Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vse_laby_OTAU_kaz.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
1.23 Mб
Скачать

4 Сурет – Пневматикалық күшейткіш жұмысының сұлбасы

Зертханалық жұмыс №3

белсенді кедергінің парАмЕтрліК датчиктеріН анықтау

Жұмыстың мақсаты: Сұлбаның қосылуын талдау, бірырғақтылы (реверсивті емес) екіырғақтылы (реверсивті) потенциометрлік датчиктің сипаттамасын түсіру және салыстыру.

Жұмыс мазмұны:

Қысқаша теориялық мәліметтер және қондырғының тәжірибелік сипаттамасы.

Датчиктер – автоматтардың "сезімтал бөлшектері", сол немесе басқа физикалық параметрлердің (кіретін белгі) өзгерістеріне реттелетін және шығатын электр белгісіне өзгерістерді түрлендіреді.

Белсенді кедергінің датчиктері – түйіспелі, реостатты, потенциометрлік, терморезисторлар, тензодатчиктер – басқару сұлбаларында қолданылады және шаманың орнын ауыстыру мен деформацияны, қысым деңгейі мен қыздыру дәрежесін бақылап реттейді.

Жоғарыда аталғандардан потенциометрлік датчикке тоқтаймыз, табиғаты әр түрлі физикалық параметрлерді бақылау үшін кең көлемде қолданылады.

Бұл датчиктер конструкциялық түрде бірқалыпты оралған орам сымдардың оқшалану каркасында орындалған, жоғары меншікті кедергісі р және аз температуралық коэффициенті бар материалдан жасалған:

(1)

1°С қыздырылған өткізгіш =() кедергісінің санды өзгерісін бастапқы кедергіге бөлгенге тең

Датчик, басқарылатын немесе реттелетін параметрлердің әсерінен орын ауыстыра алатын жылжымалы түйіспемен жабдықталған

Потенциометрлік датчиктердің орамдары үшін константан (ρ = 0.44....0.52 Ом∙мм2/м, α= 1∙10 -5град-1), манганин (ρ = 0.42....0.48 Ом∙мм2/м, α= 3∙10 -5град-1), нихром (ρ = 1,0....1,1 Ом∙мм2/м, α= 1∙2 -4град-1) және т.б. материалдар қолданылады.

Потенциометрлік датчиктерді қосу сұлбасын сынау 1-суретте келтірілген

Кернеу бөлгіш сұлбасы бойынша қосылған датчик (1.а-суретті қараңыз) жиі қолданылады

Датчиктің жалпы соңы С мен В қозғалтқыш арасында қосылған Wвс орам санынан жалпы өзгермеген датчиктер орамының санынан Wас датчиктің шығу кернеуі (Iвых=0 шығу кезінде жүктеудің жоғынан) тәуелді болады.

Бұл кернеу былай анықталады:

мұнда және - датчиктің кіру және шығу кернеуі, В

Орамдардың бірқалыпты орналасуында және сымдардың қимасының ұзындығы өзгеріссіз болғанда осы теңдеу тура болады:

мұнда R және L – датчик бөлімшелеріне қатысты кедергісі мен ұзындығы

Қозғалқыштың В жылжуында орамдар саны В-С бөлімшеде бір орамға еселі бүтін санға айналады. Датчиктің көп орамдар саны елеусіз көрінетін шығу кернеуінің тәуелділігі нәтижесінде қозғалтқыш (=f () сатылы сипаттама алады.

Қарастырылған көрсеткішті сырғыманың орын ауыстыруында шығу кернеуінің қарама-қарсылығы елеусіз қалатын датчикті бірырғақтылы деп атайды.

а) бірырғақтылы (реверсивті емес);

б) екіырғақтылы (реверсивті).

1 сурет – Потенциометрлік датчиктердің сынау сұлбасы.

Егер датчиктердің орта бөлігінен (орамдар нүктесі) (1,6 суретті қараңыз) отвод жіберілсе және шығу кернеуін шешу үшін қолданылса, онда датчик екі ырғақтылыққа ауысады. Енді шығу кернеуінің қарама-қарсылығы жылжытпаның жылжуына қарай өзгереді. Бұл датчиктің кернеу шамасы О және В нүктелер арасындағы тұйықталған Wов орамдар санымен анықталады.

Тәжірибе көлемі

Бірырғақтылы және екіырғақтылы потенциометрлік датчиктердің статикалық сипаттамасын шешу.

Жұмысты жүргізу тәртібі

1. 1,а - суретте көрсетілген сұлбаны құрастыру. Сұлбада көрсетілген құралдар келесі шамаларды өлшеу үшін қолданылады:

РU1 – датчиктің кіру кернеуі , В;

РU2 – датчиктің шығу кернеуі , В.

В жылжытпаның орны С () нүктесіне қатысты датчик ретінде қолданылатын реостат торабына бекітілген сызғыштың көмегімен анықталады.

2. Кіру кернеуінің жазып (фиксированное) алынған шамасын беру.

3. қашықтығын және оларға сәйкес шығу кернеуін В жылжытпаны барлық мүмкін болатын шегінде орнын ауыстырған кезде бірнеше жазып алынған орындарда (5-6 нүктелері) шамаларын өлшеу.

4. 1 п. ескерілгендей тағайындалған құралдарды қолданып, 1,б суретте көрсетілген сұлбаны құрастыру.

5. 2 және 3 п. ескерілген операцияларды жүргізу, В жылжытпаның орнын О ( қашықтығы) нүктесіне қатысты жазып алу. Жылжытпаның орны осы нүктеден жоғары және мәндері "оң" таңбамен алынады, жылжытпаның О нүктесінен төменгі орнында сол шамалардың белгісі кері таңбаға ауысады.

6. Датчиктің әр түріне байланысты = f () және = f ( ) алынған нәтижелерден тәуелділігін тұрғызамыз және оларды салыстырамыз.

№4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

АВТОМАТТЫ БАСҚАРУДЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАҒЫШЫН ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың мақсаты – негізгі қасиетін зерттеу, құрылысын оқу және КЭП - 12 у типті электропневматикалық бұйрық аппараттың күйін игеру.

Жұмыс мазмұны:

Қысқаша теориялық мәліметтер, құрылысының сипаттамасы және КЭП –12 жөндеу әдістемесі.

Бұйрық аппарат басқарудың орталықтандырылған жүйесінің негізгі элементі және бағдарлама бағыттағышы болып табылады, өйткені ағынды конвейерлі немесе автоматикалық бағыттың жұмысын анықтайды. Бұйрық аппараты бұйрықтарды жасап шығарады, атқарушы механизмдердің көмегімен анықталған операцияларды уақыттың алдын ала белгіленген графигінде орындалуын қамтамасыз етеді. Вагон жөндеу өндірісінде бұйрық аппараттары вагондарды жөндеуде ағынды конвейерлі бағыттың автоматты басқару жұмысына және олардың жеке элементтеріне (арбашаны, автотіркегішті т.б.) қолданады. Бұл құралдың техникалық жағдайы мен сапасын сызықтық жұмыстың сенімділігі ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсететін қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін анықтайды.

Бұйрық аппараттарда әр түрлі қондырғылар болуы мүмкін, бірақ негізгі, оның әрқайсысының құрылыс сұлбасына келесі элементер кіреді: электроқозғалтқыш, жұдырықшалы таратып тұратын білік және қозғалтқыштың айналу жиілігі өзгеріссіз болғанда біліктің айналу жиілігін өзгерте алатын беріліс механизмі.

Осы жұмыста зерттелетін КЭП-12у түрі бұйрық аппараты әмбебап құрал болып табылады, автоматтандырудың пневматикалық және электрлік сұлбаларында қолдануға болады.

Осындай аппараттың ықшамдалған сұлбалары және оның орталықтандырылған түйіслердің біреуінен - тіркеуін ағытатын механизмнің тоқтататын дөңгелегі (храповик) 1 суретте көрсетілген.

Төменде келтірілген сипаттамасы бойынша осы құрылыстарды оқыған кезде стендте орнатылған аппараттың нақты үлгісіне көңіл аударуды сұраймыз. Келтірілген суретте сұлбалы бейнелген барлық құрамалы бөліктердің өзара әрекетін нақты түсінуге мүмкіндік береді.

а) аппараттың қарапайым оңайлатылған сұлбасы;

б) тіркеуін ағытатын механизмнің тоқтататын дөңгелегінің (храповик) құрылымы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]