Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МСС каз.doc
Скачиваний:
183
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
697.34 Кб
Скачать

5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау

Сертификаттау аймағында ISO-ның қызметі

ISO-ның сертификаттау саласындағы негізгі қызметі – ұйымдық -әдістемелік қамтамасыз ету. 1985 жылға дейін бұл жұмыстармен Сертификаттау Комитеті (СЕРТИКО) шұғылданған, ал 1985 жылдан бастап қызмет аймағы кеңею себебінен оның аталуы Сапа және сертификаттау жөніндегі комитет (КАСКО) болды.

СЕРТИКО-ның МЭКпен, Халықаралық сауда орталықпен, сауда және даму туралы ООН Конференциясымен (ЮНКТАД) және ГАТТ/ВТО мен бірге қосылып «Сертификаттау». Принциптер және тәжірибе» деген арнайы зерттеу материалдарының шығармасы негізгі жиын жұмыстары болып табылды. ISO дайындығын Сертификаттау жөніндегі Бірыңғай ұйымдық - әдістемелік құжаттар, сертификаттау жұмыстарын үндестіруге көмектеседі. Сертификаттау жүйелері жоқ мемлекеттерге әдістемелік жағынан ИСО-ның көмегі өте зор.

КАСКО жұмыстарына 50 шақты мемлекеттер қатысады, ал Қазақстанды ҚР Мемстандартты ұсынады. Комитет қызметтерінің негізгі бағыттары:

- әр түрлі мемлекеттердің өнім және сапаны қамтамасыз етуі жүйелерінің қойылған талаптарға сәйкестіктерін бағалау әдістерін зерттеу;

- сынауға, инспекциялық бақылауға және өнім сертификаттауға, процестерге, қызметтерге, сонымен қатар сынау лабораториялардың қызметіне және бағалауына, сертификаттау органдарына және сапа қамтамасыз етуі жүйелеріне қатысты ұсыныстарды дайындау;

- ұлттық және аймақтық сапа қамтамасыз етуі жүйелерін өзара мойындауға және қабыл алуына, сонымен қатар сынау, бақылау, сертификаттау, сапа жүйелері және т.б. жұмыстарға халықаралық стандарттарды қолдануына көмектесу.

ХЭК электр техникалық бұйымдарының сертификаттау халықаралық жүйесі (МЭКСЭ)

Электржабдықтары қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін сынау жөніндегі ХЭК-тың халықаралық жүйесі – ХЭКЭС (МЭКСЭ) 1985 жылы құрылған және 34 мемлекетті біріктіреді.

Жүйенің мақсаты - электротехника саласына қатысы жоқ қарапайым тұтынушылар пайдаланатын электр жабдықтарды сатумен айналысатын халықаралық саудаларға көмектесу.

Өнімдердің сондай руына электр тұрмыстық (электрондық және электротехникалық) бұйымдардың көп түрлері жатады: тұрмыстық электрожабдық, желілік электрондық аспап, жарық техникалық тауарлар, дәрігерлік электроаппаратурасы, электрондық - есептеуіш техника, офистердің электржабдықтары және т.б. Сондай бұйымдарды қауіпсіздікке сертификаттау туралы барлық әлем елдерінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңдарында ескерілген.

Еуропалық Одағы (ЕО) сертификаттау

1989 жылы Еуропалық Одағында сәйкестікті бағалау жөніндегі ережелерді үндестіру туралы глобальды концепциясы қабылданды.

Нұсқауларға байланысты әзірлеушілер өздері сәйкестікті бағалауға мүмкін. Бағалау нәтижесінде олар мәлімдеме - декларацияны толтырып тауарға белгілі таңба (4-сурет) кою арқылы тауар нұсқаудағы талаптарына сәйкестігін куәландырады.

4-сурет. ЕО нұсқауына сәйкестік белгісі

«Жаңа» нұсқаулардың ішіне кірген қауіпсіздік жөніндегі үйлестірілген талаптар өнім тіршілік циклының айқын сатыларына: жобалауға, өндіріске, қолдануға сәйкестірілген. Нұсқауды ұзақ уақытқа дейін өңдеуге мұқтаждық болмауы үшін, олардың ішіне жалпы талаптарды кіргізеді, ал көбірек толығы, жекелерді стандарттарға шығару болып табылады.

«Жаңа» нұсқаулар «ескілерден» құрылым бойынша да ерекшеленеді. Олардың ішінде құқықтық және техникалық бөлімдері мен сәйкестікті бағалау жүйесінің принциптері және стандарттарға қатысты сілтемелер көрсетіледі. Осы күй бойынша, міндетті емес жаңа нұсқаулардың ішіндегі көрсетілген еуропалық стандарттар, саудаға түсетін өнімді өзінің талаптарына сай сәйкестікті кедергісіз қамтамасыздандырады.

ЕО сапа аймағындағы саясаттың негізгі мақсаттарын анықтайды:

- ішкі және сыртқы саудада еуропалық фирмалардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату;

- бірыңғай сауданың техникалық негізін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамуы;

- жабдықтаушылардың және тұтынушылардың серіктігін нығайту;

- еңбектің сапасы мен тиімділігінің нәтижесін жоғарылату;

- Европадағы өнеркәсіптің потенциалын көбейту.

ЕО-ғы сертификаттау өнім сапасын басқару аймағына терең түрде кірді. Қазіргі кездегі батыс еуропадағы мемлекеттердің өнеркәсіптері сапа жүйесін ИСО 9000 стандартына сәйкес сертификаттауды жүргізіп, жоғарғы сатыға өтіп TQM жүйесін игеруде.

ТМД-ғы сертификаттау.

Сертификаттау жөніндегі жұмыс бағыттарын анықтайтын негізгі құжат 1992 жылы қабылданған «Стандарттау, метрология және сертификаттау саладағы келісімді саясатын жүргізу келісімі» болып табылады. Бұл Келісімнің қағидалары бойынша және ISO/МЭК-тің басшылығымен және осы саладағы жиналған тәжірибе негізінде ТМД мемлекеттері өздерінің ұлттық сертификаттау жүйесін құрады.

ТМД мемлекеттерінің дайындығы біркелкі еместігіне байланысты өзара мойындау жөніндегі көп тараптық келісімдерді бекітуге дайын емес, сондықтан қазіргі кезде екі тарапты келісімдер бекітілген. Мысалы, ҚР-сы Ресеймен, Белорусьпен, Молдовамен және Украинамен екі тарапты келісім белгіленген.

Сертификаттаудың негізгі бағыты өзара жеткізетін өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал бұл ұлттық сертификаттау жүйелерін өзара мойындауға тікелей байланысты.

ТМД мемлекеттерінде әр түрлі сәйкестік белгілері қабылданған (5 сурет). Келтірілген суреттерде көрініп тұрғандай, ТМД елдерінде белгілерді жасау және тағайындау әдістері әр түрлі болып келеді. Сертификаттау саласындағы ынтымақтастықтың одан ары дамуы белгілердің қолдану жалпы принциптерін қабылдауға мүмкіндік туғызады. Бұл белгілердің негізгі мақсаты - тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпараттарды тұтынушыға білдіру.

ҚАЗАҚСТАН

Егер сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына және мемлекеттің заңдылық актілерімен бекітілген міндетті сертификаттау талапта-рына сәйкес болса онда осы белгі қолданылады.

Егер сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың мін-детті талаптарына немесе серти-фикаттау органы мен мәлімдеуші арасындағы келісім шарт бойын-ша нормативтік құжатқа сәйкес болса онда осы белгі қолда-нылады.

УКРАИНА

Егер сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың барлық міндетті талаптарына немесе бар-лық міндетті және кейбір басқа да талаптарына сәйкес болса онда осы белгі қолданылады.

Егер сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың бар-лық міндетті және барлық басқа да талаптарына сәйкес болса онда осы белгі қолданылады.

5-сурет. ТМД мемлекеттердің ұлттық сертификаттау жүйесінің сәйкестік белгісі

Әдебиеттер тізімі

Горбачев Э.Н., Козлов В.В., Круглова Е.Д. Контроль качества продукции. – М.: Издательство стандартов, 1987.

Единый европейский рынок и новые тенденции в управлении качеством. Роль и задачи международных и европейских организаций: ИСО, МЭК, ИЛАК, ЕСИС, ЕОК, ЕФУК (аналитический обзор). – М.: Издательство ВНИИС, 1995.

Журнал «Стандарты и качество».

Республиканский научно – информационный журнал «Новости Госстандарта»

Исаев И.И. Управление качеством и сертификация продукции: Учебное пособие. – Санкт – Петербург: Издательский центр СПб Гмту, 1994.

Исикава К. Японские методы управления качеством. – М.: Экономика, 1988.

Коммерческое товароведение и экспертиза: Учебное пособие для вузов /Г.А. Васильев, Л.А. Ибрагимов, Н.А, Нагапетьянц и др. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997.

Крылова Г.Д. Основы стандартизаци, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. 2-е издание. – М.: ЮНИТИ, 2000.

Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. – М.: Юрайт, 2000.

Материалы Европейского съезда по качеству. 21-23 октября 1998 года.

Менеджмент / Под редакцией Ю.В. Кузнецова, В.И. Подлесных: Учебное пособие. – Санкт – Петербург: Издательский дом «Бизнес – прогресс», 2001.

Окрепилов В.В. Управление качеством: Учебник для вузов. 2-е издание, доп. И перераб. – М.: ОАО. Издательство Экономика, 1998.

Основы стандартизации / Под. Редакцией В.В. Ткаченко: Учебник. – М.: Издательство стандартов, 1986.

Сероштан М.В., Михеева Е.Н. Качество непродоволственных товаров: Учебное пособие. – М.: Издательство дом «Дашков и К0», 2000.

Управление качеством / Под редакцией С.Д. Ильенковой: Учебник. – М.: ЮНИТИ, 1999.

Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии.

– М.: ЮНИТИ, 2000.

2. Шишкин И.Ф. Метрология, стандартизация и управление качеством. – М.: Издательство стандартов, 1990.

3. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. -М.: , 2001.

Уголев В.С., Чичеров В.Л. Стандартизация в нефтяной промыш-ленности. – М.: Недра, 1991.

Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1985.

Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. -М.: Логос, 2002.

Якушев И.А., Воронцов Л.Н., Федотов Н.М. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. -М.: Машиностроение, 1987.

Маркин Н.С. Практикум по метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1994.

ҚР «Стандарттау туралы» заң. -Астана, 1999.

ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң. - Астана, 2000.

ҚР «Сертификаттау туралы» заң. - Астана, 1999.

ҚР СТ 1.0-2000, ҚР СТ 1.2-98, ҚР СТ 1.3-2000, ҚР СТ 1.4-99, ҚР СТ 1.5-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі.

ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.3-2001, ҚР СТ 2.4-2000, ҚР СТ 2.6-99, ҚР СТ 2.9-2000, ҚР СТ 2.11-2000, СТ 2.12-2000, ҚР СТ 2.15-2000, ҚР СТ 2.21-2001, ҚР СТ 2.30-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі.

ҚР СТ 3.0-2001, ҚР СТ 3.1-2001, ҚР СТ 3.5-96, ҚР СТ 3.9-97, ҚР СТ 3.11-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификат-тау жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]