- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
Техниканың кез - келген басқа салалары сияқты стандарттау саласындағы қызметтің сәтті болуы үшін де нақты, ғылыми тұрғыдан негізделген терминология қажет. Терминологияның жүйесіздігі мамандардың бір - бірін өзара түсінулерін қиындатады, ортақ әдістемелік қүралдарды жазуға кедергі береді, халық шаруашылығын бақаруға арналған жаңа, есептеуші техниканың енуіне кері әсерін тигізеді.
"Стандарттау" терминінің анықталуы ұзақ эволюциялық жолдан өтті. Адамдардың стандарттау туралы түсініктері ғылым мен техниканың дамуы және өндіріс әдісі мен. түрінің өркендеуі процесінде қалыптасты. Ұлттық халықаралық деңгейдегі экономикалық байланыстардың кеңеюімен бірге аталмыш терминнің нақтылануы стандарттау дамуымен қатар жүзеге асып, оның даму деңгейінің әр кезеңіне әсерін тигізді.
Стандарттау бойынша (ИСО) халықаралық ұйым 1952 жылы стандарттаудың (СТАКО) ғылыми принциптерін зерттеу бойынша Комитет құрды. Оларға халықаралық ұйым тарапынан, стандарттауға тиісті негізгі терминдердің анықталу түсінігін беру туралы міндет қойылды.
СТАКО тарапынан стандарттау, стандарт, мамандану, унификация, функционалды және өлшемді өзара алмастырушылық сияқты маңызды терминдердің анықтамасы дайындалып шығарылды. СТАКО ұсынған осы терминдердің анықтамасы ИСО Кеңесімен қабылданып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесімен белгіленген анықтама негізіне сәйкес келді. ИСО құжаттарында "стандарттау" термині төмендегідей түсінікпен анықталады: "Стандарттау - белгілі бір саладағы реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған ғылым, техника және экономика салаларында қайталантын міндеттерге арналған шешімдерді табудағы қызмет ". Жалпы түсінікте бүл қызмет стандарттарды қолдану, жариялау және дайындау процесінде көрініс табады.
Бүл аныктау стандарттаудың барлық түрлерінен көрініс беріп, оның реттеуге бағытталған белсенді қызметін тек техникада емес, сонымен қатар қызметтің басқа да салаларында сипаттайды.
"Стандарттау" термині Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінде төмендегідей анықталған: "Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты әрекет ететін және потенциалдық міндеттерге қатысты жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет". Стандарттау ғылым, техника және озық тәжірибенің нысанды жетістіктерінде негізделіп, тек қазіргі дамуды ғана емес, сонымен қатар болашақтағы дамуды іске асырып, ғылыми - техникалық дамумен қатар үздіксіз жүзеге асуы тиіс.
Стандарттау әлемнің қай географиялық, экономикалық және саясаттық аймағы стандартты қабылдағанға байланысты әр түрлі деңгейде жүзеге асады.
Стандарттау бойынша жұмыстардың көлеміне байланысты ол халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық бола алады.
Халықаралық стандарттау - бұл кез - келген елдің сәйкес келетін органының қатысуына жол берілетін стандарттау бойынша жұмыстар.
Қатысушы елдердің тікелей, дайындау немесе ұлттық стандарттарды қайта қарау кезінде пайдаланылатын халықаралық стандарттар, халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандар стандарты бойынша қызмет.
Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің бір ғана географиялық, саясаттық немесе экономикалық аймағы елдерінің сәйкес органдары үшін мүмкіндік беретін стандарттау.
Аймақтық және халықаралық стандарттау, халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандарымен жүзеге асырылады.
Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде жүзеге асырыла алады.
Стандарт. Бұл терминнің дұрыс анықталуы маңызды мағынаға ие. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым мынандай анықтамаларды қабылдады: "Стандарт - бұл белгілі салада реттеудің оптималды деңгейіне жетуге бағытталған, сондай - ақ мойындалған орган тарапынан бекітілген консенсус негізінде жасалған нормативті құжат (терминнің анықтамасы ИСО2/МЭКД991 Басшылығы келісімімен берілген)."
Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңына сәйкес стандарт - ереженің жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған қызметінің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жалпы принциптер мен сипаттамалар белгіленетін екі жақты мүдделердің негізінде дайындалған құжат.
Стандарт ғылыми зерттеулердің жалпылама нәтижелерінде, техникалық жетістіктерде және тәжірибрде негізделуі тиіс, сонда оның пайдаланылуы қоғам үшін оптималды пайда әкеледі.
Стандарттау бойынша нормативті құжат - бүл стандарттау немесе оның нәтижелері бойынша әр түрлі қызмет түрлеріне қатысты норма, сипаттама, принциптер мен ережелерді белгілейтін құжат.
Стандарттау жүйесі - бұл өнімге, процеске, жұмысқа және қызметтерге деген талаптарды белгілейтін стандарттау мен нормативті құжаттар қатысушыларының жиынтығы.