Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vse_laby_OTAU_kaz.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.23 Mб
Скачать

2 Сурет- рвп-72-3 типті реленің құрылымдық сұлбасы

Уақытты ұстау 7 винтпен реттеледі, 8 каналды жабады. Канал қимасы кіші болған сайын 9 қақпақтағы тесік пен 6 поршень қозғалғандағы 10 секундта сүзгіш арқылы ауа баяу сорылады. Осымен уақытты ұстау іске асырылады. Электромагнит қысқа тұйықталғанда қайтымды пружина тіректі колодкаға микроқайтақосқышты босата отырып жоғары жылжытады. Поршень кеңістігінен ауа 11 кері клапан арқылы шығарылады.

ВС-21У4 типті моторлы реленің кинематикалық кестесі 3 – суретте берілген. Осы реле көмегімен 20,40,60,80,100 және 300с ұстау бағдарламасын беруге болады. Реле ауыспалы токтан 220 В кернеуде жұмыс істейді. 3 қайта қосқыш және 1 ажыратқыш түйіспелері бар.

3 Сурет–вс-21у4 типті моторлы реленің кинематикалық сұлбасы

Магнит бергенде 26 электромагнит катушкасының зәкірі тартылып, өзінің бас жібімен 6 тарту дискісін 3 шестернямен тартылуын ендіреді. 5 дискіде квадрат тесік бар, дискіні отырғызатын жердегі өсте квадратты өс бойымен ғана орын ауыстырады, ал айналу оның өсіне беріледі. Өстің айналуы 8 түтік және 7 шестерня арқылы отырғызылған шкаламен бас өске беріледі.

Әр шкалаға 13 тірек бекітілген, ол 12 жұдырықша шкаласын айналдырғанда бұрылады. Бұнда қайтымды пружина зәкірді алады, ал бас жіп 6 тарту дискісін 3 шестернямен тартылуынан шығарады. 21 қайтымды пружина 9 шкаламен өсті бастапқы жағдайға алып келеді.

ВЛ-56 УХЛ4 қарапайым танзисторлы уақыт релесінің сұлбасы 4 – суретте көрсетілген.

Уақыт есебі 1РП және 2РП түйіспелері түйіспелері жабылғанда, 3РП түйіспесі ашылғанда басталады. Бұнда С конденсатор зарядталмаған, Т транзистор базасы қоректендіру көзінің оң плюсіне қосылған, транзистор жабық.

Бірақ 1РП-3РП түйіспелері іске қосылуы мен С конденсатор Р1 резистор арқылы зарядтала бастайды. С конденсатор зарядында кернеумен бірге Т транзистордың базасының теріс потенциалы ұлғаяды.

Оның кейбір мәнінде транзистор тіреліп, реле қосылады. 1РП-3РП түйіспелері қайтқанда С конденсатор бір сәтте разрядталып транзистор базасын қоректендіру көзінің оң плюсімен қосады. Транзистор жабылып, РП релесі ажыратылады, кесте бастапқы күйге келеді.

4 Сурет –вл-56ухл4 типті транзисторлы уақыт реленің сұлбасы

5 Сурет –Реленің статикалық және динамикалық (ауыспалы)сипаттамалары

Реленің статикалық сипаттамасы 5, а суретте көрсетілген. Ол әсер ететін және басқарылатын шама арасындағы байланысты көрсетеді. Осы сипаттамадан көрініп тұрғандай, ток осы шамаға жеткенде (іске қосылу тогы), реленің орындау бөлігі (түйіспелері) басқарылатын шаманың секірмелі өзгерісін орындайды (түйіспелер электр тізбекті тұйықтайды). Осы күйге Uс кернеуі сәйкес келеді. Реле түйіспелері тұйықталып-ажыратылатын ең кіші ток-іске қосылу тогы деп аталады. Реле түйіспелері бастапқы жағдайға қайта келетін ең үлкен ток жіберу тогы Iдеп аталады. Жіберу тогына Iжіберу кернеуі U сәйкес келеді. Номиналды жұмыс кернеуіне Uр номиналды Iр тогы сәйкес келеді. Жіберу тогының іске қосылу тогына қатынасы қайтару коэффициенті Кв = Уот/Ус деп аталады, ал Рр ең үлкен қуаттың ең Рс кіші қуатқа қатынасы реленің күшейту қасиеттерін Ку = Рр / Рс сипаттайтын басқару коэффициенті деп аталады. Басқару белгісі берілуінің басынан шығу шамасының секірісті өзгеру сәтіне дейінгі уақыт интервалын реленің іске қосылу уақыты деп аталады. Жіберу уақыты дегеніміз орамдағы токтың қосылу сәтінен шығу шамасының секірісті кемуіне дейінгі уақыт интервалы.

Реленің статикалық сипаттамасына қарасақ, катушкадағы ток белгілі шамаға дейін ұлғаяды. Шынында, реле үшін өтпелі үрдістің болуы сипатты. Өтпелі үрдістер ток шамасының уақыт фунциясының өзгерісімен сипатталады. Реленің динамикалық (өтпелі) сипаттамасы 5, б суретте берілген.

Реле сипаттамасымен танысқан соң студенттер релені сынаудың қағидалық электр (6, б және 7, б-суреттер) және автоматты басқару кестелерін оқып-үйренеді.

а) б)

а) автоматтық басқарудың сұлбасы

б) релені сынау сұлбасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]