
- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
қатысуы.
Жалпы саннан алғанда қазіргі заманда қызмет ететін төрт мыңнан астам халықаралық ұйымдардың (әлемдік және аймақтық), 400-ден артығы стандарттау мәселелерімең айналысады. Олардың кейбірі (заң шығарушы метрологиялардың халықаралық ұйымдары, сыналатын зертханалардың аккредитация бойынша халықаралық конференциясы, сапа бойынша европалық ұйым, сынау және сертификаттау және т.б. бойынша европалық ұйым) оқу құралының сәйкес бөлімдерінде қарастырылатын болады.
БҰҰ-ның Европалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) механикалық көліктік құрадардың қауіпсіздігін талап ететін стандарттау саласындағы өзіндік қызметімен танымал. БҰҰ ЕЭК ережесі (олар 80-нен асады) халықаралық стандарт дәрежесіне ие және автомобильдерді міндетті түрде сертификаттаудың нормативті базасы болып табылады.
БҰҰ ЕЭК ИСО-мен бірлесе отырып басқаруда, саудада және көлікте электронды алмасу бойынша әмбебап ережелерге арналған халықаралық стандарттарды жасады.
Тұтынушы тауарларының саласында БҰҰ ЕЭК-тің соңғы әзірлемесінің бірі, сиыр және шошқа еттерінің стандарттары болып табылады.
Халықаралық сауда төлемі сауда құжаттарын үйлестіру жөніндегі жұмыстармен және сауда терминдерін халықаралық ережелермен талқылау бойынша "ИНКОТЕРМС" жинағымен танымал.
ФАО/ВОЗ сарапшыларының бірлескен комитеті шеңберінде (БҰҰ-ның азық - түліктің, ауыл шаруашылық ұйымының және денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік деңгейде ұйымдастыруының) "Алиментариус Кодексі" комиссиясы қызмет етеді. Оның жұмысына 130 астам ел қатысқан. Оның қызметтік мақсаты:
тұтынушыны денсаулыққа зиян өнімдерден және залымдықтан қорғау;
сауда нормаларын азық өнімдерімен орындауды қамтамасыз ету. Қызмет бағыттары мыналар:
♦ стандарттау бойынша үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өткізілетін жұмыстардың үйлестірілуі;
♦ стандартарды құру бойынша қызметке жетекшілік ету;
♦ "Алиментариус Кодексіне" аймақтық немесе халықаралық стандарттар ретінде қабылданған стандартардың үкіметтік ұйымдар тарапынан қабылданған жариялақы.
Қазіргі таңда комиссия тарапынан азық өнімдеріне 300-ден астам халықаралық стандарттар және тазалық ережелерінің бірнеше жинағы әзірленген. Комиссияның европалық бөлімі азық қосындыларының азық өнімдерінде пайдаланылу мүмкіндігін анықтайды (Қазақстандық тұтынушыларға қосындылар Е әрпінің "Europe" сөзінің қиып тасталуынан пайда болған қорабындағы Е 03, Е 10 және т.б. белгілері бойынша танымал). Өзінің құзыреттілігі шеңберінде стандарттау жөніндегі жұмыстарға БҰҰ -ЮНЕСКО, МАТАТЭ және т.б. жанындағы басқа да халықаралық ұйымдар қатысады.
Халықаралық стандарттарға мысалы, жүн, тоқыма, ет және т.б. өнімдерінің жеке түрлерін өндіретін (олар 40 - тан көп) халықаралық кәсіби бірлестіктердің стандарттарын шартты түрде жатқызуға болады. 1937жылдан бастап "Вулмарк" компаниясы базасындағы халықаралық жүн секретариатының қызметі танымал болды. Ол "Вулмарк" белгісін қолдану лицезиясын жүннен және бұйымдардан жасалған өнімнің сапасын жүн халықаралық секретариат талаптары нормаларына сәйкес келуін растай алған өндірушілерге ғана береді. Ұлттық стандарттарды жасау кезінде жүзім егу және жүзім шарабын өндіру Халықаралық ұйымдарының және бөтелкеге құйылып шығарылатын су және т.б. өндірушілердің Халықаралық ассоциациясы сияқты ұйымдардың талаптары ескеріледі.