
- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
қызметтері
Стандарттаудың негізгі мақсаты оптималды деңгейдің белгіленген ережелердің, талаптардың, нақты әрекет ететін, жоспарланатын потенциалдық міндеттердің кең және бірнеше рет пайдаланылу әдісімен белгілі бір салада реттелуі болып табылады.
Стандарттау бойынша қызметтің алғашқы нәтижесі өнім, қызмет, процесс және жұмыстардың олардың қызметтік міндеттеріне сәйкес келуі, халықаралық тауар айналымында техникалық кедергілердің жойылуы, ғылыми - техникалық прогреске және әркелкі салалардағы қызметтестікке сәйкес келу деңгейінің өсуі тиіс.
Стандарттау мақсаттарын жалпы және тар уақымды, сондай - ақ нақыт және сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты деп бөлуге болады.
Жалпы мақсаттар ең алдымен "стандарттау" түсінігінен туындайды. Стандарттауға арналған жалпы мақсаттардың нақтылануы міндетті болып табылатын стандарттар талаптарының орындалуымен байланысты.
Оларға:
♦ өнімнің қауіпсіздігің, процесті, (жұмысты), адамдардың өмірі мен денсаулығына қызмет көрсетуді, мүлікті, қоршаған ортаны сақтауды;
саудадағы техникалық кедергілерді, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім және қызмет бәсекелестігі қабілеттілігін жоюды;
техникалық және ақпараттық сәйкестік, сонымен қатар өнімнің өзара алмастырылуын;
♦ ғылыми - техникалық прогресс дамуының деңгейіне сәйкес өнім, процесс және жұмыс сапасын;
өнім, процесс (жұмыс) қызмет сапасы және қауіпсіздігі мәселесіндегі тұтынушылар мүдделерінің қорғалуын;
өлшем бірлігін;
қордың барлық түрлерінің тиімді пайдаланылуының сақталуын;
табиғи және техногенді сипаттағы, сондай - ақ басқа да түрлі төтенше жағдайдағы апаттардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін;
елдің қорғаныс қабілеттілігі мен мобильдік дайындығын қамтамасыз ететін норма, ереже және сипаттамалардың жасалуы кіреді.
Стандартаудың нақты мақсаттары қызметтің белгілі бір саласына, тауар және қызмет өндірісінің саласына, кәсіпорынға, өнімнің, процестің (жұмыстың), қызметтің және т.б. түрлеріне жатады.
Стандарттаудың негізгі міндеттері:
♦ әзірлеуші, дайындаушы, сатушы және тұтынушы (тапсырыс беруші) арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;
♦ наменклатураға және өнім сапасына, процестерге (жұмысқа) мемлекет және тұтынушы мүдделеріндегі қызметтерге, сонымен қатар,
адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігне , мүлігіне қоршаған ортаны сақтауға оптимальды талаптарды белгілеу;
сәйкестік бойынша талаптарды белгілеу (конструктивтік, электрлік, электрмагниттік, ақпараттық, бағдарламалық, т.б.), сонымен қатар өнімнің өзара ауыстырылуы;
материал және шикізат бұйымдарын жинақтайтын өнімдер және олардың элементтерінің сипаттамалары мен көрсеткіштерінің байланысы және келісілуі;
параметрлік және өлшем типтес қатарлар, базалық жинақтық, бұйымның жинақталған және унификацияланған блоктық - модульдік құрама бөлшектерін қолдану мен белгілеу негізіндегі унификация;
метрологиялық нормалар, ережелер, қағидалар және талаптардың белгіленуі;
бақылау (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу), сапа бағасы және өнім сертификатының, процестің (жұмыстың), қызметтердің нормативті -техникалық қамтылуы;
материалдық сиымдылық, қуат сиымдылығы және еңбек сиымдылығының төмендеуі үшін, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз ету үшін техникалық процестерге арналған талаптардың белгіленуі;
жіктелу жүйесінің пайда болуы мен жүргізілуі және техникалық - экономикалық және әлеуметтдк ақпараттардың кодталуы;
мемлекет аралық және мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық бағдарламаның (жобаның), және инфрақұрылымдық кешендердің (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаның қорғалуы, тіршілік ету ортаны бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б.) нормативтік түрде қамтамасыз етілуі;
түтынушыларды номенклатура және өнімнің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметпен қамтамасыз ету үшін каталогизация жүйесінің қүрылуы;
стандарттау әдісімен және құралдарымен Қазақстан Республикасының заң шығару орындарымен бірлесе әрекет етуі;
Стандарттау ғылым және қызмет түрі ретінде стандарттарды жасау процестерінің негізгі заңдылықтарын көрсететін, оның экономиканы басқарудағы қажеттілігін негіздейтін, дамудың тенденциясы мен оның тиімді түрде жүзеге асу жағдайларын анықтайтын белгілі бір бастапқы ережелерде, қағидаларда негізделеді.
Стандарттаудың негізгі принциптері:
келісім;
ашықтық;
еріктілік;
стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер үшін бірдей талаптар;
экономикалық мақсатқа лайықтылық;
Одан басқа стандарттау принциптері:
♦ стандарттау дамуының жүйелілігі және кешенділігі;
♦ стандарттардың динамикалығы және озық дамуы;
♦ өнімнің (қызметтің) қауіпсіздігіне, бірлігіне және өзара ауысуының қамтамасыз етілуіне жағдай жасайтын стандарттардың жасалу
басымдылығы;
♦ үйлесімділік;
♦ стандарттар ережесінің қалыптасу нақтылығы болып табылады.
Келісім принципі барлық мүдделі тараптардың сапаны қамтамасыз ету және өнім, процесс (жұмыс) сондай - ақ қызмет қауіпсіздігі бойынша келісімге жетуге талпынуында айқындалады.
Халықаралық стандарттауда жалпы көптеген мүдделі тараптарда басты мәселелер бойынша келіспеушіліктердің болмауын, барлық тараптардың ойларын ескеруге деген талпынысты және сәйкес келмейтін көзқарастардың жақындастырылуын сипаттайтын, келісім мағынасын беретін консенсус термині қоданылады. Консенсус толықтай ынтымақтың болуын болжамайды.
Стандарттар кез - келкен субъектіге бағынуға дайын болуы тиіс, олар авторлық құжат болып саналмайды. Стандарттың жасалуында онда иелік ететін кез - келген мүдделі адамдар қатыса алады.
Стандарттар саудада техникалық тосқауыл болмауы тиіс.
Оларды жасау кезінде халықаралық стандарттарды, ережелерді, халықаралық ұйымдардың нормалары мен басқа елдердің ұлттық стандарттарын ескеру қажет; олар халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттармен, нормалармен, сондай - ақ талаптармен бірге үйлесуі тиіс.
Стандарт жасалуының мақсатқа лайық болуы сараптау, және оның әлеуметтік, экономикалық және техникалық аспектілерде қажет болуы жолымен анықталады. Тікелей экономикалық тиімділік қорлардың үнемделуіне, техникалық және ақпараттық сәйкестілік сенімділігінің жоғарылауына алып баратын стандарттарды қалыптастырады. Адамдар өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз етеді.
Қайта құрылған стандарттың моральдық тұрғыдан тозбауы үшін, стандартқа болашағы бар талаптардың, және халықаралық, сондай - ақ аймақтық стандарттардың, өзге елдердің озық ұлттық стандарттарының енуімен қамтамасыз етілетін озық дамудың принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.
Стандартқа деген басты талап - оның сертификаттау мақсаттары үшін қажеттілігі болып табылады. Мәтін бойынша нақты ажыратылған міндетті талаптар мен олардың нысанды түрде тексерілуінің әдістерін мазмұндайтын стандарттар, көрсетілген талаптарға жауап береді.
Жүйелілік принципі стандарттаудың әрбір нысанын күрделі жүйенің бөлігі, кешенділік принципі - күрделі жүйенің барлық элементтерінің сиымдылығы ретінде қарастыруын болжайды.
Динамикалық стандарттадың кезеңділікпен тексерілуін, оларға өзгеріс пен кейінге қалдырудың енгізілуін қамтамасыз етеді.
Стандарттар талаптары түсініктерінің нақтылығын қамтамасыз ету үшін олар нақты және анық болуы тиіс.
Әлеуметтік және техникалық - экономикалық мақсаттарға жету үшін, стандарттар белгілі бір қызметтерді орындайды.
Реттеу қызметі - ақылға сыймайтын нысан (өнім, құжат және т.б. номенклатурасы) түрлерін жеңу. Ол жеңілдетілу мен шектелуге келіп тіреледі. Неғұрылым нысан реттелген сайын, соғұрылым қоршаған заттық немесе өзіндік талаптары мен заңцары бар табиғи ортаға жақсы үйлеседі.
Қорғау (әлеуметтік) қызметі - өнім (процесс, жүмыс, қызмет) тұтынушыларын, дайындаушылар мен мемлекетті, техногендік әсерден қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Өркениеттендіретін қызмет - өмір сапасын қүрайтын өнім (процесс, жүмыс, қызмет) сапасының жоғарылауына бағытталған. Мысалы, халық өмірінің ұзақтығы, өз кезегінде елдің даму немесе өркениеттену деңгейіне әсер ете отырып, тұтынушы тауарларына деген нормативтік құжаттардағы қауіпсіздік талаптарының қатаңдығына тікелей байланысты.
Қор сақтандырушы қызмет материалдық, қуаттық, еңбектік және табиғи қорлардың шектелуімен негізделіп, қорлардың шығындалуына арналған шектеулері бар нормативті қүжаттардағы шешімдерде көрініс табады.
Коммуникациялық қызмет адамдардың, оның ішінде мамандардың өзара пікір алысуы мен қызметтік қарым - қатынастарын қамтамасыз етеді. Аталмыш қызмет саудадағы тосқауылдарды жеңуге, сондай - ақ ғылыми - техникалық және экономикалық қызметтестікпен бірлесе жұмыс жасауға бағытталған.
Ақпараттық қызмет қызметтің әртүрлі саласының техникалық және басқару ақпараттарына ие нормативті құжаттар, каталогтар және эталондармен қамтамасыз етілуінде көрініс табады.
Нормалы шығармашылық және құқықты қолдану қызметі талаптардың стандартталу нысаны мен олардың жалпы қолданылуының заңдастырылуында көрініс табады.