- •Ақ «м.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы»
- •Датчиктердің негізгі сипаттамасы
- •1 Сурет – Бұрыштық датчиктің құрылысы
- •4 Сурет – Датчиктердің құрылымдық сұлбалары
- •2. Күшейткіштердің жіктелуі
- •1 Сурет – Күшейткіштердің графикалық сипаттамасы.
- •2 Сурет – электрлік түйспелер күшейткіштер ретінде
- •3 Сурет – Магнитті күшейткіштің жұмысы
- •4 Сурет – Пневматикалық күшейткіш жұмысының сұлбасы
- •1 Сурет – кзп – 12 у типті электропневматикалық бұйрық аппаратының құрылысы
- •Қысқаша теориялық мәліметтер.
- •1 Сурет -Электромагнитті аралық релелердің құрылымдық сұлбаласы
- •2 Сурет- рвп-72-3 типті реленің құрылымдық сұлбасы
- •3 Сурет–вс-21у4 типті моторлы реленің кинематикалық сұлбасы
- •4 Сурет –вл-56ухл4 типті транзисторлы уақыт реленің сұлбасы
- •5 Сурет –Реленің статикалық және динамикалық (ауыспалы)сипаттамалары
- •6 Сурет – Реленің сынауын басқару сұлбасы
- •7 Сурет –Реленің сынауын басқарудың сұлбасы
Қысқаша теориялық мәліметтер.
Электромагниттік реле автоматиканың түйіспелі-реле кестесінің негізгі элементі болып табылады. Реле дегеніміз әсер ететін шаманың берілген мәнінде басқарылатын жүйеде секірісті өзгерістер тудыруға тағайындалған, автоматты жұмыс істейтін аппарат.
Автоматиканың релелік кестелері вагондарды жөндеуде өндірістік үрдістерді автоматтандыруда кеңінен қолданылады, өйткені оны жобалауда, қызмет көрсетуде жоғары білікті маманды талап етпейді. Олар қарапайымдылығымен, сенімділігімен ерекшеленеді.
Электромагнитті реле бір немесе бірнеше басқарылатын электр тізбекті іске қосатын аралық элемент болып табылады.
Қазіргі уақытта вагон жөндеу өндірісінде технологиялық үрдістерді автоматтандыру үшін тұрақты және ауыспалы токтың аралық релелері кеңінен қолданылады: РПУ-1, РПУ-2, МКУ-48, РП-23, РП-25, РП-221, РП-222, РП-223, РП-224 және т.б., тұрақты токта 24,48, 110, 220В кернеуде, ауыспалы токта 110, 220, 380В кернеуде шығарылады.
Реле негізгі үш мүшеден тұрады:
Қабылдайтын, басқару әсерінен қабылдап және оны аралық мүшеге түрлендіреді.
Аралық мүше басқару әсерінен берілген шамаға жеткенде, осы әсерді орындаушы мүшеге беріп (түйіспеге), басқарылатын шаманы секірмелі өзгертеді.
Автоматтандыру кестесінде нейтральды электромагнитті реле кеңінен таралған. Электромагнитті аралық реленің конструктивті кестесі 1, а – суретте көрсетілген. Реле 1 зәкірден (якорь), 2 түйіспеден, 3 катушкадан, 4 жүрекшеден, 5 қапсырмадан (скоба), 6 қайтымды пружинадан тұрады.
Кейбір релелерде зәкір жылжымалы түйіспелі траверсты орнын ауыстырады. Кожухта көптеген релелерде ішкі қосылыстардың кестесі




а)
б)



1 Сурет -Электромагнитті аралық релелердің құрылымдық сұлбаласы
қарастырылған. Мысалы, РП-23 типті тұрақты ток аралық релесінің ішкі қосылыстар кестесі 1, б-суретте көрсетілген.
РПУ-1, МКУ-48,РП-23 типті электромагнитті реле құрылысын оқып-үйренгенде олардың конструктивті кестесін құру керек, сонымен қатар ток көзін, номиналды кернеуді, катушка орамының санын, сым диаметрін, катушка кедергісін және ішкі қосылыстар кестесін көрсету керек.
Қадамдық іздегіштер таратқыш ретінде қолданылады, олар тұрақты ток электромагниттерімен іске қосылады.
Қадамдық іздегіштер дискеттік әрекет қондырғысы болып табылады. Оларда жылжымалы түйіспелер (шөткелер) бар, олар электромагнит орамына берілетін басқару белгісі әрекетінен басқарылатын тізбекті тізбектеп қайта қосады. Бұдан басқа іздегіштерде бірнеше түйіспелер қатарының (әрбір түйіспе қатарында өзінің шөткесі бар) шеңбер доғасы бойымен орналасқан жылжымайтын түйіспелері бар.
Түйіспе қатары бұрыштарында 100 град немесе 120 град ерітінді бар. Түйіспе қатарының саны 2 ден 8 арасында, ал түйіспе саны 11 ден 50-ге дейінгі аралықта тербеледі. Жұмыс қағидасы бойынша қадамдық іздегіштер тікелей және қайтымды болып бөлінеді. Тікелей қадамдық іздегіштер басқару тізбегін қайта қосу белгі беруінің басында, ал қайтымды басқару белгі беруін алған соң іске асырылады.
Қадамдық іздегіштерді оқып үйренуде олардың конструктивті кестесін құрып, жұмыс қағидасын, түйіспе қатарының санын, әр қатардағы түйіспе санын, электромагниттің техни калық сипаттамасын анықтау керек.
Уақыт релесін автоматтандыру кестесінде кесте элементтерінің белгілі тізбекті жұмысын қамтамасыз етуде реттелетін берілген дәлдікпен уақытпен ұстауын құру үшін қолданады. Қарапайым жағдайларда аз уақыт ішінде электромагниттің іске қосылуын баяулатудың кестелік әдістерін қолданады. Уақытты 0,4 с- тан 100 сек дейін ұстау қажеттілігінде РВП-2 типті пневматикалық реле қолданады. Осыған ұқсас уақытты ұстау транзисторлы реле көмегімен алуға болады.
Уақытты ұстаудың біршама жетістіктеріне ВС-24 (6 мин дейін), ВС-10 (31-38), ВС-10 (62-68), ВС 72-21УН, РВ-247 УН, Вл +56 УхЛ4 типті уақыттың моторлы релелерін қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бұндай релелер 2-ден 24 сағ уақытты ұстауды қамтамасыз етеді.
РВП-2, ВС-24 релелері мен транзисторлықтың құрылысы мен техникалық сипаттамасын оқып-үйренгенде олардың конструктивті кестесі мен ішкі қосылыстар кестесін құрып, жұмыс қағидасын, техникалық сипаттамасын анықтау керек. Электромагнитті релені сынаудың қағидалық электр және автоматты белгі беру кестесі әдістемелік сілтемелерінің мәліметтері бойынша №3 стендіде оқып-зерттеледі.
Электр сұлбаларын монтаждау алдында электрмен қоректендіру стендісі жоқтығын тексеру керек. Кестенің монтаждалуын оқытушы тексерген соң ғана релені сынауға кірісуге болады. Сынау кезінде вольтметр көрсеткіштерін қатаң тексеру керек. Аппаратураға берілетін кернеу 220 В аспауы тиіс.
Жұмысты жүргізу тәртібі:
РПУ-1 типті аралық реле тұрақты ток 12,24,36,60,110, 220В кернеуде және ауыспалы ток 36,110,220В кернеуіне шығарылады. Бұл релелер 5 ВТ (тұрақты токта) және 8 Вт (ауыспалы токта) қуатты тұтынады, қосылған сәтте бұл қуат шамамен 5 есе ұлғаяды. ЛЕКУ-48 типті аралық реленің 200-ге жуық түрі бар, ауыспалы токта 110, 220, 380В кернеуіне, тұрақты токта 24, 48, 60, 110, 220В кернеуде шығарылады. Реле 5 Вт қуатты тұтынады, 2 немесе 4 жұпты түйіспелері бар, жұмыс ұзақтығы 5А токта жіберіледі.
Ауыспалы ток пневматикалық релесі РВП-72-3 типті 4 түрде, 110 және 220В кернеу үшін шығарылады. Бірінші және үшінші орындалған реледе уақытты ұстауымен 13 және 1 Р орындалған реледе қосымша 13 және 1 Р бір сәттік түйіспелері бар. 1 және 2 орындалған реле жұмысқа қосылғанда уақытты ұстауды, ал 3 және 4 орындаудағы реле – жібергенде іске асырады.
1 орындалған РВП-72,-3 релесінің конструктивті кестесі 2-суретте берілген. 1 электромагнитке қоректену берілген сәттен уақыт есебі басталады, ол зәкірді 2 тірекпен тартып, 3 пружинаны қысады. Осының әсерінен 4 колодка босап, төмен түсіп 5 микроқайтақосқышқа әсер етеді.

