- •Қазақстан республикасының
- •1. Стандарттау негіздері
- •1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер
- •1.2 Стандарттау саласындағы түсінік негіздері
- •1.3. Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және
- •1.4 Стандарттау әдістері
- •1.5 Стандарттаудың нысандары және саласы
- •2. Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы мемлекетаралық стандарттау
- •3. Халықаралық және аймақтық стандарттау
- •3.1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (исо)
- •3.2 Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк)
- •3.3 Стандарттау бойынша жұмыстарға халықаралық ұйымдардың
- •3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар
- •4. Метрология негіздері
- •4.1 Метрологияның мазмұны мен мағынасы
- •4.2. Метрологияның ториялық негіздері
- •4.3. Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету. Өлшеу әдістері мен жабдықтар
- •4.4. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің негіздері
- •4.5. Шет мемлекеттегі метрология, халықаралық және аймақтық метрология ұйымдары
- •4.6. Өзара ауыстырымдылық
- •5. Сертификаттау негіздері
- •5.1. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны
- •5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері
- •5.3. Шет мемлекеттердің сертификаттауы
- •5.4. Халықаралық және аймақтық сертификаттау
- •Мазмұны
4.6. Өзара ауыстырымдылық
Өзара ауыстырымдылық дегеніміз – бұйымдардың (машиналардың, аспаптардың, механизмдердің және т.б.), олардың бөліктерінің және басқа түрдегі заттардың (шикізат, материалдар, шала өнім және т.б.) бір-бірімен ауыстырып алмасуға болатын қасиеттілігі.
Көбінесе өндірісте толық өзара ауыстырымдылықты кеңінен қолданады, яғни машина тетіктерін құрастыру кезінде олар бір бірімен толық сәйкес келеді. Кейбір жағдайларда пайдалану талаптарын қамтамасыз ету үшін тетіктердің және құрылым бөлшектерінің дәлдіктері өте жоғары болуы мүмкін. Бұл дәлдікті өндірісте қамту технологиялық жағынан өте қиын және экономика жағынан тиімсіз. Мұндай жағдайда талап етілген құрастыру дәлдігін қамтамасыз ету үшін: тетіктерді сәйкес топтарға бөліп құрастырады (селективті құрастыру); түрлі компенсаторларды қолданады; реттеу, келтіру және басқа қосымша техникалық әдістерді пайдаланады. Бұл әдістердің барлығы толық емес өзара ауыстырымдылыққа жатады.
Халықаралық ISO (International Organization for Standartization) және шақтамалары мен қондырмалардың бірыңғай жүйелеріне (ШҚБЖ) сәйкес, мемлекет аралық стандарттарда МЕСТ 25346-82, МЕСТ 25347-82 мәндері 500мм дейін, 500мм-ден 3150-ге дейін және 3150-ден 1000 мм-ге дейін диапазондарда жатқан өлшемдердің шақтамалары мен қондырғылары берілген.
Өлшемдердің номиналды, нақты және шекті түрлерін ажыратады.
Номиналдық өлшем – осы өлшемнен бастап ауытқуларды есептеп шекті өлшемдерді анықтайды. Номиналды өлшемдерді беріктік пен қатаңдылықтың есебімен анықтайды, сондай-ақ тетіктердің геометриялық сырт пішінін жетілдіру және олардың құрылым технологиялылығын қамтамасыз ету мақсатымен таңдайды.
Нақты өлшемдер – мүмкіндік қателікпен өлшеу арқылы табылған өлшемдер. Бұл терминді енгізген себебі – қажетті талап етілген тетік өлшемінің абсолютті дәл сан мәнін жасау мүмкін емес және оны өлшеу кезінде де қателік жіберіледі.
Шекті өлшемдер – екі шекті мүмкіндік өлшемдер, жарамды тетіктің нақты өлшемі осы өлшемдердің арасында немесе оларға тең болуы керек.
Шақтама дегеніміз – кез келген параметрлердің ең үлкен және ең кіші мүмкіндік мәндерінің айырмасы.
Тесік

0
0
Білік
do
8-сурет. Тесік пен біліктің шақтама өрісі орналасу сұлбасы
Өлшемнің шақтамасы – бұл ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің немесе жоғары және төменгі ауытқуларының алгебралық айырмасының абсолюттік мәні. Шақтаманы график арқылы шақтама өрісі түрімен көрсетуге болады (8 сурет).
Қондырма дегеніміз – бұл жанасатын тетіктердің қосылыс түрлерінің сипаттамасы, жанасу беттерінің арасындағы пайда болатын керіліс немесе саңылаудың мәндерімен анықталады.
Тесік және біліктің шақтама өрістерінің өзара орналасуына байланысты қондырманың саңылаулы, ауыспалы және керілісті түрлері болады.
Саңылаулы қондырма – бұл қондырмада тетіктердің қосылысы кезінде саңылау пайда болады (тесіктің шақтама өрісі біліктің шақтама өрісінен жоғары орналасады), сондай-ақ саңылаудың ең кіші мәні нөлге тең болады.
Керілісті қондырма – бұл қондырмада тетіктердің қосылысы кезінде керіліс пайда болады (тесіктің шақтама өрісі біліктің шақтама өрісінен төмен орналасады).
Ауыспалы қондырма – бұл қондыруда тетіктердің қосылысы кезінде саңылау немесе керіліс пайда болуы мүмкін (тесіктің және біліктің шақтама өрістері өзара беттеседі).
Қондырмаларды
мына түрде белгілейді, мысалы: 20Н7/к6;
20Н7-к6; 20
,
мұнда 20 - тесік пен біліктің номиналдық
өлшемі, мм; Н -тесіктің негізгі ауытқуы;
к - біліктің негізгі ауытқуы; 7,6 - дәлдік
квалитеттері.
