Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗРАС.docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
30.04.2015
Размер:
112.79 Кб
Скачать

Өсімдіктердің минералды элементтерді сіңіруі

Қоршаған ортадан минерадды элементтерді өсімдіктің кез-келген тірі жасушасы сіңіруге қабілетті болса да, бұл процесте басты рөлді тамыр жүйесінің сіңіргіш жасушалары атқарады, Бұл жасушалар сонымен бірге су сіңіру қызметін де атқарады. Осы екі процесте мамандандырылған бір мүшемен атқарылатынына қарамастан және біршама деңгейде өзара байланыста болсадағы олардың әрқайсысының негізінде өздеріне тән ерекше механизмі бар..

Қоректік ортадағы элементтер жекелеген жасушалармен және тамырлармен олардың мөлшерлік қатынасы бойынша сіңірілмейді. Бір тұздың иондарының өзі әр түрлі жылдамдықпен сіңірілуі мүмкін, нәтижееінде тамыр аймағында аниондардың немесе катиондардың артығымен жиналуына және физиологиялық қышқылдықтың немесе физиологиялық сілтіліктің туындауына әкеледі.

Сонымен бірге тандап сіңіру абсолютгі болмайды, мысалы, қажетті элементтерден басқа, қоршаған ортада бар, қалғандары да сіңіріледі.

Сіңірілу тандаулылығының абсолютті сипатта еместігіне, қоректік ортаның құрамының өзгеруіне, өсімдіктердегі жекелеген элементгердің болуы сәйкес келетіндігі. Бұл өсімдіктің минерадды қоректенуін басқару арқылы, өнімнің сапасы мен мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтқанымыздай, судың сіңірілуі мен минералды заттардың сіңірілуі — бұл екі дербес процесс, бірақ транспирацияның күшеюі әдетте өсімдіктерде минералды элементтердің жиналуын арттырады.Сонымен, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруі едәуір деңгейдё салыстырмалы сипатқа ие. Мұндай екі жақтылық, бұл процестін әр түрлі жолдармен іске асатынымен және онда бірнеше механизмдердің қатысатынымен түсіндіріледі.

Яғни қорытындыласақ минералды қоректену ілімі өзінің орнығуы мен даму процесінде егіншілік үшін өте маңызды рол атқарғанын айтуымыз керек. Оның негізінде, көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал жасаған, тек органикалық тыңайтқыштарды пайдаланып қоймай сонымен бірге минералды тыңайтқыштарда кеңінен қолданыс тапты.

Сонымен бірге ол тыңайтқыштарды әр түрлі тәсілдермен қолдан отырып өсімдік шаруашылығы0ның өнімдеріңің сапасын қажетті бағытт жақсартуға мүмкіндік берді.