Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биохимия.doc
Скачиваний:
122
Добавлен:
21.04.2015
Размер:
74.75 Кб
Скачать

Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің негіздері

Семіруді ескерту мен емдеу тәсілдерінің негізінде, қоректенудің тәртібін сақтаудың маңызы өте зор. Тамақтың құнарлылығын, ондағы ас тұзын, тәтті және ащы тағамдарды шектеп, бөлшектеп, жиі (күніне 5—6 рет) қоректену қажет. Тамақтың құнарлылығын күн бойына дұрыс бөлу ерекше маңызды. Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы күннің бірінші жартысына (ауыз ашар, екінші ауыз ашар, түскі ас) келуі керек. Оның тек 30%-ы түстен кейінгі астануларға (түстен кейінгі, кешкі және жатар алдындағы ас) келгені дұрыс. Жатар алдындағы астану ұйықтардың алдында 2 сағат бұрын болуы қажет, Тамақтанудың осындай тәртібінде организмге аспен түсетін энергияның негізгі бөлшегі жұмыс уақытындағы кеткен шығынын толтырады да, май түрінде қорға жиналуы азаяды.

Дұрыс қоректенудің негізінде — сапалық құрамы жағынан организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады. Тағамда өсімдік майларының мөлшері мен жануарлар майларының ара қатынасы 1:2 болуы қажет. Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары аз болуы керек.

Сонымен бірге гиподинамияны шектеу, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануды насихаттау қажет. Толық адамдарда май алмасуы бұзылуын жөнге келтіру үшін арнайы дәрілер, әсіресе балық майынан алынған «эйконол» қолданылады. Ол қанда майдың мөлшерін, артериялық қысымды төмендетеді, қанның ұюын ретке келтіреді

Организм тіршілігінде нәруыздардың маңызы өте үлкен. Нәруыздардың организмде алмасуының бұзылыстары: олардың түзілуі мен ыдырауы бұзылғанда, амин қышқылдарының аралық алмасуы өзгергенде және нәруыздар алмасуының соңғы кезеңдерінің бұзылыстарында байқалады.

Нәруыздардың түзілуі мен ыдырауының бұзылыстары

Нәруыздардың түзілуінің бұзылуы екі түрлі себептерден болуы мүмкін:

1.амин қышқылдарының, әсіресе алмастырылмайтын аминқышқылдарының, жетіспеушілігінен;

2. Жасушалардың гендік құрылымдарының өзгерістерінен немесе олардың қызмет атқару белсенділігінің нашарлауынан.

Организмде нәруыздардың қоры болмағандықтан тамақпен түсетін нәруыздармен қамтамасыз етіледі. Адам организміне тәулігіне 80—100 г. нәруыз тамақпен түсуі қажет, оның ішінде 30 г жануарлардың нәруыздары болуы керек. Нәруыз организмде түзілу үшін ішектер арқылы сіңірілген тамақтың аминқышқылдары пайдаланылады. Олардың ішінде аса маңыздылары алмастырылмайтын (валин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, трионин, фенилалалин, триптофан) аминқышқылдары. Бұлардың тіпті біреуі болмаса тіндерде нәруыз түзілмейді. Сондықтан тағамдағы нәруыздардың сіңірілуі мен қорытылуы бұзылғанда олардың қоректік жеткіліксіздігі дамиды. Бұндай жағдайлар ішектердің секрециялық және қимылдық әрекеттері бұзылуына әкелетін ішек-қарын жолдарының аурулары, ашығу, аминқышқылдары бойынша құрамы толық емес сапасыз тамақтану кездерінде байқалады.

Жасушалардың гендік құрылымдарының өзгерістері немесе олардың қызмет атқару белсенділігінің төмендеуі тұқым қуатын және жүре пайда болған болып екіге бөлінеді.

Жүре пайда болған гендік құралдардың бұзылыстарының себептері: 1. Физикалық (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар ж. б.), химиялық улы өнімдер, асқын тотықтар, дәрі-дәрмектер (цитостатикалық препаратттар), гипоксия; 2. Стрестік жағдайлар; 3. Ағзаның нервтелуінің бұзылуы; 4. Эндокриндік бездердің (аденогипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, жыныс бездерінің ж. б.) қызметтерінің өзгеруі; 5. Дене мүшелері мен тіндердің қызмет атқаруының әдеттегіден басқаша болуы (гиподинамия, гиперфункция); 6. Қартаю.

Нәруыз түзілуі организм үшін өте маңызды. Ол организмде ағзалар мен тіндер жасушаларының ұдайы жаңарып тұруы үшін қажет.

Сонымен бірге ағзалар мен тіндердің атқаратын қызметтері төмендегенде нәруыз түзілуі азаяды да, атрофия дамиды. Бұған мысал ретінде шынықпаған организмдердің бұлшық еттерінің семуін келтіруге болады. Осыған байланысты ұзақ гиподинамия организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін азайтады. Сонымен бірге, нәруыз түзілуі бұзылғанда эндокриндік бездерде гормон түзілуі, иммундық жүйеде антиденелер мен лимфоциттер, комплемент жүйесі, сүйек кемігінде қан жасушалары өндірілуі бұзылады. Осыдан организмде гормондардың жеткіліксіздігі, жұқпаларға организм төзімділігінің төмендеуі, анемия ж. б. құбылыстар байқалады.

Нәруыз түзілуі әсіресе өсіп келе жатқан балалардың организмі үшін өте қажет. Тамақпен нәруыздардың аз түсуінен немесе ас қорыту жолдарында олардың сіңірілмеуінен балалардың организмінде нәруыздардың энергиялық жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде ауыр гипотрофия, ісіну, іш шемені байқалады, ақыл-есінің дамуы нашарлайды, шашы түсіп қалады, терісі қатпарланып балалар қатты арып, жүдеп кетеді. Бұндай балалардың жұқпалы ауруларға төзімділігі азаяды, витаминдердің жеткіліксіздігі болады, аминқышқылдары зәрмен көптеп сыртқа шығарылады, анемия дамиды, лейкоциттердің өндірілуі төмендейді.

Нәруыздардың энергиялық жеткіліксіздігі синдромының үш дәрежесін ажыратады: 1-ші дәрежеде дене массасы қалыпты массаның 75—90 пайызына дейін төмендейді; 2-ші дәрежеде дене массасы қалыпты массаның 60—70 пайызы шамасында болады; 3-ші дәрежеде дене массасы қалыпты массаның 60%-нан төмен болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]