Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МСС каз.doc
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
697.34 Кб
Скачать

1.4 Стандарттау әдістері

Стандарттау қызметтің бір түрі ретінде расталатын міндеттердің оптималды шешімдерінің белгіленуі үшін қажетті жалпы ғылыми және арнайы әдістердің жиынтығында негізделеді. Стандарттау бойынша жұмыстарда көп колданылатын әдістер: 1) Стандарттау нысандарының реттелуі; 2) параметрлік стандарттау; 3) унификация; 4) агрегаттау; 6) кешендік стандарттау; 6) озық стандарттау.

Стандарттау нысандарының реттелуі стандарттау нысандарының көптүрлілігін басқаруда көрініс табады.

Классификаторлар, типтік конструкторлар, жинақтайтын бұйымдар, процестер, ережелер, құжат түрлері реттеу бойынша жүмыстардың нәтижелері болып табылады.

Реттеу - стандарттау нысандарының жүйеленуі, түрленуі, сұрыпталуы, симплификаттануы және оптималдануы жолымен жүзеге асады.

Жүйелену - стандарттаудың бір - бірімен байланысты нысандарының бір тектестік жүйелілігін белгілеуде көрініс табады. Нысандардың көп түрлілігін ескергенде жүйелену маңызды мәнге ие, өйткені ол оларды өзара байланысқан және бір - біріне бағынған топтарға біріктіруге, олардың классификациялануы мен бойына қарай түрғызылуына мүмкіндік береді. Қазақстан

Республикасында қолданылатын техникалық - экономикалық және әлеуметтік классификаторлар жүйелеу бойынша жұмыстардың нәтижесі бола алады.

Типтену - сипаттамаларды стандарттау нысандары үшін типтік құрама немесе технологиялық шешімдерді жалпылық негізде дайындауда болатын қызмет. Типтену типтік құрылым, бұйым, ереже, процесс, құжат түрлері, есеп, жұмысты тәртіпке келтіруге және т.б. әкеледі.

Селекция - өндірісті ары қарай дамыту немесе қызметтің әр саласында қолдану үшін мақсатқа лайықсыз болып мойындалған стандарттаудың нақты нысандарын іріктеуде анықталады.

Симплификация, селкция қарама - қайшылығында өндірісті ары қарай дамыту немесе қызметтің әр саласында қолдану үшін мақсатқа лайықсыз болып мойындалған стандарттаудың нақты нысандарын іріктеуде анықталады.

Басқа сөзбен айтқанда, симплификацияның астарында мақсатқа лайық минимумге (мысалы, тара, ыдыс, бекітпе элементтері типтік өлшемдерінің қысқартылуы) дейін ең аз қолданылатын элементтердің қарапайым түрде қысартылуы жатыр.

Оптимизация - стаңдарттаудың ең жақсы (оптималды) нысанының таңдалуы. Стандартталатын нысандардың параметрлеріндегі (тұтынушы қасиеттерінің қауіпсіздігі, сапасы және белгіленуі) оптималды мәндердің табылуында анықталады.

Стандарттау нысандарының оптималдылығын экономикалық -математикалық әдістер мен оптималдау моделін қолдану жолымен жүзеге асырады.

Параметрлік стандарттау - мақсатқа лайық номенклартура мен параметрлердің сандық мағынасының таңдалуы және негізделуінде анықталатын стандарттау әдісі.

Параметр (грек тілінен аударғанда parametron - өлшейтін) - машина немесе құралдың процесін, құбылысьш немесе жүйелердің қандай да бір ерекшелігін сипаттайтын ауқым.

Өнімнің ең маңызды параметрлері оның қажеттілігі мен пайдаланылу жағдайларын анықтайтын сипаттамалар болып табылады:

♦ өлшемдік параметрлер (киім және аяқ - киім өлшемі, ыдыс сиымдылығы);

♦ салмақтық параметрлер (спорт жабдықтары жеке түрлерінің массасы);

машина және құралдар (желдеткіш және еденсүрткіш өндірістілігі, көліктік құралдардың қозғалыс жылдамдығы ) өндірістілігін сипаттайтын параметрлер;

♦ қуаттық параметрлер (қозғалтқыш күші) және т.б.

Белгілі бір принципі, қызметі және құрамы бар өнім, яғни белгілі бір типті өнім параметрлер қатарымен сипатталады. Параметрлердің белгіленген мағыналарының жиынтығы параметрлік қатар болып аталады.

Параметрлік қатардың көп түрлілігі өлшемдік қатар болып табылады. Мысалы, маталар үшін өлшемдік қатар маталар енінің жеке параметрлерінен, ал ыдыс үшін - сиымдылықтың жеке параметрлерінен тұрады. Бір типті бұйымның (немесе матаның) әрбір өлшемі типтік өлшем болып табылады. Мысалы, қазіргі уақытта ерлер киімінің 105, ал әйелдер киімінің 120 типтік өлшемі белгіленген.

Параметрлік қатарлардың стандартталу процессі параметрлік стандарт деп аталады.

Киім және аяқ киім өлшемдік қатарларын жасау кезінде әр аймақтарда тұратын әр жастағы ерлер мен әйелдер санының антропометрикалық өлшемінен шығарылады. Алынған көрсеткіштер математикалық статистика әдісімен өңделеді.

Машина, құрал және тараның параметрлік қатары геометриялық прогрессияда өзгеретін жүйелі сандардың жиынтығына, қалаулы сандардың жүйесіне сәйкес құрылады. Бүл жүйенің мәні белгілі бір математикалық заңдылыққа қатаң түрде бағынатын параметрлер білімінің таңдалуында анықталады.

Негізгі стандарттар параметрлік стандарттауда ГОСТ 8032 "қалаулы сандардың қалаулы сандары мен қатарлары" және ГОСТ 6636 "Қалыпты ұзындық өлшемі".

ГОСТ 8032 қалаулы сандардың төрт негізгі қатарын қарастырады:

1 - ші қатар - К5 - 1.00; 1,60; 2,50; 6,30; 10,00... ; бөлім(знаменатель) прогрессиясы бар;

2 - ші қатар - КІО - 1.00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50... бөлім (знаменатель) прогрессиясына ие;

3 - ші қатар - К20 - 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60... бөлім (знаменатель) прогрессиясына ие;

4 - ші қатар - К40 - 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25... бөлім (знаменатель) прогрессиясына ие.

Ескерту. индексі француз инженері Ш.Ренардың құрметіне аталған. Оның атымен қалаулы сандар қатарының жасалуын байланыстырады.

5 - 5, 10 - 10; 20 - 20 және 40 - 40 қатары үшін 1 - 10 аралығындағы сандардың саны.

Параметрикалық қатардың жиілігі оптималды болуы тиіс, өте тығыз қатар, тұтынушылардың сұранысын максималды түрде қанағаттандыра алады, бірақ екінші жағынан, өнім номенклатурасы шектен тыс кеңейеді. Сондықтан, 5қатарының 10 қатарына, ал 10 қатарының 20 қатарына қарағанда артықшылығы басымдырақ.

Қалаулы сандар жүйесінің қолданылуы белгілі бір түрдегі өнім параметрлерін унификациялауға мүмкіндік беріп қана қоймай, бөлшектерді, бұйымдарды, көлік құралдары мен технологиялық жабдықтарды параметрлер бойынша сабақтастырады.

Мысалы, машина құрылысындағы стандарттау тәжірибесі бөлшек пен тораптардың параметрлік қатарларының машина және жабдықтаудың параметрлік қатарларында негізделуі керек екендігін көрсетті. Сонымен қатар олардың мынандай ережелермен басқарылғаны мақсатқа лайық: 5 бойынша машина параметрлерінің қатарына 10 бөлшек көлемдерінің қатары, сондай -ақ 10 бойынша параметрлер қатарына 20 бөлшек көлемдерінің қатары сәйкес келуі тиіс. Консервілік банка және олардың тасымалдануына арналған көліктік құралдар үшін тараны тиімді түрде пайдалану мақсатында контейнер, жәшік және жеке консервілік банкаларды 5 қатары бойынша құрылу және темір жол вагондары мен автомашиналардың жүккөтергіштік қатары ұсынылады.

Радиотехникада Халықаралық электротехникалық комиссиясы (ХЭК) тарапынан қабылданған Е қатарлары бойынша құрылған қалаулы сандар бұрыннан бері қолданылады. Е қатарлары ЕЗ - және Е12 - қатарлары үшін теориялық сандардың бөлімдермен жинақталған ауқымнан тұрады. Мысалы, тұрақты резисторлардың номиналдық қарсылығының қатарлары және тұрақты конденсаторлардың (ГОСТ 2825 және ГОСТ 2519 сәйкес) номиналды сиымдылығының қатарлары Е6 қатары бойынша таңдалады. Осылайша, конденсаторлар үшін сиымдылықтар қатары мынандай болады: 1,5;2,2;3,3;4,7;6,8 (пФ, мкФ).

Көлік түрлері жүккөтергіштігінің тасымалдың тиімді түрде әсер ету тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен таңдалуын мысал ретінде келтіруге болады. Қалаулы сандардың 1 - ші қатарына сәйкес көлік түрлерінің жүккөтергіші, тара сиымдылығы мен қойма сиымдылығы мынандай болуы тиіс:

Темір жол вагондары, т

25; 40; 63 және 100

Жүкті автомобильдер, т

2,5; 4,0; 6,3 және 10,0

Контейнер сиымдылығы, кг

250; 400; 630 және 1000

Консервілік банка сиымдылығы, г

250; 400; 630 және 1000

Қойма сиымдылығы, т

250; 400; 630 және 1000

Унификация (латын тілшен аударғанда unus - один) - өнім, процесс және қызмет түрлері оптималды санының таңдалуы және олардың параметрлері мен көлемдерінің мәні.

Унификация – бұл бір заттың бір жүйеге, формаға, біркелкілікке алып келінуі. Мысалы, техникада унификация деп өнім түрлері мен оның өндірілім қорының типтік көлемдері, маркалары мен өзіне тән қасиеттерінің ең аз санына келтірілуі және бірдей қызметтік мәні бар бөлшек, агрегаттардың тиімді түрде қысқартылуын түсінеді.

Унификация мақсаты - ақталмаған өнім, процесс түрлерін жою және оларды негізгі тұтынушыларға қажетті ең аз санға жеткізу.

Унификация - стандарттау нысандарының жүйеленуінде, типтенуінде, селекциялануында, симплификациялануы мен оптимизациялануында негізделіп, мынандай бағыттарда жүзеге асады:

♦ бұйымдар, машиналар, жабдықтар, құрылғылар, тораптар мен бөлшектердің параметрлік және типтік өлшемдік түрде жасалуы;

♦ біртектес өнімнің унификацияланған топтарын құру мақсатында типтік бұйымдарды жасау;

♦ унификацияланған технологиялық процестер, сынақтан өткізу әдісі, құжаттар формасы және т.б. жасалуы;

♦ стандарттаудың біртектес нысандары номенклатураларының мақсатқа лайық минимуммен шектелуі.

Унификация типтік көлемдік (мысалы, басты параметрдің өзара сандық мәнмен ажыратылатын бір қызметтік міндеті бар өлшем), ішкі типтік (мысалы, бас параметрлі бірдей бірақ құрама бөлшектерінің құрылымдары әр түрлі өнім) және типтік аралық (мысалы, құрылымы әр түрлі өнімдер) өтілетін салаға байланысты нысан унификациясы салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін.

Унификация өзінің экономикалық әсерін жобалау сатысында көрсетеді.

Унификация нәтижесі бөлшектер, тараптар, типтер, құралған бірліктер мен стандарттар, параметрлер мен көлемдерді, құрылым, марка және т.б. типтік құрылымдарды альбом түрінде рәсімдейді.

Бұйымның типтік көлемдік қатарындағы унификацияның пайдаланылуына тоңазытқыштардың ГОСТ 26678 мысал бола алады. Параметрлік қатарда тоңазытқыштардың 17 түрі және белгілі бір типтік көлемді яғни жалпы көлем мен температурасы төмен бөлім көлемінің белгілі бір мәні бар мұздатқыштардың үш түрі бар. Стандартта параметрлік қатардың шеңберінде (мысалы, 270 және 300см3 камера көлемі және 80см3 төмен температуралы бөлім көлемімен) унификацияға жататын және бір типтік көлем шеңберінде (мысалы, қосылатын көлемдер бойынша тоңазытқыштық агрегаттар, конденсаторлар) унификацияға жататын құрама бөлшектердің тізімі көрсетіледі.

Агрегатау - бұйым, машина, құрылғы және жабдықтардың жеке стандартты унификацияланған бөлшек және тораптардан жасалуы мен оның пайдаланылу әдісі.

Мұндай тораптар мен бөлшектер әр түрлі үйлесімділікте құрылымы мен түрі жағынан әркелкі бұйымдардың кең номенклатурасын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, жиһаздық өндірісте 15 көлемді қалқанды және үш көлемді стандартты жәшіктерді қолдану, аталмыш элементтердің әр түрлі комбинациясында жиһаздың 52 түрін алуға мүмкідік береді.

Унификацияланған, стандартты, өзара ауыстырылатын бөлшектер мен тораптарды пайдалану есебінен бұйымдардың жөндеуге жарамдылығы мен жөндеудің нәтижелілігі жоғарылайды.

Агрегаттану машина жасау, радиоэлектроника және иемденуде қолданылады. Көрсетілген салалардың дамуы бұйым құрылымдарының жиі ауысуымен және оның күрделі болуымен сипатталады. Әр түрлі машиналарды жобалау және оны дайындау үшін бірінші кезекте машинаның құрылымын әр қайсысы машинада белгілі бір қызметті атқаратындай етіп тәуелсіз жинақталатын бірліктерге (агрегаттарға) жіктеу қажет етілді. Бұл агрегаттардың дайындалуын тәуелсіз бұйымдар ретінде шеберлендіруге мүмкіндік берді. Олардың жұмыстарын барша машиналарға тәуелсіз түрде тексеруге болады.

Бұйымдардың құрылымды аяқталған агрегаттарға жіктелуі, агрегаттану әдісі дамуының бірінші алғы шарты болды. Ары қарай машина құрылымының анализі, құрылысы жағынан әр түрлі көптеген тораптар мен бөлшектердің түрлі машиналарда бірдей қызмет атқаруын көрсетті. Унификацияланған агрегат, торап және бөлшектердің жасалуы жолымен жүзеге асқан жеке қүрылымдық шешімдердің жалпылануы аталмыш әдістің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті.

Агрегаттаудың негізгі принциптері қазіргі таңда мыналар:

а) базалық агрегат принципі (шығарылатын бүйым, машина, қүрылғы, жабдықтардың және олардың негізгі түрлері мен әр түрлі орындауларды құрудың модификациялануы есебінен номенклатураның үлкеюі);

б) секциялану принципі (унификацияланған тораптар мен бөлшектер түрлі бүйымдарды дайындау барысында геометриялық және қызметтік өзара ауысым негізінде қайта - қайта пайдаланылуы мүмкін);

в) модульдік принцип (техниканың модульдердің - ірі агрегаттар базасында өндірілуі).

Қазіргі уақытта радиоэлектротехникада және құралды құруда модульдік принцип кеңінен таралған; бүл икемді өндірістік жүйе мен жұмысқа жарамды техникалық кешендердің құрылуының негізгі әдісі.

Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде өзара сабақтасқан талаптар жүйесінің қолданылуы мен белгіленуі стандарттаудың жалпы өз нысанына байланысты жүзеге асатынындай, нақты мәселені оптималды түрде шешу мақсатымен оның негізгі элементтерінде де байланысты жүзеге асады.

Өнімге қолданылатын зат - ол өнімнің дайындалуы, сондай - ақ сақталу (буып - түю, маркировка, көліктендіру, сақтау ) мен тұтыну (пайдалану) жағдайлары үшін қажетті өз деңгейі бойынша өзара байланысқан талаптардың дайын бұйым, шикізат, материалдар мен жинақтық тораптар сапасына қатысты қолданылуы мен белгіленуі.

Осылай, сиыр сүтін кешенді түрде стандарттау бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, әрекеттегі мемлекетаралық стандарттың қайта қаралуы ғана емес, сонымен қатар 37 стандарттың дайындалуы мен қайта қаралуы қарастырылады. Сүт сапасын көрсететіндерге, тапсырысқа байланысты (сүт консервілерін, сыр, балаларға арналған тағамдарды және т .6. өндіру) дифференцияланған қатынас белгіленбек. Майлылық пен микробтарды анықтау үшін сүт сапасының бағасы мен құралының нысанды экспресс - әдістері жасалуда; сүт сауу құрылғылары мен технологиялық жабдықтар унификациялануда; өндірістің типтік технологиялық процестеріне стандарттар дайындалып жатыр; бекітілген кешендермен стандарттар өзара сабақтасып жатыр.

Кешендік стандарттау өнімді жасау, еңбекті қауіпсіздендіру және табиғатты қорғаудың технологиялық қауіпсіздігігінің жалпы техникалық нормасының құжаттану жүйесіне қатысты.

Алайда кешенді стандарттау бойынша жүргізілетін жүмыстар, қаржыланудың қысқаруына байланысты соңғы он жылдықта шектелген көлемде орындалады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізгі стандарт кешендерінің қалыптасуы жөніндегі қызмет жалғасын табуда:

ҚРСТ 1.0 "Қазақстан республикасы стандарттануының Мемлекеттік жүйесі. Негізгі ережелер";

ҚРСТ 2.0 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі. Негізгі ережелер";

ҚРСТ 3.0 "Қазақстан Республикасы сертифмкаттануының Мемлекеттік жүйесі.

Негізгі ережелер";

ҚРСТ 4.0 "Өнімді жасау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі ережелер";

ҚРСТ 5.0 "Техникалық - экономикалық және әлеуметтік – ақпараттық топтастырылу мен кодтанудың бірлескен жүйесі.

Негізгі ережелер".

ҚРСТ 6.0 "Штрихтік кодтау жүйесі.

Негізгі ережелер";

ҚРСТ 7.0 "Қазақстан Республикасы аккредитациясының жүйесі. Негізгі ережелер".

Озық стандарттау (болашағы бар стандарттардың дайындалуы) болжамға сәйкес болашақта оптималды болатын стандарттау нысанына норма мен талаптардың тәжірибеде қол жеткізілген қатынас бойынша

Стандарттар ғылым мен техника дамуының жетістікке жеткен деңгейін ғана тіркей алмайды, өйткені өнім түрлерінің моральдық тұрғыдан көнеруінің жоғары қарқындылығынан олар техникалық прогрестің тежегіші болуы мүмкін. Стандарттар техникалық прогресті тежемеу үшін, олардың өнеркәсіптік өндіріс тарапынан қамтамасыз етілу мерзімін көрсетумен бірге сапаның болашақтағы көрсеткіштерін белгілеу қажет. Озық стандарттар сериялық өнімі басталмаған немесе бірінші кезеңде тұрған, өнімнің болашағы бар түрлерін стандарттау қажет.

70 - 90 жылдары озық стандарттар сапа көрсеткіштеріне және оның енгізілуіне дифференциялық мерзіммен, олардың өсіп келе жатқан талаптарын қамтитын бірнеше сатылары бар сатылы стандарттар түрінде орындалады. Стандарттарда әдетте техникалық деңгей және сапаның екі - үш сатысы бар:

ертеректе игерілген өнімді талаптарға сай шығарады;

жаңадан жасалатын өнімге деген талаптар;

болашағы бар өнімнің жоғары әлеуметтік деңгейге сай талабы. Солай, стандартта хатқа арналған қорға екі саты белгіленген болатын:

Көрсеткіш атауы

1 - саты

2 - саты

Хат желісінің узындығы, м

100

150

Жиналған тораптардың белгіленген қоры, циклдар

300-1600

350-1700

Хатқа кажетті күш,Н

О,85±О,13

0,75 ±0,11

Сатылы стандартта бес немесе одан да көп сатылар бола алады. "Көпсатылы" стандартқа АҚШ-та 60-жылдардың аяғында қайта шығарылатын жеңіл автомобильдер үшін міндетті түрде қажетті тәжірибеден өткен газдардың негізгі токсикалық компоненттерін шектеулі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде стандарттау керек.

Шетелде ғылыми - зерттеулік және тәжірибелік - конструкторлық жүмыстардың нәтижелері бекітілген "алдын - ала стандарттаудың" категориясы бар.

Озық стандарттар өнімнің жаңа түрлерін өндіруді ұйымдастыруға әсер етеді. Мысалы, 1953 жылы бекітілген түрлі - түсті теледидарға арналған американдық стандарттар, 1957 - 1960 жылдары АҚШ - та түрлі - түсті бейнені беретін теледидарлардың өндірілуіне жағдай жасады.

80 - жылдардың аяғында халықаралық стандарттаудың үлкен жетістігі, халықаралық стандарттаудың бұйымның өзінің өндірілуінен бұрын аудиокомпактты дискте бекітілгені үлкен жетістік болып есептеледі. Бұл компакт - дискінің басқа техникалық құралдармен толықтай сәйкестілігін қамтамасыз етіп өндірістік емес шығындардан қашуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]