырудың мәні неде? Жандандырылған линзалар қай жерлерде қолданылады?

Б.11 Гармоникалық тербелістің амплитудасы мен бастапқы фазасы неге тәуелді? Мысал келтіріңіз, алынған нәтижелерді формулалар мен графиктерді қолданып, талдаңыз.

Б.12 Ығысу амплитудасы (заряд) мен жылдамдықтың (ток) резонанстық қисықтарын салып, талдаңыз. Олардың айырмашылықтары неде? Осы айырмашылықтардың себебін түсіндіріңіз.

Б.13 Ұлы әнші тенор Энрико Карузо бар даусымен жоғары нотаны алғанда, шыны бокал шытынайды екен. Мұны қалай түсінуге болады?

Екі саңылаудан өткен

Б.1 Сурет

интерференциялық картинаның қандай да бір жерінде қызыл жарықтың минимумы орналасқан. Ал көк жарық үшін қандай болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Б.14 ығысудың уақыттың қандай да бір мезеті үшін графигі берілген (Б.1 суретті қара). Графиктің астына (х үшін де осы масштабты сақтаңыз) осы уақыт мезеті үшін энергия тығыздығының графигін тұрғызы

Б.15 Көлденең және қума толқындар. теңдеуі осы толқындардың қайсысын сипаттайды? Неге? шамасының мағынасын түсіндіріңіз. және тәуелділіктерін талдаңыз.

Б.16 х осі бойымен таралған толқын бөлшектерінің ығысуының “моментальді” фотосуреті берілген (Б.1 суретті қара). Тербелісі сурет жазықтығында өтетін қума және көлденең толқын үшін А, В және С нүктелерінде бөлшектің жылдамдығының бағытын көрсетіңіз. Екі жағдайда В нүктесінде бөлшектің жылдамдығы неге тең болады?

Б.17 ығысудың уақыттың қандай да бір мезеті үшін графигі берілген (Б.1 суретті қара). 1) А және С, 2) 0 және В нүктелерінде кинетикалық, потенциалдық және толық энергиялардың тығыздықтары неге тең (нөлге, нөлден өзгеше, максимал)? Осы нүктелерде энергия ағыны тығыздық векторы қайда бағытталған және неге тең?

Б.18 Жазық электромагниттік толқынның электр өрісі заңымен өзгереді: а) -ң өзгеру заңын жазыңыз. шамасы мен бағытын; б) толқынның таралу бағытын; в) Пойнтинг векторының шамасы мен бағытын анықтаңыз.

Б.19 Неге вино бокалының шетінен ылғал саусақпен сырғып өтсең, ол “ән салғандай” болады? Бокалдың дыбыс шығаруының себебі не және саусақ неліктен ылғал болуы керек? Бокал бөлшектерінің тербелісі қандай тербеліс: қума ма, көлденең бе?

Б.20 Геофизиктерге Жердің сұйық ядросының бар екендігі туралы қорытынды жасауға серпімді толқындардың қандай қасиеті және қалай көмектесті?

Б.21 Екі гармоникалық тербелістің графиктері берілген (Б.2 суретті қара). Олардың біріншісі

Б.2 Сурет

теңдеуімен сипатталады. А және w шамаларын белгілі деп есептеп, екінші тербелістің теңдеуін жазыңыз. Тербелістердің қайсысы үлкен энергияға ие, қанша есе?

Б.22 түріндегі теңдеу нені сипаттайды, мұндағы – қандай да бір функция, және – тұрақтылар? Мысалдар келтіріңіз. және шамаларының физикалық мағыналары қандай?

Б.23 Y осі бойымен таралатын жазық монохроматты электромагниттік толқынның теңдеуін жазыңыз. Осы электромагниттік толқындағы және векторларының бір-біріне қатысты орналасуын суретте көрсетіңіз. Бұл көрініс толқынның қандай қасиеттерін көрсетеді? векторларының тербелістерінің жиілігі, олардың бастапқы фазалары жөнінде не айтуға болады? Табиғи жарық толқыны дегеніміз не? Жарық толқынының қасиеттерін сипаттаңыз.

Б.24 Пластмассадан жасалған беттік поляроидтық жапқыш қабаттар бастапқы кезде автомобиль фарларына арналып, яғни қарсы кездескен автомобиль жүргізушісінің көздерін шағылыстырмау үшін жасалды. Ол қалай жасалады және поляроидты қалай бағыттаған дұрыс болады? Қарсы кездескен машина бәрібір көріну үшін біраз жарық жапқыш қабаттан өту керек екенін ескеріңіз.

Б.25 Мысал ретінде тығыздығы бар тұрақты ток жүретін біртекті өткізгіштің бөлігі үшін Пойнтинг векторы ұғымын қолданып, электромагниттік өрістің энергия ағынының шамасын тауып, энергия тасымалының бағытын анықтаңыз.

Б.26 Пойнтинг векторы, оның мағынасы. Мысал ретінде тығыздығы бар тұрақты ток жүретін біртекті емес (бөгде күштердің өрісі бірдей, өткізгіштің бөлігі үшін электромагниттік өрістің энергия ағынының шамасын тауып, энергия тасымалының бағытын анықтаңыз.

Б.27 Суда табанының ауданы S және биіктігі Н параллелепипед тәрізді мұз жүзіп жүр. Мұзды суға кішкене х0 тереңдікке батырып, қайтадан қоя береді. Судың кедергісін ескермей, оның тербелісінің периодын анықтаңыз. Егер судың кедергісі жылдамдыққа пропорционал болса, тербеліс периоды қалай өзгереді? Екі жағдай үшін мұздың x=x(t) қозғалыс заңдарын жазыңыз.

ЕСЖ № 6 - №6 модуль бойынша ЕСЖ тапсырмаларының нұсқалары.

3 кесте. № 6 есептік-сызба жұмыстың мақсаты- жүлулық сәулелену және кванттық физика бөліміндегі есептерін шығары арқылы теориялық білімдерін көрсету.

Деңгей

Нұсқа

Т.С.Байпақбаев, М.Ш.Қарсыбаев

Тербелістер мен толқындар, кванттық механика, атомдық және ядролық физика. Алматы 2002 ж

В.С.Волькенштейн. Жалпы физика есептер жинағы.

Мектеп.-Алматы.,1974.

В қосымшасы

А

1

5.22, 6.1, 7.1, 7.23

18.1, 21.3

5, 28

2

5,21, 6.2, 7.2, 7.24

18.2, 21.6

6, 29

3

5.20, 6.3, 7.3, 7.21

18.3, 21.10

8, 30

4

5.19, 6.5, 7.4, 7.22

18.4, 21.17

9, 31

5

5.23, 6.6, 7.7, 7.25

18.16, 21,16

1, 32

6

5.2, 5.28, 7.8(1), 7.3

19.36, 21.6

7, 33

7

5.3, 5.29, 7.8(2), 7.32

19.37, 21.32

10, 34

8

5.4, 5.34, 7.17(1), 7.33

19.39, 21.33

4, 35

9

5.6, 5.37, 7.10, 7.34

19.41, 21.34

3, 36

10

5.16, 5.45, 7.11, 7.41

19.36, 22.3

2, 37

В

11

5.15, 5.52, 7.46, 7.45

20.4, 21.16

13, 38

12

5.43, 6.15, 7.50, 7.58

18.11, 21.12

14, 39

13

5.44, 6.16, 8.14, 8.36

18.12, 20.2

12, 40

14

5.47, 6.17, 8.13, 8.35

18.13, 20.3

18, 41

15

5.49, 6.18, 8.19, 8.34

18.15, 20.4

15, 42

16

5.51, 5.19, 8.25, 8.51

18.17, 20.5

19, 43

17

5.17, 5.26, 8.22, 8.56

19.34, 20.8

11, 44

18

5.35, 6.36, 7.16, 7.47

18.9, 22.21

21, 45

19

5.36, 6.33, 7.13, 7.39

18.10, 22.32

20, 46

20

5.52, 6.34, 7.19, 7.40

18.14, 22.33

22, 47

21

5.53, 6.35, 7.49, 7.59

18.18, 22.28

16, 48

22

5.54, 6.31, 7.14, 7.48

18.19, 22.20

17, 49

С

23

5.48, 6.19, 7.18, 7.26

18.20, 22.37

23, 50

24

5.56, 6.20, 7.20, 7.30

18.21, 22.36

24, 51

25

5.41, 6.28(2), 7.6, 7.29

18.22, 22.42

25, 52

26

5.18, 5.32, 7.5, 7.27

18.9, 22.41

26, 53

27

5.12, 5.46, 7.9, 7.28

19.40, 22.40

27, 54