Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vse_laby_OTAU_kaz.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.23 Mб
Скачать

6 Сурет – Реленің сынауын басқару сұлбасы

Электр кестелерде (6 а және 6 б суреттерді қараңыз). РП-23 (РП-1) типті тұрақты ток релесі, РПШ-0,6 (R1) ползунок типті реостат, Д2265 (Д1 – Д4) түзеткіш көпір диодтарынан қолданылған. RІІІ резисторлы, КИР нүктесі (зерттеу жұмыстарының нүктесі) оқу-зерттеу жұмыстарын орындау үшін қарастырылған.

а) б)

а) автоматтық басқарудың сұлбасы

б) релені сынау сұлбасы

7 Сурет –Реленің сынауын басқарудың сұлбасы

Электр кестелерде (7а және 7б суретті қараңыз) РПУ-1 аралық реле (РП-2), РВП-72-3 пневматикалық уақыт релесі, 3 орындау (РВ), ВЛ-УХЛ4 электронды уақыт релесі және СД-2 типті ауыспалы ток электр двигателі қолданылған. Электр сұлба монтажын 6 және 7 суретті қолдана отырып орындайды.

Кестені монтаждаған соң РП-23 типті тұрақты ток релесін сынауға кіріседі. Ол үшін R1движок реостатын ең үлкен кедергіні қамтамасыз ететін жағдайға қояды, АВ автоматты ажыратқышпен жалпы қоректендіру береді. Т1 ажыратқышты қосу.

Реостат қозғалтқышын баяу және бір қалыпты орын ауыстырып, вольтметр мен миллиамперметр көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау. Uс және Ус көрсеткіштерін алу, Л1 белгі беру шамы жанғанда. Реостат движогын жылжыта отырып кернеуді номиналға дейін (100) жеткізіп, Ур ток шамасын белгілейді. Сосын, движокты артқа келтіріп, реленің жіберілуіне қол жеткізеді (ЛЧ шамы жанады), Уот жәнеUот шамаларын белгілеп, бұдан кейін Т1 ажыратады.

Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге толтырады.

Реле типі

Құжаттың мәндері

өлшенген мәндері

Коэффициенттер

В

МА

В

В

МА

В

МА

Вт

Uот

В

Yот

МА

Бұдан соң басқару жүйесін сынауға кіріседі.

РПУ-1 типті, РВП-72-3 типті ауыспалы ток релесі кестелерге сәйкес 7-суретте көрсетілген. R2 реостат движогын баяу және ақырын қозғалта отырып вольтметр мен миллиамперметр көрсеткіштерін бақылау керек. РП2 релесі іске қосылғанда 2РП2 түйіспесі ажырап, Л3 шамы ажырайды, РВ катушка релесін бір сәтте қоректендіруді қамтамасыз ете отырып 1РП2 түйіспесі тұйықталады. Осы себептен, 1РВ түйіспесі ажырап, ал 2РВ түйіспесі тұйықталады. 2РВ тұйықталу сәтінен бастап жұмысқа ИМ сағаты, М электр двигателі, Л2 шамы қосылады. Сағат бойынша уақыт релесі қондырғысын анықтауға болады. Ұстау уақыты аяқталған соң бұл үрдіс үздіксіз жалғаса береді, оны тоқтату үшін R2 реостат движогы көмегімен РП2 реленің жіберілуіне қол жеткізу керек. Сынау кезенде уақытты қоюға реттеу винтінің (0,45,90,135,180 град және т.б) бұру бұрышына ықпалын бекіту керек.

Оқу зерттеу бөлімін орындау үшін РП-23 типті тұрақты ток релесі іске қосылғанда кестелік баяулауын қамтамасыз ету үшін белсенді резисторлар жиынтығы керек.

Студенттер зерттеуді 6.б – суретте көрсетілген кестеге сәйкес жүргізуі керек. Бұл үшін R1 реостат көмегімен кернеу мен токтың белгілі шамасында РП1 релесінің іске қосылуына қол жеткізу керек. Іске қосылу уақытын Л1 шамының жануымен, электр сағат көмегімен өлшеу керек. Сосын, кезектеп, 18 және 22 клеймалары арасында белсенді резисторларды қоя отырып, РП релесінің іске қосылу уақытын өлшеу керек. Бұл үшін, Rт қойған соң, КИР нүктесін басу керек, іске қосылу уақытын өлшей отырып Т1 қосу керек. Зерттеу нәтижесі бойынша tc = f(R) тәуелділік графигін құрып, қорытынды жасау керек. Сынаудан кейін стендіні тұйықтап, кестені жинап, барлық қондырғыны бастапқы күйге келтіреді.

Есеп мазмұны

Есепте болуы керек:

  1. Жұмыс мақсатын тұжырымдау, РПУ-1, РП-23, МКУ-48, РВП-72-3, ВС-2ЛУН типті, ВЛ-56УХЛ4 электронды реле конструктивті кестелері, техникалық сипаттамалары

  2. Релені сынаудың қағидалық электр кестесі, басқару кестелері.

  3. Есептеулер мен өлшемдер нәтижелерінің кестесі, статикалық және динамикалық сипаттамалары.

  4. tc = f(R) тәуелділік графигі, реттеу винтінің бұру бұрышына РВП-72-3 уақыт релесі қондырғысына әсер ету графигі

  5. Сынау және зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №6

ТАҚЫРЫП: «АУА ҚЫСЫМЫН АВТОМАТТЫ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ»

Жұмыс мақсаты: ЭКМ-1 у типті электр контактолы манометр конструкциясымен танысу, жұмыс қағидасын оқып-үйрену, осының негізінде орындалған автоматты реттеу кестесін жинау және сынау.

Жұмыс мазмұны:

Қысқаша теориялық мәліметтер және тәжірбиелік қондырғы сипаттамасы. Халықаралық бірлік жүйесінде қысым 1 м2 ньютонмен өлшенеді (н/м2). Осы бірлікке XIV өлшем мен салмақтың басконференциясында “паскаль” атауы берілді. Техникада, қысымды өлшеу бірлігінде 4 кгс/м2 тең техникалық атмосфера қолданылады. Осы бірліктер арасындағы қатынас 1кгс/см2 = 9,8 104 Па. Ауа қысымын бақылайтын қарапайым және кең таралған құралға ЭКМ-1 у типті электр контактолы манометр жатады. Реттеу жүйесінің элементі ретінде бұл құрал келесі негізгі бөліктерден тұрады: өлшеу, салыстырмалы, орындаушы.

Құралдың өлшемді бөлігіне көлденең қимасы эллипс формалы бір орамды түтікті пружинадан (бурдон түтігі) тұрады. Пружинаның бір ұшы наппельмен аяқталатын ұстағышқа бекітілген, ол арқылы түтікке ауа беріледі, оның қысымы бақыланады. Түтіктің басқа ұшы бекітілген және өлшем шкаласы бойымен жылжитын стрелкалы беріліс механизмі арқылы (1, а – сурет) біріккен. Түтікті пружина мен беріліс механизмі суретте көрсетілген.

Салыстыратын бөлік А және Б тіректері бар, оның жылжымайтын шкалаға байланысты жағдайын өзгертуге болады. Тректер қосымша контактылардың жылжуын шектеуге арналған, сәйкес 8 және 6. Бұл контактолар стрелкада бекітілген контактылармен бірге құралдың орындау бөлігін құрайды.

Бақыланатын объектіде ауа қысымы ұлғайғанда түтікті пружина деформацияланады, шкала бойымен стрелканың жылжуын шақырады.

1 – сурет. ЭКМ-1у электр магнитті манометр (а) конструкциясы және бірігу кестесі.

Қысым жоғары болған сайын, пружина деформациясы мен стрелканың бұрылу бұрышы үлкен болады.

Пружина Пб әсерінен стрелкамен бірге а контактысымен тұйық бола отырып б контактысы жылжиды. Б контактосы Б тірегінде кездескенде ғана бұл контактолар ажырайды. Стрелканы ары қарай жылжытқанда а жәнек в контактолары ажырағанда тұйықталғанда болады. Барлық үш контактолар (а,б,в) 1,2,3 шығу мен электрлік біріккен, осыдан олар сыртқы тізбекке қосыла алады.

Контактылар, олардың қосылу кестесінің графикалық кескіні 1,-б – суретте берілген. Манометр қысымды 1 МПа-ға дейін (10105Па) бақылап, реттейді. Контактолар 50 Гц өндірістік жиіліктегі ауыспалы ток кернеуі 220В

Тізбектің жұмысына есептелген. Пневматикалық кестесі 2-суретте белілген тәжірбиелік қондырғыда қажетті қысымды жасау үшін бірфазалы М электрдвигательмен (650В) айналуға келтірілетін УК-1М типті (2а-суретті қараңыз) компрессор қолданылады. Сығылған ауа 2 баллонға беріледі. Қысым шамасын ИП манометрі бақылайды, олардың контактолары 1ИП (ажырататын), 2ИП (тұйықтайтын) басқару кестесіне ендіріледі. 3 кран көмегімен ауа шығынын реттеу қамтамасыз етіледі.

М двигателімен басқару кестесі 2,б-суретте келтірілген. Sn жіберу нүктесінің көмегімен, РП аралық реле қосылады, ол 1РП тұйықтау контактосымен нүктені жібергенде Sn контактолары ажырағанда өз катушкасының қоректенуін қамтамасыз етеді. Басқа 1 ИП манометрінің тұйық контактосы арқылы К контактор катушкасына қоректену беріледі. 1К және 2 К контактолары тұйықталып М двигателі қосылады. 2Баллондағы қысым (2, а суретті қараңыз) берілген мәнге жеткенде 1 ИП контактосы ажырайды (2,б – суретті қараңыз), М двигателі ажырайды, өйткені К контактор катушкасы қоректенуді жоғалтады. 2 баллондағы қысым төмендегенде ғана двигательдің қайта автоматты қосылуы іске асырылады. Осылай берілген қысым мәні ұсталады, оның мәнің Б шектегіш тіреу жағдайымен қойылады манометрдің (1, а-суретті қараңыз). Кестені жырату Sо нүтесін басу арқылы іске асырылады, ол РП аралық реленің катушка қоректену тізбегін үзеді. 2,в,г суреттерде басқару кестесі берілген, оның біреуі жоғарыда сипатталған кесте тәрізді, егер қысым ең үлкен мәннен асса, барлық қондырғының апатты ажыратылуын іске асыра отырып қысымның берілген мәні бойынша реттейді. Басқа кесте Pmin – Pmax диапазонында резервуарда қысымды автоматты ұстайды. Диапазон шекарасы сәйкес диапазонымен манометрдің жылжымалы Б және А тіректерімен беріледі. Осы кестелердің жұмысында студенттер өздері ұғынып, жұмыс істеуі тиіс.

Тәжірибе көлемі

  1. ЭКМ-1у манометрін күйге келтіруді игеру

  2. Жиналған кестелердің біреуінің автоматты басқару үшін реттелетін қысымның түрлі деңгейі мен шығындалатын ауа мөлшерінің түрлі көлемінде көмпрессор дың қосылуын анықтау.

Жұмысты жүргізу тәтрібі

  1. Бір кестені жинап, салу (оқытушы тапсырмасы бойынша)

  2. Манометрді қысымның берілген мәніне қою.

  3. Кестені жұмысқа қосу және 3 шығын краны жабық күйінде (2 а – суретті қараңыз) анықтау керек: компрессор двигателі ажратылатын қысымды және 0-ден берілген мәнге дейінгі қысым ұлғаятын уақытты.

  4. Компрессордың қайта қосылуы өтетін уақытты өлшеп, қосылыс тығыздықтары әсерінен және осы моментке сәйкес келетін жүйедегі Р2 қысымның есебінен жүйедегі қысымның төмендеу ырғағын бағалау.

  5. шығын кранын басқа жағдайға қойып, 3,4 пункттегі оерацияларды қайталау.

  6. Әр тәжірибе режимі үшін P=f (t) тәуелділігін құру.

  7. Алынған нәтижені қорытындылап, жұмыс есебін толтыру.

2-сурет. Сынау үшін қондырғының пневматикалық (а) және электрлік (б) сұлбасы

Әдебиеттер тізімі

  1. Колосов С.П., Калмыков И.В., Нефёдова В.И. Элементы автоматики. Изд. 3-е, перераб. И доп. –М.: Машиностроение, 1970 г. – 632 с.

  2. Справочник по средствам автоматики. Под ред. Низе В.И. и Антика И.В. – М.: Энергоавтомиздат, 1983 г. – 504 с.

  3. Автоматические машины в машиностроении. Справочник. В 3-х томат. – М.: Машиностроение, 1984 г.

  4. Еримбетов А.Д., Солоненко В.Г.Устройство и исследование характеристик реле, применяемых в схемах автоматизации вагоноремонтного производства. Методические указания к лабораторной работе. – Алматы, АлИИТ, 1996 г. – 13 с.

  5. Еримбетов А.Д., Солоненко В.Г. Первичные элементы автоматики. Методические указания к лабораторной работе. – Алматы, АлИИТ, 1996 г.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]