
- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
Халықаралық электротехникалық комиссия 1906 жылы әлемнің электрлік машиналарының параметрлерін стандарттау және осы саладағы терминологиямен айналыса алатын мекемелерді құруда қызығушылық танытқан 13 елмен құрылған болатын.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ИСО құрылғаннан соң, ХЭК оның құрамында автономды мекеме болды. Барлық ұйымдық және қаржылық мәселелер, сондай-ақ стандарттау нысандары нақты бөлінген болатын.
ХЭК ИСО қызметінің аясына кірмейтін электротехника, байланыс және құралдарды құру саласындағы стандарттаумен айналысады.
ХЭК қызметінің негізгі мақсаты - халықаралық стандарттарды және басқа да құжаттарды жасау жолымен стандарттау және сонымен шектес мәселелерді халықаралық істестікке жұмылдыруға жәрдемдесу.
ХЭК(40 астам елдердің) мүшелерінің саны, ИСО мүшелерінің санымен салыстырғанда азырақ. Бұл дамып келе жатқан көптеген едердің әлсіз электроникаға, электротехника және байланысқа ие болумен немесе электроникасы, электротехникасы және байланысының мүлде жоқ болуымен негізделген.
ХЭК мемлекет - мүшелерінің басым көпшілігі онда стандарттау бойынша өзіндік ұлттық ұйымдарымен таныстырылған. Кейбір елдерде стандарттау бойынша (Францияда, Германияда, Италияда, Бельгия және т.б.) ұлттық орган құрылымына кірмейтін ХЭК - ке қатысу жөніндегі арнайы комитеттер құрылған.
ХЭК-тің жоғары жетекшілік ететін органы ХЭК мүшелері болып табылатын елдердің барлығы ұсынылған Кеңес болып табылады.
ХЭК-тің әр мемлекет - мүшелерінде кезекпен өткізілетін кеңесінің жыл сайынғы отырысы, мекеме қызметі мәселелерінің жалпы қарастырылуына арналады. Шешім көпшіліктің дауыс берулері арқылы қабылданады. ХЭК президенті шешімді дауыс беруге қүқылы, оны ол дауыстарды теңдей бөлу кезінде жүзеге асырады.
ХЭК-тің негізгі үйлестіруші органы стандарттау бойынша техникалық комитеттердің қызметтерін қадағалайтын, қызметтің жаңа бағыттарын анықтайтын, әдістемелік құжаттарды рәсімдейтін, техникалық жұмыстарды ұйымдастыратын, басқа ұйымдармен қызмет жасау мәселесін шешуге қатысатын және кеңестің барлық тапсырмаларын орындайтын қызмет Комитеті болып табылады.
Қызмет Комитетінің бағынуында кеңестік топтар жұмыс атқарады. Оларды комитет нақты мәселелер бойынша техникалық комитеттер қызметін үйлестіру қажеттілігі туындаған жағдайда құруға қүқылы. Мысалы, екі кеңестік топ қауіпсіздік нормаларының әзірлемесін өзара бөліп алды.
Қуат қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңестік комитет (АКОС) тұрмыстық қуат құралдары, радиоқуаттық құрылғы, жоғарывольттік жабдық және т.б. бойынша 20- ға жуық ТК және ҚК қызметін үйлестіреді.
Электроника және байланыс мәселесі бойынша кеңестік комитет (АСЕТ) стандарттаудың басқа нысандарымен айналысады.
Одан басқа, қызмет Комитеті халықаралық стандарттарды құру бойынша жұмыстардың неғұрылым тиімді үйлесулері үшін қуаттық магниттік сиымдылық бойынша Үйлесімдік тобын (ҚМСҮТ), ақпараттық техника бойынша Үйлесімдік тобын (АТҮТ) және өлшемдер үйлесімділігі бойынша Жұмысшы тобын ұйымдастыруды мақсатқа лайық деп санады.
Халықаралық стандарттарды тікелей даярлайтын ХЭК органдарының техникалық құрылымдары ИСО құрылымына ұқсас: техникалық комитеттер (ТК), қосалқы комитеттер (ҚК), жұмысшы топтар (ЖТ). ХЭК-те 200 - ге жуық жұмысшы топтар, сонымен қатар 80 ТК қызмет етеді. әрбір ТК жүмысына 15-25 ел қатысады. ТК және ҚК секретариаттарының көбін Франция, АҚШ, Германия, Ұлыбритения, Италия және Нидерланды жүргізеді.
ХЭК халықаралық стандарттарын екі екі түрге бөлуге болады:
салааралық сипаты бар жалпы техникалық стандарттар;
нақты өнімге техникалық талаптары бар стандарттар.
Бірінші түрге терминологияға, стандарттық кернеулер мен жиіліктерге, сынақтардың әр түріне арналған нормативті құжаттарды жатқызуға болады.
Стандарттардың екінші түрі стандарттау нысандарының кең диапозонын -тұрмыстық қуат құралдарынан спутниктік байланысқа дейін қамтиды.
Жыл сайын ХЭК бағдарламасына халықаралық стандарттау бойынша 500 - ден астам жаңа тақырып енгізіледі. МЭК 2 мыңнан аса халықаралық стандарттарды қабылдады. Олар мазмүны бойынша ИСО стандарттарынан нақтылықпен ерекшеленеді: оларда өнімге деген техникалық талаптар енгізілген ХЭК стандарттауының нысандарына ғана емес, сондай-ақ сертификаттау сәйкестілігінің қауіпсіздік бойынша стандарттарының талаптарына сәйкес расталуының қажетті элементі үшін маңыздылығы бар. Халықаралық саудада маңызды мәнге ие осы саланы қамтамасыз ету үшін, ХЭК нақты тауарлардың қауіпсіздігіне халықаралық стандарттар жасайды.
ХЭК саласының қызметіне жарақат қауіптілігі, электрлік тоқпен зақымдану қауіптілігі, өрт қауіптілігі, жарылыс қауіптілігі, химиялық қауіптілік, жабдықтарға (дыбыстық, инфрақызыл, радиожиіліктік, ультрокүлгін, ионданған, радиациялық) сәуле шашырау қауіптілігі кіреді.
Түрмыстық электроқұралдар мен машиналар үшін қауіпсіздік талаптарын белгілеу бойынша ХЭК-те жүргізілген жүмыстардың маңыздылығын ескерген жөн. ТК61 "Тұрмыстық электроқұралдардар қауіпсіздігі" әр елде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге түрлі қатынас жасаумен байланысты барлық электротұрмыстық құралдар мен машиналарға деген талаптарды белгілейтін 40 - тан астам халықаралық стандарт шығарылған. Халықаралық стандарттардың осы салада дайындалуы ХЭК-те электротұрмыстық құралдар мен машиналарды олардың ХЭК халықаралық стандарттарына сәйкес болуы үшін сертификаттау жүйесін құрумен байланысты ерекше мәнге ие. Тәжірибе ХЭК халықаралық стандартының елдер - мүшелерде тікелей қоданылуы үшін ИСО стандарттарына қарағанда едәуір жарамды екенін көрсетеді.
ХЭК стандарттарының әзірлену процедурасы ИСО-да пайдаланылатын процедураға ұқсас.
ХЭК ИСО-мен стандарттаудың, сертификаттаудың, сыналатын зертханалардың аккредитациялануы мен әдістемелік аспектілердің маңызды мәселелері бойынша ИСО/ХЭК бірлескен жетекшілік пен директорлықты даярлай отырып қызмет жасайды. ИСО/ХЭК біріккен бағдарламалық комитеті, техниканың шектес салаларына қатысты мәселелер бойынша екі ұйымның жауапкершіліктерін бөлумен айналысып, олардың ортақ жұмыстарын жоспарлайды.
Болашақта ХЭК және ИСО қызметі біртіндеп жақындайтын болады: бірінші саты - халықаралык стандарттарды дайындаудың ортақ ережелерін жасау, ортақ ТК құру (мұндай тәжірибе ақпараттық технология мәселелері бойынша бар), екінші саты - қосылу мүмкіндігі, оның үстіне көптеген елдер ИСО және ХЭК-те стандарттау бойынша бірдей органдармен таныстырылған.