
- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
Стандарттау - стандарттау нысаны және стандарттау саласы сияқты түсініктермен байланысты. Стандарттау, әдетте көп рет іске қосу және (немесе) пайдалану болашағы бар қызметтерді және соларға арнап норма, талап, мінездеме, параметрлер, ережелер және т.б.
Стандарттау нысанының топтастырылуы 1 кестеде (26 б.) келтірілген.
Стандарттау нысанға толықтай, немесе оның жеке қүрамдарына (сипаттамасына) қатысты бола алады. Мысалы, станоктарға қолданылатын құрама сипаттамалар мен қауіпсіздік талаптары екі стандартта орналасуы мүмкін.
Стандарттау саласы деп стандарттаудың бір - бірімен өзара байланысты нысандарының жиынтығын айтады. Мысалы, машина құрылысы стандарттау саласы болса, машина құрылысындаға стандарттау нысаны техникалық процестер, қозғалтқыш түрлері, машиналардың қауіпсіздігі мен экологиялылығы және т.б. болады.
2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
2.1. Стандарттаудың мемлекетаралық жүйесі.
ТМД шеңберіндегі мемлекетаралық стандарттаудың бастапқы дамуы 1992 жылдың наурызында Үкімет басшыларымен қол қойылған "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы келісім" болып табылады.
Стандаттау, метрология және сертификаттаудың халықаралық сипатын белгілей отырып, стандарттау арқылы шешілетін Келісімнің негізгі мақсаттары:
өнім сапасы және қызметіне байланысты келісімге қатысушы әр бір мемлекет пен тұтынушы мүдделерін қорғау, халықтың өмірін, денсаулығын және мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау;
мемлекетаралық мүдделерді көрсетін өнімдермен басқа да талаптардың сыймдылығын және өзара ауыспалығын қамтамасыз ету;
әлемдік тауар нарығындағы келісімге қатысушы мемлекеттердің өнім бәсекелестігін күшейту әрекетін көтеру, өндірістегі және саудадағы техникалық кедергілерді жою;
келісімге қатысушы мемлекеттердегі табиғи және техногенді апаттар және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кездегі шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін күшейту;
Келісім нәтижесінде, ССРО кезінде қызмет жасаған нормативтік құжаттар қоры сақталған (25 мыңға жуық мемлекеттік және 40 мың салалық стандарттар, техника-экономикалық ақпараттардың 35 классификаторы). ГОСТ аббревиатуралардың мемлекетаралық стандарттарының қайта еңгізуді сақтау және мемлекетаралық стандарттаудың іске асуында бұрынғы ССРО мемлекеттік стандарттарын қабылдау туралы келісімдерге қол жеткізі.
Мемлекетаралық стандарттау жүмыстары төмендегі принциптер негізінде жүргізіледі;
келісімге қатысушы барлық мүддделі мемлекеттердің, өзара алмасатын өнімнің сапасымен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында ортақ жетістікке ұмтылыс;
халықаралық және аймақтық стандартпен мемлекетаралық стандарттардың өзара үйлесімділігін және оларды өнім, процесс (жұмыс), қызмет түрлерін сертификаттау үшін қажеттілік мақсатында қамтамасыз ету;
Мемлекетаралық стандартизация саласының негізгі бағыттары:
мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыс өткізудің жалпы ережелерін қабылдау, өнімге деген бірдей (келісілген, үйлестірілген) талаптарды олардың адам өміріне, денсаулығына, мүлігіне қауіпсіздігін, сонымен қатар бақылаудың бірдей әдістерін қамтамасыз ету;
мемлекетаралық мүдделерді көрсететін жалпы техникалық талаптардың стандартталуы.
♦ техника-экономикалық ақпараттарға классификаторларды енгізуді ұйымдастыру және олардың даму жүйесін кодтау;
♦ 82 бет 6 функция мемлекетаралық стандарттау және мемлекетаралық стандарттау бойынша құжатарды басылымға беру және тарату;
♦ стандарттау саласы бойынша мамандар біліктілігін көтеру және дайындық бағдарламаларын үйлестіру;
Оның негізгі қызметтері:
стандарттау, метрология, сертификация және аккредитация саласындағы қызметтің басымдылығын өндіру;
стандартау, метрология, сертификаттау және аккредитация саласындағы жұмыстың негізгі бағь|тын қарастыру және қабылдау;
мемлекетаралық стандартты және т.б. жобалауды бекіту;
1992 ж 2003 жылға дейін мемлекетаралық стандартаудың 23 мәжілісі өтіп, стандарттау, метрология, сертификация, аккредитация мәселесі бойынша 1200 астам сүрақ немесе 4 мыңнан астам мемлекетаралық стандарт қайта қаралды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша МАС мәжілісі келісімге - қатысушы мемлекеттер арасында кезектесіп өтеді.
МАС құрамына кірген мемлекеттер үшін кеңес қабылдаған шешімдер міндетті, болып табылады.
МАС қызметінің үйымдастыру мәселелерінін шешу бойынша Минск қаласында (Белорусь Республикасы) 2000 жылы стандарт Бюросы болып өзгертілген, негізгі жүмысшы органы-техникалық секретариат ашылды.
МАС жанынан техникалық мәселелерді талқылау үшін, ұлттық органдардың стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша құрамына жоғары білікті мамандар кіретін жұмысшы топтары ұйымд астыры л ды.
Келісімге қатысушы мемлекеттерде стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша басшылық жұмыстар ұлттық органдарға сәйкес жүзеге асырылады.
ТМД елдер аясында МАС өткізген үлкен жұмыстарға тиісті стандарттау бойынша халықаралық Кеңес ұйымы 1995 жылы стандарттау бойынша МАС-тың аймақтық ұйымын, "Стандарттау метрология және сертификаттау бойынша Еуразиялық кеңес" Евразия аймақтық тіркеу атымен атап, сонымен қатар оның эмблемасын белгіледі.
ЭМБЛЕМАНЫҢ СУРЕТІ.
Сурет 1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Еуразия кеңесінің эмблемасы.
2001 жылы қараша айында стандартизация, метрология және сертификация бойынша, халықаралық Кеңестің аббревиатурасы мен стандартизациясының келесі атаулары, халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдармен қайта жазуда нормативті құжаттарды қолдану туралы МАС шешім (N20-2001 протокол) қабылдады;
орыс тілінде - "Евразийский совет по стандартизации, метрологии и сертификации" (ЕАСС)
ағылшын тілінде - "Euro-Asian Council for Standardizion, Metrology and Certification " (ЕАСС)