Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МСС каз.doc
Скачиваний:
182
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
697.34 Кб
Скачать

5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы

Германиядағы сертификаттау

Германиядағы сертификаттаудың құқық негізі ретінде денсаулық сақтау және тұрғындардың өмірін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, еңбектің қауіпсіздігін сақтау, жер қорын экономдау, тұтынушылардың құқығын қорғау заңдары болып табылады. 1990 жылдан бастап сапасыз өнім шығарғаны үшін өндірістерді жауапкершілікке тарту туралы заң қабылданған.

Германиядағы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ақпараттық орталығының мәліметтері бойынша мемлекетте жалпы ұлттық сертификаттау жүйесіне бірнеше сертификаттау жүйелері кіреді. Германия экономикасын 80-90% ға дейін қамтамасыз ететін мына жүйелер:

А – регламенттерге сәйкестік сертификаттау жүйесі;

А1 – DIN стандарттарға сәйкестік сертификаттау жүйесі;

А2 – VDE сертификаттау жүйесі;

А3 – DVGW сертификаттау жүйесі;

В – сапаға кепілдік беру және RAL белгілеу Германия институ-тының сертификаттау жүйесі;

С - өндіріс технологияларды GS белгімен белгілеу сертификаттау жүйесі;

D – құрылыс құрылымдары федералдық нормаларға сәйкестігін қадағалау жүйесі;

Е – эталондармен өлшеу құралдарын сертификаттау жүйесі;

F – Германиядағы өндірістік заңның 24 бабына сәйкестігін серти-фикаттау жүйесі.

Мемлекеттің заңдылық аймақтарында белгіленген аккредиттеу жұмыстарын Аккредиттеу жөніндегі неміс кеңесі (DAR) басқарады, ал басқа аймақтарында бұл жұмысты Аккредиттеу жөніндегі бас ұйым (TGA) жүргізеді. Сынақ лабораториялары мен сертификаттау органдарының аккредиттеу жұмыстары 45000 сериялы еуропалық стандарттарға (EN) сәйкестендіріп жүргізіледі.

Франциядағы сертификаттау .

Францияда 1939 жылдан бастап сертификаттау жұмыстары жүргізіледі. Бұл салада бірінші заң болып “Ұлттық NF стандарттарға сәйкестік белгі туралы заң” қабылданды. Қазіргі уақытқа дейін кейбір өзгерістермен қосымшалар енгізіліп осы заң пайдаланылады. Сертификаттау туралы жауапкершілік Стандарттау жөніндегі француз ассоциациясына (AFNOR) еңгізілген.

Сертификаттау жұмыстары салалық принцип бойынша ұйымдастырылып стандарттау жүйесімен өзара байланысты.

AFNOR-дан басқа, сертификаттауды мемлекеттік салалық деңгейде мына органдар басқарады: Сыртқы саудадағы француз орталығы (CNCE), Техникалық регламенттер және нормалар жөніндегі ақпарат орталығы (CINR), Электротехниктердің одағы (UTE).

AFNOR сынақ лабораторияларымен орталықтарының өкілеттік міндеттерін анықтайды, олардың аккредиттеуіне жауап береді, NF белгісін иелену, жою мәселелерін шешеді және ұлттық органдарының халықаралық ұйымдарымен сертификаттау жөніндегі ықтымақтас-тығын үйлестіреді.

CNCE экспорттық және импорттық тауарларды сертификаттауға жауапты.

CINR ұлттық сертификаттау жүйесін және экономика салаларын ақпараттық қамтамасыздандыруын жүзеге асырады. CINR деректер банксінде көптеген әлем мемлекеттерінің, халықаралық және аймақтық ұйымдарының 400 мыңнан астам сертификаттау және аккредиттеу туралы ережелерімен жүйелері туралы стандарттар бар.

UTE тек қана AFNOR-дың сертификатау жөніндегі уәкілетті органы емес, сонымен қатар электроника, электротехникалық және байланыс аймақтары бойынша ұлттық стандарттау ұйымы болып, электрондық және электротехникалық өнімдерімен нормативтік талаптарын әзірлейді.

Францияда сәйкестік бағалаудың бірнеше түрлері бар:

еуропалық директиваларға сәйкестігін растау;

өнімнің еуропалық стандартына сәйкестігі туралы әзірлеушінің мәлімдеме-декларациясы;

сатуға арналған өнімнің қауіпсіздігін бақылау.

Жапондағы сертификаттау

Жапон мемлекетінде сертификаттаудың үш түрін ажыратады:

заңдылық талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін міндетті сертификаттау;

мемлекеттің уәкілетті органдары жүргізетін ұлттық JIS стандарттарына сәйкестігін дәлелдейтін ерікті сертификаттау;

сертификаттауды жеке меншік органдары жүргізетін ерікті сертификаттау.

Міндетті сертификаттау заң бойынша жүргізіледі. Бұл заңның ішінде:

міндетті түрде сертификаттауды өтетін өнімдердің тізімі және олардың талаптары қарастырылған;

сертификаттау сұлбалары мен сәйкестік белгілер анықталынған;

сертификаттауды және инспекциялық бақылауды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін басқару органдары белгіленген.

Уәкілетті органдармен әзірленген және мемлекеттік министрлік Кабинетімен бекітілген техникалық регламенттерге сәйкестігін дәлелдеу үшін сертификаттау сынауын жүргізеді. Кейбір өнім түрлеріне заң бойынша қауіп-қатеріне байланысты категориялары енгізілген. Мысалы, электротехникалық бұйымдар үшін А және Б категориялары бар. Бұл категориялар үшін әр түрлі сертификаттау сұлбалары мен сәйкестік белгілері қолданылады (сурет 3).

А категорияның белгісі Б категорияның белгісі

3-сурет. Электротехникалық бұйымдардың сәйкестік белгілері

Ең қауіпті бұйымдар үшін (А категориясы) үшінші жақ өткізетін сертификаттау түрі, ал Б категориясы бар өнімдерге - әзірлеушілердің мәлімдеме - декларациясы пайдаланылады.

Сынау лабораториялар министрлігімен тағайындалып пайдасыз жұмыс істеу ұйымдары болу қажет. Жапондағы міндеті сертификаттаудың ерекшелігі, біріншіден, өнімді сериялық өндірісте шығару үшін рұқсат алу, екіншіден, экспорттық тауарлар міндетті түрде міндетті сертификаттаудан өту тиіс.

АҚШ-тағы сертификаттау

Сәйкестік сертификаттаудың құқықтық негізі болып АҚШ мемлекетінде жұмыс істейтін әр түрлі өнімдердің қауіпсіздік туралы көптеген заңдары табылады. Бұл заңдарға сәйкес міндетті сертификаттауды мемлекеттік стандарттау бойынша жасалған және мемлекет ішкі және сыртқы саудада сатып алатын өнімдерге жүргізу тиіс. Мемлекеттік органдар міндетті сертификаттауды бақылайды.

Ерікті сертификаттау тұтынушылардың немесе өнім әзірлеушілердің мәлімдемесі бойынша олардың ұсынылып отырған нормативтік құжаттарға сәйкестігін дәлелдеу үшін жүргізіледі.

АҚШ мемлекетінде Федералдық өкімет бекіткен негізгі 3 категория сертификаттау туралы бағдарламалар енгізілген:

бірінші категория – міндетті түрде жүргізілетін тауарлармен қызметтерді қауіпсіздігіне сертификаттау;

екінші категория - жалпы бақылаудың орнына жүргізілетін, өндірісті және өнім үлгілерін тексеретін бағдарламалар;

үшінші категория - өнімнің саудаға түспей тұрған кездегі сапасын және өндіріс жағдайларын бағалау бағдарламалары.

АҚШ мемлекетте сынау лабораторияларын аккредиттеу үшін жүзге жуық аккредиттеу жүйелері бар, соның ішінде лаборатория-ларды аккредиттеу туралы Американдық ассоциациясының жүйесі (AALA) және лабораторияларды аккредиттеу ұлттық ерікті бағдарлама (NULAP) ең беделді болып есептеледі. Мысалы, AALA оптика және фотометрия саласы бойынша акустикалық, вибрациялық, биологиялық, химиялық, жылулық, механикалық және электрлік сынауларды жүргізетін сынау лабораторияларын аккредиттеу жұмыстарын атқарады.