Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МСС каз.doc
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
697.34 Кб
Скачать

3. Халықаралық және аймақтық стандарттау

3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)

Ұлттық стандарттар өздері даярланып, қолданылатын елдердің ғылыми және техникалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан стандарттардың елдің біртектес бұйымдарына деген талабы бір - бірінен ерекшеленеді. Ол бұйымдарды сатып алатын елдің стандартымен бірге өнім стандарттарының келісу қажеттілігін шақыратындықтан, халықаралық сауданың дамуы үшін кедергі болады.

Адамзат әрекетінің барлық саласын халықаралық сауда мен халықаралық қызметтестіктің дамуы ұлттық стандартардың келісілу (үйлесімдік) қажеттілігіне, халықаралық (аймақтық) стандарттардың жасалуы мен кең түрде қолданылуына әкелді.

Әр елдің стандарттау саласындағы тікелей қызметтестігі, басталуы стандарттау бойынша жеті ұлттық комитеттің 1921 ж. алғашы конференциясы өткізілген жылға сай келеді. Бұл конференция құрамына стандарттау бойынша 20 ұлттық ұйым кіріп, негізінде 1926 ж. стандарттау бойынша ұлттық ассоциацияның Халықаралық федерациясы құрылған ұйымдық принциптер жасап шығарды. ИСА стандартау бойынша 180 - ге жуық халықаралық кеңес даярлады, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен оның қызметі тоқтатылды.

Стандарттау бойынша ұлттық органдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылатын стандарттау бойынша Халықаралық ұйым, Лондонда БҰҰ шешімі бойынша 1947 жылы стандарттау бойынша 25 ұлттық үйым тарапынан құрылған болатын.

Оның атауын таңдау кезінде isos - "тең" грек тілінен алынған сөзді пайдалану шешілген еді. Сондықтан әлемнің барлық тілдерінде стандартау бойынша Халықаралық ұйым ISO (ИСО) деген қысқаша атқа ие.

Бұл үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы, электротехника және Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) құзыретіне қарасты электротехникалардан басқа стандарттауды барлық салаларда қамтиды. ИСО сертификаттау мәселелерімен айналысады.

ИСО-ның басты міндеті бүкіл әлемде ғылыми - техникалық, технологияық және экономикалық қызметтің интелектуалды меншіктілік саласында тауармен, қызметпен алмасу және қызметтестікті дамыту процесіндегі бірлестікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттау дамуының және қызметтің шектес түрінің стимулдануы болып табылады.

ИСО қызметінің тәжірибелік нәтижесі халықаралық стандарттардың қызметтің әр салаларында қабылдануы мен шығарылуы және даярлану жолмен қол жеткізілетін халықаралық келісімдер болып табылады. Халықаралық келісімдерді даярлау кезінде ИСО өнім (қызмет) өндірушілер, тұтынушылар, үкіметтік орталар, ғылыми - техникалық және қоғамдық ұйымдар сияқты барлық мүдделі тараптардың сенімдерін ескереді.

ИСО жұмысында стандарттау бойынша өздерінің ұлттық ұйымдарымен әлемнің 146 елі қатысады, оның ішінде 94 ИСО мүшелері және 15 жазылған (2003 жылғы мәлімет бойынша) мүшелер болып табылады.

ИСО мүшелері ИСО - ның кез - келген техникалық комитетінің жұмысына қатысуға, стандарт жобалары бойынша дауыс беруге, ИСО кеңесінің құрамына сайлануға және Бас ассамблея отырыстарында ұсынылуға құқылы.

Корреспондент - мүшелер ИСО-ға белсенді жұмыс жасамайды, бірақ жасалып жатқан стандарттар туралы мәліметтерді алуға құқылары бар. Корреспондент - мүшелері көбінесе дамып келе жатқан мемлекеттің ұйымы болып табылады.

ИСО-ға жазылған мүшелер жарна төлеп халықаралық стандарттаудың жағдайымен танысу мүмкіндігіне ие болады. "Жазылған мүшелер" санаты дамып келе жатқан елдер үшін енгізілген.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитет тарапынан ұсынылған Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ИСО-ның барлық мәселелері бойынша шешім қабылдау және оларды талқылау барысында дауыс қосуға толықтай құқылы мүше болып табылады.

Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар, ИСО жетістіктерінің өз еліндегі серкелері, сондай - ақ ұйымға сәйкес келетін техникалық комитеттерде ұлттық көзқарасты көрсетуші тұлғалар болып табылады. Сонымен қатар, стандарттау бойынша мықты ұлттық ұйымдар - ИСО мүшелері ИСО-ның қызметтелуі үшін тірек болып табылады.

ИСО-ның қаржылық қоры мүше - елдердің жарналарынан, стандарттар және басқа да бұйымдар, сондай - ақ қайырымдылық қаржылардан құрылады.

ИСО-ның ұйымдық құрылымы жетекші және жұмысшы органдардан тұрады (2 сурет).

Атқарушы

органдар

Орталық

Секретарит

Техникалық

Комитеттер

Қосақы

Комитеттер

Жұмысшы

Топтар

2. Сурет. ИСО-ның ұйымдық кұрылымы

Жетекші органдарға Бас асамблея, ИСО кеңесі және оның комитетері, ал жұмысшы органдарға - техникалық комитеттер (ТК), қосалқы комитеттер (ҚК) және техникалық кеңестік топтар (ТКТ) жатады.

ИСО-ның жоғарғы органы мүшелер тарапынан тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегаттар жиынтығы - Бас ассамблея болып табылады. Әрбір мүше үштен артық делегатты ұсынуға құқы жоқ. Корреспондент - мүшелері және жазылған мүшелер бақылаушы ретінде қатысады. Бас ассамблея сессиялары арасындағы үзілістерде ИСО жұмысына ИСО Кеңесі жетекшілік етеді, оның басында ИСО президенті тұрады.

Кеңес стандарттау бойынша үш жылға сайланатын ұлттық ұйым өкілдерінің 18 мүшесінен тұрады. Олар Бас ассамблеяның басын қоспай - ақ ИСО мүшелеріне Кеңес беруге немесе мүшелерге оның шешімін тапсыруға арналған сұрақтарды бағыттауға қүқылы. Кеңес отырысындағы шешім, отырғандардың дауыс берулері арқылы қабылданады. Отырыстар арасындағы бос уақытта немесе қажет болған жағдайда кеңес шешімді санақ жүргізу жолымен қабылдай алады. Кеңес жанында ИСО-ның техникалық комитетіне жетекшілік ететін Атқарушы бюро құрылды.

ИСО Кеңесіне жеті комитет бағынады: ПЛАКО (техникалық жетекшілік ету бюросы), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі комитет), КАСКО (сәйкестіктің бағалануы жөніндегі комитет), ИНФКО (информациялық жүйе және қызметтер жөніндегі комитет), ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету жөніндегі комитет), КОПОЛКО (тұтынушы мүдделерін қорғау жөніндегі комитет), РЕМКО (стандартты үлгілер жөніндегі комитет) '

ПЛАКО ИСО жұмыстарын жоспарлау және жұмыстың техникалық тұстарын үйымдастыру мен координаттау бойынша ұсыныстарды дайындайды. ПЛАКО саласының жұмысына техникалық комитеттердің құрылуы мен таратылуы бойынша ұсыныстардың қарастырылуы және техникалық комитеттердің міндетіне кіретін стандарттау салаларының анықталуы кіреді.

СТАКО ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпараттық көмекті халықаралық стандарттардың принциптері мен әдістері бойынша көрсетеді. Комитет күшімен стандарттаудың негізін қалаушы принциптердің зерттелуі жүргізіліп, аталмыш саладағы оптималды нәтижелердің жетістіктері бойынша Кеңестер дайындалады. СТАКО сауданың дамуы үшін Халықаралық стандарттарды қолдану бойынша терминологиямен және семинарларды ұйымдастырумен айналысады.

КАСКО стандарттар талабына өнім, қызмет, процесс (жұмыс) және сапа жүйелерінің сәйкес келуін растайтын мәселелермен айналысады. Комитет өнімнің, қызметтің, процестің (жұмыстың), сапа жүйелерінің сынақ зертханалары мен сертификаттау бойынша органдардың құзырлығын сертификаттаудың ұлттық және аймақтық жүйелерін өзара мойындау мен оны қабылдауға әрекеттеседі, сонымен қатар сертификатты сынау және растау саласында халықаралық стандарттарды пайдалануға сәйкес болу бағасы мен оның саналуы бойынша басшылықты даярлайды.

ИНФКО стандарттардың қолда бар қоры мен мәліметтердің автоматтанған банктері негізінде стандарттауды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жүмыстармен ғылыми - әдістемелік және тәжірибелік басшылық етуді жүзеге асырып, стандарттар және техникалық регламенттердің сатылымын ұйымдастырады.

ДЕВКО

Халықаралық стандартардың жасалу тәртібі. Халықаралық стандарттарды дайындау жөніндегі жұмысты техникалық комитеттер (ТК), олар құратын қосалқы комитеттер (ҚК) және қызметтің нақты бағыттары бойынша жұмыс топтары (ЖТ) жүргізеді.

2003 жылғы мәліметтер бойынша халықаралық стандарттау, ИСО шеңберінде 2736 жүмысшы органдар, сондай-ақ 186 ТК, 550 ҚК және 2000 ЖТ тараптарынан өткізіледі.

Техникалық комитеттер жалпы техникалық және техниканың нақты салаларында жұмыс атқаратын комитеттер болып бөлінеді. 26 жалпы техникалық ТК жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді.

Оларға, мысалы ТКЗ "Рұқсаттар және қондырулар", ТК 10 "Техникалық сызбалар" ТК 12 "Өлшем бірліктері", ТК 19 "Қалаулы сандар", ТК 37 "Терминология". Қалған ТК техниканың нақты салаларында қызмет етеді (ТК 22 "Автомобилбдер", ТК 39 "Станоктар" және т.б.

Егер техникалық комитет тарапынан жүргізілетін жұмыс мәселелердің кең ауқымын қамтыса, қосалқы комитеттер техникалық комитеттер щеңберінде құрылады. Мысалы, ТК20 "Авиациялық және космостық ұшу құралдарына" он қосалқы комитет кіреді.

Халықаралық стандарттардың жасалу процедурасы төмендегідей.

Халықаралық стандарттардың жасалуында қызығушылық танытатын ИСО мүшесі, техникаық комитет немесе ИСО Кеңесінің комитеті (немесе ИСО мүшесіне кірмейтін ұйым) түріндегі тарап ИСО Кеңесіне стандартты жасауға арналған тапсырысты бағыттайды.

ИСО Кеңесінің бас хатшысы Атқарушы бюроға сәйкес келетін ТК құру бойынша ұсыныстарды көрсетеді.

Егер Атқарушы бюро халықаралық міндеттерде үсынылатын стандарттардың қажет болатындығына сенім білдірсе, оның көптеген мүшелері "сол үшін" дауыс береді және олардың бесеуі жұмысшы тобының мүшесі болуға мүдделі болады, осы жағдайда стандартты даярлау бойынша техникалық комитет құрылады.

Осы сияқты мәселелер жұмыс барысында әдетте ТК қызметіне белсенді қатысатын мүшелердің консенсусы негізінде шешіледі.

Консенсусқа жеткеннен соң стандарт жобасына қатысты ТК оны барлық мүшелердің дауыс берулеріне тарату үшін орталық секретариатқа тапсырды.

Халықаралық стандарттың жобасы бойынша дауыс беру кезінде консенсус қағидасынан басқа, ИСО мүдделі тараптардың барлығына түсінікті стандарт әзірлемесі ережелерінің міндетті түрде көрінуін қамтамасыз етеді. Егер жобаны дауыс беруге қатысқан мүшелердің 75 % мақұлдаса, ол халықаралық стандарт ретінде көпшілікке ұсынылады.

ИСО-ның техникалық жұмысында әлемнің 35 елінен 40 мың сарапшы қатысады.

Жыл сайын 800-ге жуық халықаралық стандарттар қайта қаралып, жаңадан қабылданады. Қазіргі уақытта ИСО-ның 14 мыңнан астам стандарты қабылданды.

Техниканың әр түрлі саласында даярланған стандарттар мынандай болып бөлінеді: машина жасау - 29,5%, химия - 5,4%, металдық емес бұйымдар -12,2%, қазбалар және металдар - 9,1% ақпараттық техника - 8,8%, арнайы техника - 3%, денсаулық сақтау және медицина - 3,3%, негіз салушы стандарттар - 3,3%, қоршаған орта - 3%, тауарларды буып - түю және көіліктендіру - 18% және т.б.

ИСО-ның өзекті міндеті стандарттар қоры құрылымының өркендеуі болып табылады. Болашақта әлеуметтік салалар және ақпараттық технологиялар ИСО қызметінде басым болуы керек.

ИСО стандарттары әлемнің барлық елдері арасында тауарлармен, қызметтермен және идеялармен алмасуды едәуір жеңілдететін өнімдерге деген техникалық талаптардың әбден шыңдалған нұсқасын көрсетеді. Бұл көбіне техникалық мәселелер бойынша консенсус жетістігіне техникалық комитеттердің жауапкершілікпен қарауымен түсіндіріледі. Ол үшін ТК төрағалары жауап береді.

ИСО стандарттары мазмұн жағынан ұлттық стандарттардан олардың ішінен 20% жуығы ғана нақты өнімге деген талаптардың енгізілуімен ерекшеленеді.

ИСО стандарттарының негізгі бөлігі қауіпсіздік, өзара алмасушылық, техникалық сәйкестілік пен сиымдылық, өнімді сынау әдістері, сонымен қатар басқа да жалпы әдістемелік мәселелерге бағытталған талаптарға тікелей қатысты. Өнімнің қай елде өндіріліп, қалай пайдаланылатынына қарамастан, онсыз өндіруші мен тұтынушы арасындағы өзара түсінісушілік бола алмайды.

Осылай, ИСО-ның көптеген халықаралық стандарттарының пайдаланылуы, тауарға деген нақты техникалық талаптардың келісім - шарттарда белгіленуін көрсетеді.

ИСО стандарттары оның пайдаланылған жағдайында аталмыш елдің стандартталуының ұлттық жүйесіне еніп, екі немесе көп қырлы сауда қатынастарында қолданылуы мүмкін.

ИСО-ның халықаралық стандарттары қатысушы елдерге міндетті түрде қажет болатын дәрежеге ие емес, яғни әрбір ел оларды бүтіндей қолдануға, жеке қолдануға немесе мүлде қолданбауға құқылы. Оларды қодану туралы мәселенің шешімі көбінесе еңбектің халықаралық бөлінуінде қатысу деңгейімен және оның сыртқы сауда жағдайымен байланысты. Алайда, өнім дайындаушылар әлемдік ңарықтағы өткір бәсекелестік жағдайына өз бұйымдарының жоғары бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпауға тырыса отырып, халықаралық стандарттарды пайдалануға мәжбүр болып отыр. Шетел мамандарының бағалаулары бойынша өндіріс жағынан дамыған елдер (мысалы, Нидерланды, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания) ИСО стандарттарының барлық қорының 80% қолданады. Бұл елдер халықаралық стандарттар әрекет ететін салаларда ұлттық стандарттарды құрмауға талпынады.

ИСО мемлекет - мүшелер үшін үлкен жетістік, ұлттық стандарттың халықаралық стандарт ретінде қабылдануы болып табылады. Ұлттық стандарттауды ИСО жұмысының жоспарына енгізу үшін ИСО Кеңесіне халықаралық сауданың кеңейуінде, адамдар қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауда стандарттың ролін көрсететін негізделген ұсынысты көрсету қажет.

ТК ИСО болашақтағы халықаралық стандартқа міндетті түрде кіретін техникалық талаптар мен нормалардың мәселесі бойынша жеке ел өкілдері тарапынан белгілі бір қысымға ұшырағанда, нақты өнімнің әлемдік өндірушілері болып табылатын елдер мен фирмалардың әлемдік нарығындағы өткір бәсекелестігі, халықаралық стандарттарының жасалуы сатысында басталып, көрініс табады. Экономикалық жақтан дамыған елдер нақты халықаралық стандарт жобасындағы ұлттық стандартты әділетті деп санап, осы жобадағы өздерінің үлттық мүдделерінің көрініс табуы үшін күресуде. ИСО- ның халықаралық стандарттарының жалпы санынан алғанда 70 % өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің ұлттыұ немесе фирмалық стандарттарына сәйкес келуі жайдан - жай емес.

Халықаралық стандарттардын дайындалуындағы кез келген елдің басымшылдығы, көбінесе олардың мамандарыньщ ИСО жұмысшы органдарьшың қызметіне қатысу дәрежесімен анықталады.

ИСО сонғы жылдары қызметті және сапаны камтамасыз ету жуйесі саласындағы халыкаралық стандарттауға көп көңіл бөліп жүр. Сапа мәселесін шешуге бірдей кұрал табу мақсатымен "Сапаны басқару және сапамен камтамасыз ету" 176 ТК кұрылды. Оның міндеті сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің негізін салушы үстанымдардың стандартталуы мен үйлесімділігін табу болып табылады. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және т.б. елдердің ұлттық тәжірибелерінің жалпылануы негізінде 1987 жылы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар жасалып жарыққа шықты, кейінірек ИСО І4000 және ИСО 17025 сериялы стандарттар әзірленіп көпшілікке тартылды.

ИСО ВТО мен стратегиялық серіктестікті белгіледі. ВТО мүшелері болып табылатын немесе мүшесі болуға мүдделі барлық елдер, халықаралық стандарттау мәселелерімен таныс болып, халықаралық саудаға өз үлестерін қосуы керек.

ИСО-ның 146 мүшесінен 100 елден астамы дамып келе жатқан және экономикасы ауыспалы елдердің катарына қосылуда. Олардың басым көпшіліғінде осы елдердегі эконоикалық процестердің қатысушылары үшін келелі мәселе болып есептелетін техникалық регламенттер, сәйкестену бағасы, сапа және метрология сиякты стандарттар мен шектеулер салаларында дамыған инфрақұрылымдар жоқ. Нәтижесінде экономиканы және тіршіліктің төмен сапасын көтеру бойынша бос әурешілікке алып келетін өндіріс мүмкіндіктері кұрылып, саудада артық кедергілер пайда болады, сонымен катар қор тиімді пайдаланылмауы мүмкін. Осы себептер бойынша ИСО мемлекеттің экономикалык тұрғыдан дамуы және оның әлемдік экономикаға интеграииялануына қажетті стандарттау мен стандарт инфрақұрылымдарын кұру бойынша қызметтің өркендеуінде дамып келе жаткан елдерге үлкен көмек көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]