Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vse_laby_OTAU_kaz.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.23 Mб
Скачать

2. Күшейткіштердің жіктелуі

Күшейткіштер жіктелу белгісі бойынша екі топқа бөлінеді. Бірінші белгі – жұмыс сипаттамасы: теңселді, пропорционалды немесе сатылы.

Пропорционалды күшейткіштер оларға берілетін белгінің күштің теңселді жәй және күшейтілген белгінің шамасымен берілетін өзгерісімен сипатталады.

Сатылы күшейткіштер де түіспелі датчиктер сияқты тек қана кіретін белгінің анықталған шамасына әсер етеді.

Екінші белгісі күшейткіштердің жіктелуі бойынша кіретін белгінің күшеюін қолдануы, оларға энергияның келтірілетін түрі болып келеді.

Осы негіз бойынша күшейткіштер электрлік, гидравликалық және пневматикалық болып бөлінеді.

  1. Күшейткіштердің негізгі сипаттамасы.

Жұмыс сипаттамасы және күшею коэффициенті күшейткіштердің негізгі сипаттамасы болып саналады.

Күшейткіштің жұмыс сипаттамасы тұрақты режимде кіру шамасының шығу шамасына тәуелділігін ұсынады. Мысалы, U кернеу үшін жұмыс сипаттамасы мына түрде болады:

Күшею коэффициенті деп күшейткіштің шығу шамасының кіру шамасына қатынасын айтады.

; ;

а) күшейткіштің теңселді қозғалысының сипаттамасы

б) күшейткіштің релелік қозғалысының сипаттамасы

в) электромагниттік реленің сипаттамасы

1 Сурет – Күшейткіштердің графикалық сипаттамасы.

Электрлік түйспелер күшейткіштер ретінде қарастыруға болады (2-сурет). Түйіспенің орын ауысуы үшін міндетті түрде кішігірім күш салу керек; электроқозғалтқыш үлкен күшті шақырта алады, себебі оған түйіспе қосылмайды.

1 – жылжымалы түйіспе

2,3 - жылжымайтын түйіспе

В, Н - электроқозғалқышты қосуға тағайындалған байланыс катушкалары

2 Сурет – электрлік түйспелер күшейткіштер ретінде

Электромагнитті реле кең тараған түрі және жәй күшейткіш болып саналады. Шынында, реленің жұмыс жасау үшін аз ғана тоқ (немесе кернеу) берілуі керек, ал реле түйспелері жоғары тоқ қосады.

Мысалы, реле МКУ-48 катушкамен 220В айнымалы тоқта жұмыс тоғын 0,0120А тұтынады , ал түйіспемен қысқа тұйықталған ток осы кернеуде 5А құрайды. Сонымен, күшейткіш коэффициентті

онда реле көмегімен болымсыз белгі күшейеді.

Электронды шамның көмегімен күшеюді тудыратын аппаратты электронды күшейткіш деп айтады.

Үш электродты шамның негізгі тағайындалуын айнымалы кернеудің күшеюі белгілейді. Күшейтілетін айнымалы кернеу жүйеге және шам катодына әкелінеді, ал күшейтілген кернеу анодты тізбекте шешіледі. Үш электродты шамның көмегімен күшею анодты тізбекті энергия көзінен қоректендіреді.

Магниттік күшейткіштер

Магнитті кшейткіштерді әрекеті ферромагнитті материалдардың қасиеті негізінде пайдаланылады .

3 Сурет – Магнитті күшейткіштің жұмысы

Екі бірдей трансформаторды аламыз және олардың біріншілік орамдарын тізбектеп, ал екіншілік орамдарын тізбектеп және қарама-қарсы қосамыз (3-сурет).

Егер енді біріншілік орамдарын айнымалы кернеу жүйесіне қоссақ, онда трансформатор жұрекшелері бойынан магнит ағыны жүреді, олардың шамалары біріншілік орамдардың күшінің J10ω1 (мұнда J10 – бос жүріс тоғы, ω1 – біріншілік орамының орам саны) магниттелуімен анықталады. Осы магниттік ағындар электр қозғаушы күштердің екіншілік орамдарында индукцияланады. Нәтижелік ЭҚҚ трансформатордың екіншілік тізбектерінде жоқ. Енді екіншілік орамдарды қандай болмасын жабдыққа тұйықтасақ, онда бұл орамдарда тоқ өтпейді және сонымен біріншілік орамдарда тоқ шамасы өзгермейді.

Ендеше екіншілік орамдарға тұрақты тоқ J2 берейік, бұл тоқ істеуші магнит өткізгіштіктің азаюын тудырады, сол себептен магнит өрісінің кернеуі өседі. Магнит өткізгіштіктің азаюымен біріншілік орамдарда индуктивтілік L азаяды, бұл өз кезегінде олардың толық кедергісінің азаюына және сонымен қатар тоқтың J1 көбеюін тудырады. Осының барлығы төмендегі формулаларда келтірілген:

;

Мұнда, µ - магнит өткізгіштігі;

L - индуктивтілік;

(WL) – толық кедергі.

Тұрақты тоқты магниттеудің көмегімен біріншілік орамдарының индуктивтігін кең шектерде және сонымен қатар біріншілік тізбектегі тоқты да өзгертуге болады. Егер біріншілік орамдар тізбегіне жүктемені Rн тізбектей қоссақ, онда тұрақты тоқтың қуаты екіншілік орамдар тізбектерінде шығындалған жүктемеде бөлінетін қуаттан анағұрлым аз болады. Сондықтан бұл қондырғыны күшейткіш деп атайды.

Пневматикалық күшейткіштер.

Механикалық импульстарды (орын ауыстыру) түрлендіру сығылған ауа қысымына қатысты және күшейту үшін пневматикалық күшейткіштер қолданылады.

Пневматикалық күшейткіштердің негізгі элементі «тетік-қалқаны» қондырғысы болып табылады.

Пневматикалық күшейткіш жұмысының сұлбасы (4 сур.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]