Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РГР -№1-3(каз) .doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
3.76 Mб
Скачать

Коммерциялық емес

акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА

ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ


Электртехниканың

теориялық негіздері кафедрасы

Этн-2. Үш фазалы электр тізбектерін және сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді есептеу

№ 1-3 есептік - сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

5В071800 - электр энергетика мамандығының студенттері үшін

Алматы 2014

Құрастырушылар: М.М. Аршидинов, А.И.Нурова. ЭТН 2. Үш фазалы электр тізбектерін және сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді есептеу. № 1-3 есептік - сызбалы жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар - (бакалвриат, 5В071800 -электр энергетика мамандығының студенттері үшін) Алматы: АЭжБУ, 2013 15 –б.

Есептік – сызбалы жұмыстарында ЭТН2 курсындағы мынандай тақырыптар бойынша: «Үш фазалы тізбектер» және «сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестер» әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар келтірілген. Есептік – сызбалы жұмыстар екінші курс студенттеріне арналған, 5В071800 – Электроэнергетика бакалавриат мамандықтары үшін.

Без. 54, кесте. 9, библиогр. - 5 атау.

Пікір жазған: АЖЖАӨҚ кафедрасының профессоры, техн.ғыл.докторы К.К.Жумагулов

Алматы энергетика және байланыс университетін 2014 жылғы жоспары бойынша басылады.

©Алматы энергетика және байланыс университеті, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................4

1 №1 тапсырма. Статикалық жүктемелі үш фазалық токтың тізбегінің симметриялы және симметриялы емес режимдерін есептеу......................................................................................................................5

2 №2 тапсырма. Үш фазалық тізбектің симметриялы емес режимдерін симметриялық құрастырушылар тәсілімен есептеу …….……….……………..8

3 №3 тапсырма. Сызықты электр тізбектеріндегі өтпелі процестерді

есептеу ......……………………………............................................................….11

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................14

Кіріспе

«Электротехниканың теориялық негіздері» (ЭТН) курсын оқығанда есептік - сызбалы жұмыстар (ЕСЖ) оның маңызды компоненті. ЕСЖ-ң орындау студентке теориялық жағдайларды практикалық есептеу жасағанда қолдануға, электр тізбегін өз бетінше талдап үйренуге, ал олар ЭТН курсын жақсы меңгеруге көмектеседі.

Есептік - сызбалы жұмыстарын орындағанда мына шарттар орындалуы керек:

- міндетті түрде өз нұсқаңды таңдап алуы керек, нұсқаны таңдап алу үшін студенттің студент кітапшасының соңғы екі санымен тегінің бірінші әріпі қажет, тапсырманың тексін ЕГЖ-ның түсініктемесінде қысқартусыз көшіріп жазылуы керек;

- ЕСЖ-ның әр тарауына атау беру керек, жұмысты қағаздың бір жақ бетіне орындау керек;

- түсініктемеде есептеу формулалары мен соңғы нәтижесін ғана емес, сонымен бірге оларды тексеруге мүмкіндік беретін арасындағы есептеулерді де көрсету керек;

- титулды бетте студенттің аты-жөні, тобы және нұсқасыміндетті түрде көрсетілуі керек;

- есептеліп отырған параметрлер үшін сәйкесінше өлшем бірлігін жазу керек, комплекстің үстіне нүкте қою қажет;

- түйіндердің, параметрлердің, резисторлардың, индуктивтіктердің, сыйымдылықтардың аттарын, тоқтың және кернеудің оң бағыттарын өзгертпеу керек;

- лездік шамалардың қисығы, векторлық, топографиялық, шеңберлік диаграммалар қосымша жабыстырылған миллиметрлік немесе торлы қағазда орындау керек;

- графикте көрсетілген шамалардың аттарын жазу керек. Масштабты графикпен немесе диаграммамен жұмыс істеу ыңғайлы болатындай етіп таңдау керек. Түсініктемеде сұлбаларды сызғыш, циркулді қолдана отырып, қарындашпен орындау керек;

- қолданылған әдебиеттің тізімін келтіру керек.